Балабақша сабақ жоспары


Ойыншықтар сыры ойыны

Сабақтың мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту.
Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.
Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Сандар әлеміне саяхат ойыны

Сабақтың мақсаты: 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту. Сандарды басқа сөздермен байланыстыра қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, тез ойлап, қазақ тілінде дұрыс жауап бере алуға үйрету. Балалардың танымдық және логикалық білімдерін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта мен қаламы, доп, текшелер.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пиктограммамен жұмыс (мнемотехнология), интерактивті флипчарт-ойын түрлері, дидактикалық-қимылдық ойыны......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Біздің сүйікті ойыншықтарымыз ойыны

Сабақтың мақсаты: Балаларды сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке баулу,ойыншықтарды күтіп баптауға тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Ұлттық киім киген қуыршақ, сәукеле музыкалық кітапша,ойыншықтар,сиқырлы қорапша.
Сабақ барысы: Балалар залға кіріп,дөңгелене тұрады,қонақтармен амандасады.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Заттарды санау ойыны

Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі : заттарды рет-ретімен, түсімен, топтастыра санап үйрету.
ә) дамытушылығы: балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын ,есте сақтау қабілетін дамыту
б) тәрбиелігі: жауапкершілікке, шапшандылыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1/ Балалармен амандасу.
2/ Балалардың сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлату......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жаңа жыл мерекесі

Жүргізуші: Міне, көптен күткен жаңа жыл босаған аттағалы тұр. Келе жатқан жаңа 2013 жылан жылы әрбір шаңыраққа шаттық пен береке әкелсін. Зор денсаулық, еліміздің жақсы азаматы мен азаматшасы болып өсіндер! Жаңа жыл көп куаныш әкелсін, бүгінгі шырша мерекесі сендерге жақсы әсер қалдырсын, деп тілейміз. Ал, енді, құттықтау сөз мектеп директоры Ш. Т. Қожахановаға беріледі. Құттықтау сөз ата аналарға беріледі.
Бүгінгі біздің мерекеміздің демеушілері - ата аналар.
Жүргізуші: Балалар, біз қандай мерекеге келдік?
- Жаңа жыл.
Жүргізуші: Кәнеки, шеңберге тұрып, шырша әнін орындайық.
Балалар шырша әнін орындайды.
Сахнаға Мыстан кемпір кіріп келеді.
Мыстан: Ой, қандай әдемі, қандай биік шырша. Мына шыршаны алып кетсем қайтеді. Мынау алынбайды ғой өзі, жарайды керек емес. Ой, мынау қандай әдемі қуыршақ, алып кетіп жесем бе? Жарайды керек емессің. Қойшы, жолдан шаршадым, біраз тынығып алайын. (Жерге отырып, сөмкесін ақтарады) Балалар, мынау сынған ойыншық керек пе? Жарайды, мен оны Аяз атаға сыйлаймын. Мен жаңа келе жатсам, мына етікті тауып алдым. Бұл сендердікі емес пе? (Сол кезде ол бала етігін танып қояды.) Өлең айт, сосын аласың. Мен жұмбақ жасырайын, кім шешеді соған сыйлық кәмпит беремін......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Келді міне Жаңа Жыл

Мақсаты: Балаларды «Жаңа Жыл» мерекесімен таныстыру. Орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру; балалардың көңіл-күйін көтеру; балаларды ұғымды әңгімелерге қатыстыру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу; өлендерді, тақпақтарды еске сақтауға үйрету; балаларды достыққа үйрету.
Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.
Аяз ата әні.
Жүргізуші: Жақсы, балалар. Ал, енді, айтындаршы, балалар. Жаңа Жылдың сәні не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шышрамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар.
Шырша әні. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жаңа жыл

Мақсаты: Балаларға жыл басы туралы түсінік беру. Балалардың тілдік қорын байыту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге, ұжыммен бірге болуға дағдыландыру. Еңбексүйгіштікке,әсемділікке,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: Жаңа жыл мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге,аялауға,еңбек етуге үйрету,тәрбие беру. Жаңа жыл мерекесіндегі өзгерістер жайлы түсініктерін молайту.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян.
Жүргізуші:Армысындар, ағайын!
Бармысыздар,ағайын!
Сіздерді жаңа 2013жылымен құтықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!
Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады.
Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады. Артынан түлкі қуа жөнеледі. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Мақсаты: Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге,адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туғанжеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
(Күй әуені күмбірлеп тұр)
Көрініс
Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 23-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бал алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. апаларымызбен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 21 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіздік күні

Мақсаты: Балалардың тілдік қорларын байыту. Патриоттық сезімдерін ояту. Мерекеде өзін еркін ұстай білуге тәрбиелеуге,ұжыммен бірге болуға дағдыландыру.
Білімділік: Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар: Мысық, Қуыршақ.
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар. «Құлпынай» тобының «Тәуелсіздік» мерекесіне қош келдіңіздер.
-Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстан республикасында
-Қандай рәміздеріміз бар?
Ту, елтаңба, әнұран
-Елбасымыз кім?
-Н. Назарбаев
Әнұран:
Тақпақ: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.
Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық