DataLife Engine / Естеу Нүсіпбеков (1933 – 2006)

Естеу Нүсіпбеков (1933 – 2006)

• 1933 жылы 25 ақпанда ҚХР, Іле аймағы Текес ауданының, Шолақмыс өзені сағасында орта шаруа отбасында дүниеге келген.
• 1941 – 1945 жылдары Мұңғұлкүре ауданында Аяққарасу бастауыш мектебін бітірген.
• 1946 – 1948 жылдары Құлжаның Ұлттар гимназиясында оқиды.
• 1948 жылы Ұлттар гимназиясы орта дәрежелі мамандар дайындайтын Білім Жұртына ауысып, жоғарғы сұрыптауда өтіп, педагогикалық сыныпқа бөлінеді.
• 1951 жылдың ақпанынан 1952 жылдың ақпанына дейін №2 Қыздар гимназиясында, 1952 жылдың ақпанынан 1954 жылдың сәуіріне дейін №2 Педагогикалық мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
• 1954 жылы 1 сәуірінен 1956 жылдың наурызына дейін Шыңжан Халық баспасының оқулықтар бөлімінде редактор, оқулық құрастырушы болып қызмет істейді. Сол жылы Кеңес Одағынан көмекке келген маман, жазушы Жәрдем Тілековпен бірге еңбек етті.
• 1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың бірінші съезіне қатысқан. Осы жылы Лушин атындағы әдебиет институтының жеделдетілген курсын оқып бітірген. Атақты қазақ жазушысы Сәбит Мұқановпен де осында кездесіп сұхбаттасқан.
• 1956 жылдың қыркүйегінен Шыңжан Жазушылар Одағына, «Шұғыла» журналы редакциясына қызметке ауысады. Алғашында сын бөлімінің, кейін редакцияның меңгерушісі болады.
• 1957 жылы шілде айында өткен бірінші құрылтайына қатысып, Шыңжан Жазушылар Одағына мүшелікке өтеді. Осы жиында Орта Азиядағы 5 республиканың Ғабит Мүсірепов бастаған атақты жазушыларымен кездеседі. Осы жылы «Арман» атты өлеңдер жинағы шықты.
• 1957-1959 жылдары өлеңдері, зерттеу мақалалары қазақ басылымдары «Шыңжан газеті», «Іле газеті», «Шұғыла» журналы беттерінде жиі жарияланды. Топтама өлеңдері «Жеңіс жырлары», «Тарту» атты ұжымдық жинақтарға енді. Сол жылы Халық баспасынан «Әдебиеттік оқулық» атты екі кітабы басылып шықты.
• 1959-1960 жылдары солақай саясаттың кесірінен, «тар жол тайғақ кешуді» бастан кешіреді.
• 1960 жылдың бас кезінде ақталып өз қызметіне қайта алынады.
• 1961 жылы сәуірде атамекенге оралып, сол жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түсіп, 1966 жылы бітіріп шықты.
• 1966 жылғы қыркүйекте Нарынқол ауданына жолдамамен барып, Қайнар ауылындағы орта мектепте мұғалім, артынан оқу ісінің меңгерушісі болады.
• 1968 жылы қарашадан аудандық партия комитетінің шешімімен «Советтік шекара» газетіне бөлім меңгерушісі болып орналасты.
• 1971 жылғы қыркүйектен тағы да аупартком шешімімен Қайнар ауылындағы орта мектепке директор болып тағайындалды.
• 1975-1990 жылдары Алматы облысы, Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.
• 1990-1995 жылдары Алматы облысы, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болып еңбек етті.
• 1995 жылы желтоқсанда құрметті демалысқа шықты.
• 2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Кешіккен сый» атты өлең-дастандары жарық көрді.
• 2001жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
• 2004 жылы «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
• 2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан Алматыда «Ақ бұлағы жанымның» атты өлең, поэмалары жарық көрді.
• 2006 жылы Алматы облыстық ақын-жазушылар степендиасының жүлдегері болды.

2006 жылы дүниеден озды…..

• 2007 жылы сәуір айында Алматы облысты, Есік қаласындағы Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте Естеу Нүсіпбеков атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды.
• 2007 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан көп томдық шығармаларының «Ақсамала айналам» атты 1-томы жарық көрді.
• 2008 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан көп томдық шығармаларының «Қолтаңба» атты 2-томы жарық көрді.

Естеудің өз қолымен жазған толық өмірбаяны

Мен, Естеу Нүсіпбеков Сабырбекұлы, 1933 жылы 25 ақпанда Қытай жерінде, Іле аймағы Текес ауданының Шолақмыс өзені сағасында Қазақстандағы зорлықпен ұжымдастырудың зардабынан қашып келген орта шаруа отбасында туылыппын. Туған шешем Қайыпжамал Исақызының төркіндері албан қоңырбөрік ішіндегі қарақұл руынан екен. Олар сонау 16-жылғы үркін кезінде барып, сонда қалып қалған. 1931 жылы атамыз Нүсіпбектің өз кіндігінен тараған үш жанұя нағашымыз Исаның ауылына ықтаған ғой. Ағайынды Мамырбек, Сабырбек, Алмабек — үшеуі салтаң барып Көксудың сағасынан алтын шайқағандармен бірге еңбек етіп, ес жиыпты. Аяз бен судың зардабынан шығар, Мамырбек жәкем өкпесі қабынып, мен туған күндері 30 жасында қайтыс болыпты. Жас қайраттың қазасы қайғысымен әбігерлікте жүріп, ол кісінің қырқы өткенше маған ат қойылмапты, бесікке де салынбаппын. Жәкемнің қырқын берген күні бұл жағдайды жұрт есіне әжем Шөлеке салыпты. Қырық күн бойы естеусіз қалған сәбиді Құдай тағала да естеусіз ұзақ жасатса екен деп тілеп, атам маған Естеусіз деген есім беріпті.

1941 жылы Мұңғұлкүре ауданында Аяққарасу бастауыш мектебіне оқуға бардым. Мектеп меңгерушісі Толыбай Исаұлы ағай мені қабылдап, журналға Естеу деген есіммен жазды. Мен оған дейін де атымның қалай жазылатынын білетінмін. Толыбай ағаның толық жазбағанын дереу есіне салдым. Ағай қунақы күлді де, «-сіз деген қосымшаны кейін құрметті азамат болған кезіңде қостырарсың. Қазірше Естеу дегеннің өзі әрі әсем, әрі қысқа, әрі ешкімде жоқ. Журналда осылай тұрғаны жақсы емес пе?!» деді. Мен әкеме қарадым. Ол кісі Төкеңді мойындағандығын сездіріп, үндемеді. Әкем үндемеген соң мен де үндемедім. Сонымен мектептегі өмірім Естеу есімімен қалыптасты. Атам, әжем, үлкен апамдар қайтыс болғаннан кейін, Естеусіз деп атайтын да ешкім қалмады.

Бастауыш мектепті 1945 жылы бітірдім. Шығыс Түркістан төңкерісі тұсында мұғалімдеріміз әскерге алынуына байланысты сабақтарымыз тоқтап қалды. Үй шаруасымен, мал бағып, егін орып, шөп шабумен айналыстық. Ішінара ұлттық армияға жем-шөп тасумен де айналыстық.

1946 жылы төртінші сыныпты қайталап оқуды енді бастағанымда Құлжаның Ұлттар гимназиясы емтиханына шақырылдым. Аудан орталығындағы іріктеуден де, гимназияға барғаннан кейінгі сұрыптаудан да аман өттім. Онда екі жыл оқыдым.

1948 жылы Ұлттар гимназиямыз орта дәрежелі мамандар дайындайтын Білім Жұртына ауысты. Бұл жолғы сұрыптауда педогогикалық сыныпқа бөліндім. Бұл бөлімді бітіруіме бес ай қалған кезде өлкелік Оқу Департаментінің бұйрығымен Үрімжі қаласына шақыртылдым. 1951 жылдың ақпанынан 1952 жылдың ақпанына дейін №2 Қыздар гимназиясында, 1952 жылдың ақпанынан 1954 жылдың сәуіріне дейін №2 Педагогикалық мектепте қазақ тіл-әдебиетінің мұғалімі болдым.

1954 жылы 1 сәуірден кейін 1956 жылдың наурызына дейін Шиңжаң Халық баспасының оқулықтар бөлімінде редактор, оқулық құрастырушы болып істедім. Кеңес Одағынан көмекке келген маман, жазушы Жәрдем Тілековтен тікелей практикалық сабақтар алып, тәжірибеде шыңдалғаным да осы тұс.

1956 жылы наурызда Пекинде өткен Бүкілқытайлық жас жазушылардың бірінші съезіне қатыстым. Шығыс-Солтүстік Қытайдың бес өлкесін экскурцияладым. Лушин атындағы әдебиет институтының жеделдетілген курсын оқып бітірдім. Атақты қазақ жазушысы Сәбит Мұқановпен осында кездесіп сұхбаттастым.Осы оқудан қайтқаннан кейін 1956 жылдың қыркүйегінен Шиңжаң Жазушылар Одағына, «Шұғыла» журналы редакциясына қызметке ауыстым. Әуелінде сын бөлімінің, кейін редакцияның меңгерушісі болдым. 1957 жылы шілде айында өткен бірінші құрылтайына қатысып, Шиңжаң Жазушылар Одағына мүшелікке өттім. Осы жиында Орта Азиядағы 5 республиканың Ғабит Мүсірепов бастаған атақты жазушыларымен кездестім. Кеңестік Қазақстан әдебиеті алыптарының бірі Ғабеңнің аузынан «Арманың не қаңтар өстіп өтсе игі» атты менің өлеңім, оның тіл шеберлігін меңгеру жолындағы сәттілігі жөніндегі ыстық ықыласты лебізін естідім. Дуалы ауыз, талғамды білгірдің осы лебізі менімен қоса Мәди Әбдрахманов, Әлімжан Қатбаев, Тоқтарқан Жекібаев тәрізді теңтүс қаламдастарды да қанаттандыра, шабыттандыра түскені есімде.

1954-1959 жылдары менің өлеңдерім, зерттеу мақалаларым қазақ басылымдары «Шиңжаң газеті», «Іле газеті», «Шұғыла» журналы беттерінде жиі жарияланды. Топтама өлеңдерім «Жеңіс жырлары», «Тарту» атты ұжымдық жинақтарға енді. 1957 жылы Жастар баспасынан «Арман» атты жеке өлеңдер жинағым жарық көрді. Сол жылы Халық баспасынан үш жыл кезек күтіп жатқан «Әдебиеттік оқулық» атты екі кітабым арт-артынан басылып шықты. Бұл – Шиңжаң тарихындағы тұңғыш оқулықтар еді. Оның авторлығы маған бұйырылғаны да таңғажайып дүние емес пе !

1959-1960 жылдары жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күрес науқандары кезінде асыра сілтеуші солақайлықтың содырлы таяқтары астынан да өттім. Қалам қызметінен шеттетіліп темір жол құрылысының, коммуналы ауылдардың қара жұмысына да салындым. Жас жігерімнің, денсаулығымның, бала кезімнен еңбекке үйренуімнің арқасында мұндай ауыр сындардан да абыроймен өттім. Қасақана қиястықпен екі рет төмендетіліп, екеуінде де ақ жүзділікпен бұрыңғы қызметіме қайта оралдым.

