DataLife Engine / Жәркен Бөдешұлы (1944)

Жәркен Бөдешұлы (1944)

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда дүниеге келген. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос– Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.


Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.


Шығармалары: Көкше құрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979; Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984; Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэмапортреттер. А., «Жалын», 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001; Бөрінің асығы. А., «Жазушы», 2005; Бұрылыс. А., «Сөздіксловарь», 2007.
14.03.2014
Вернуться назад