1961 жылы сәуірде атамекенге оралдым. Сол жылы ҚазМУ-дың филология факультетіне оқуға түстім. Жасымның ұлғайғанына, баспанасыздығыма қарамастан, төрт жыл ішінде 18 пәтер ауыстыра жүріп, бұл оқуды 1966 жылы бітіріп шықтым. Университет дипломын аларда профессор Мәулен Балақаев ағамыз Ленинград университетінің араб тілі факультетіне аспирантураға оқуға баруды ұсынды. Шешім де шығартты. Бұл менің екі балалы болған, жұбайым Зияданың денсаулығы әбден нашарлаған, және Көртоғай тасқынынан зақымданып шыққан кезім болатын. Демеушілік жасайтын да ешкімімнің жоқ кезі . Содан да Мәулен ағаның ұсынысын аяқсыз қалдырдым. Алматыдан қызмет таппай, алыс Нарынқол ауданына жолдамамен кете бардым.

1966 жыл қыркүйектен Нарынқол ауданы, Қайнар ауылындағы орта мектепте әуелінде мұғалім, артынан оқу ісінің меңгерушісі болдым.

1968 жылы қарашадан аудандық партия комитетінің шешімімен «Советтік шекара» газетіне бөлім меңгерушісі болып бардым. Кеңестік құрылыстың, оның адамдарының шынайы келбетін осы кезде жете таныдым, қалам қуатым да осы кезде төселді. «Ой жетерлік өңірге, Көз жетеді бұл дөңнен. Құлақ күйі бұраулы Домбырадай бұл кеудем.» деген жолдарды қағазға түсіргенім де сол тұс. Шығармашылығымда шынында да бұрыңғымнан биігірек дөңге көтерілгенімді зерттеушілерім де сезер деймін.

1971 жылғы қыркүйектен тағы да аупартком шешімімен Қайнар ауылындағы орта мектепке директор болып тағайындалдым.

1975-1990 жылдары Есік қаласындағы А.Мәлкеев атындағы мектеп-интернатта, 1990-1995 жылдары Р.Тоқатаев атындағы қазақ орта мектебінде оқытушы болдым. 1995 жылы желтоқсанда зейнетке шықтым. Содан бері бірыңғай шығармашылықтамын. 2001 жылы Астанада «Елорда» баспасынан «Кешіккен сый» атты көлемді өлең-дастандарым жарық көрді. Жинақ қалың оқырманнан, дуалы ауыз ақын-жазушылардан қазіргі қазақ поэзиясына кәделі үлес болып қосылды деген бағасын алды. Мені Қазақстан Жазушылар Одағы қатарына қабылдатты. Қазір «Елорда», «Өнер» баспаларында «Ақ бұлағы жанымның» және «Бес дастан» жинақтарым кезекте тұр. Өз қорымда әдеби зерттеулерімнің, естеліктерімнің екі томдық дүниелері сақталуда.

Жұбайым Зияда Бабаева Рахметоллақызы екеуміз 2 ұл, 3 қыз өсірдік, 9 немереміз бар. Үлкеніміз Ержан компьютер инженер-бағдарламашысы. Келініміз Мұхсина тіл-әдебиеті мұғалімі, олардың екі қыз, бір ұлы бар. Үлкендері оныншы, кішілері бірінші сыныпта. Маржанымыз да жоғары санатты ұстаз, ұлы оныншыда. Айжан да төселген есепші-аудит, екі қызының үлкені төртінші, кішісі бірінші сыныпта озат оқиды, Күйеуі Омар ағаштан түйме оятын дерлік шебер. Қарақат та жоғары білімді экономист, үш қызы бар. Қазір нәрестелерімен үйде отыр. Серігі Қайрат менеджер. Кенжеміз Серікжан азық-түлік өнеркәсібінің технологы мамандығы бойынша Түркияда үшінші курста оқып жатыр.

Құдай бұйырса, әлі де талай іс бітірермін деген көтеріңкі көңіл күйдемін.
2003 жыл, 27 сәуір
13.06.2014
Вернуться назад