Балабақша сабақ жоспары


Алтын күз

Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап,күз байлығын, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге үйрену.
Көрнекілік: Күзгі суреттер,жапырақтар
Жүргізуші:
-Құрметті қонақтар,ата-аналар,балалар,бүгінгі «Алтын күз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
(Осы кезде залға Жел жүгіріп келеді)
Жел:
-Сәлеметсіңдер ме кішкентай балапандар!Мен күзгі желмін.Сендерге қонаққа келдім,өнерлерінді тамашалауға.Қанекей,балалар маған өз өнерлерінді көрсетіндерші!
Жүргізуші:
-Балалар,біз қайда келдік?Желмен бірге біз күзгі орманға келдік.Күзгі орманның жапырағы қандай екен?Қане,қараңдаршы,жапырақтары сары,қызғылт,қызыл түсті.Өте әдемі екен.Солай ма,балалар?Ал орманды бізге кім әдемілеп қойғаның білесіңдер ме?
Балалар: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

АЛТЫН КҮЗ

Дайындаған: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы
Қатысушылар:шегіртке-үлкен адам
Құмырсқа-үлкен адам,балалар
Күз ханшайымы-үлкен адам
Жүргізуші:сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,балалар.Бүгінгі «Алтын күз» мерекесіне қош келіпсіздер!!!
Біздің балаларымыздың мерекеге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Ортаға:Ақбота,Тамерлан,Сәния,Дана
Ақбота:Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таңшуақ
Біздің өмір көңілді
Тамерлан:Алуан-алуан жапырақ
Ой ,алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ.
Сәния:Ағаштардан жамырап.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Береке – бірлікте ырыс - ынтымақта

Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар,қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық көстюмдер.
(Ән ұран орындалады.)
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Күлімде Наурыз күлімде

Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән – мағнасын балаларға түсіндіру,
ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдары, жақсылыққа адамгершілеке тәрбиелеу.
Көрнектілер: Залды мерекеге қазақ дәстүрілге көркемдеу. Жартылай кигіз үй
көрнісі, қазақша киімдер, дастархан жасау, баурсақ, ет, наурыз
көже, құрт, ірімшік және домбыра, көрпешілер, ыдыстар.
Қатысушылар: Балалар, әже, қыдыр ата Наурыз.
Жүргізуші: Құрметті қауым. Бүгінгі балабақшамызда өткізілетін Наурыз
мерекесі ертеңгілігінеи хош келдініздер.
Береке де осында
Мерекен де осында
Болып жатыр той думан
Қырандарын қасында.
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын,
Ал кәнекей қонақтар, ата – аналар
Төрге шығыныздар! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Аналар мерекесі

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Ақ жаулықты әжелер, асыл да
Аяулы аналар,ару қыздар!
Сіздерді 8 Наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз!
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Аналардың мерекесін бастайық .
Көздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әр бір күнің әр айың.
Қадірлі аналар көңілі,
Көктемдей жайнап гүл ашсын.
Бақытқатолып өмірі -
Шаттыққа шаттық ұлассын!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Аналар-мәңгі жасасын

Жүргізуші:
- Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді)
- Қазір қандай ай? (Наурыз)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Тәуелсіз- Қазақстаным

Құрметті Ұстаздар,ата-аналар, кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін біз Тәуелсіздіктің 21жылдығына арналған кішкентай бүлдіршіндердің дайындаған «Тәуелсіз- Қазақстаным» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Әнұран орындалады.
Тәуелсіздік текке бізге келмеген,
Талай бабам қанын төгіп терлеген.
Сонда-дағы қасиетті қазағым,
Төл байрағын дұшпанына бермеген.
Бабалардың ғасыр бойы арманы,
Өткенімен келешегін жалғады.
Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,
Егеменді – тәуелсіздік алғалы.
Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып, жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады?
1991 жыл – Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй- тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз Жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Желтоқсан жаңғырығы

Тәрбиеші: Елім менің тәуелсіз жерім менің
Күннен алған шуақты өмір дәмін
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп
Көк байрағын төбеме көтерген күн!
Құрметті балалар, қадірлі қонақтар!
Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан,
Отанымызға тыныштық тілейміз.
Ержан: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеге ел тосқан,
Атамменен барғанмын. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің Отаным

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар!
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
Отан,Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.
2. Отан деген атамекен, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің Қазақстаным - менің болашағым

Мақсаты:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту. Балалардың сезімталдық, қиялшылдық; естігенін, көргенін қайта жаңғыртып, есте сақтау, есіне түсіріп толқу, жақсылық істеуге талпыну сияқты қабілеттерін дамыту.
Өз республикасын танып –білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы (балалардың суреттері жапсырылған түрлі түсті гүлдер), Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

Қанатты сөз:
1. Туған жер – алтын бесік.
2. Отансыз адам , ормансыз бұл-бұл.
Сабақтың барысы:Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.(Балалар орындарынан тұрып әнұранды айтады.)
-Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз – тәуелсіз мемлекет.Яғни ,біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан; өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлекеттік туы бар. Біздің ұлттық тіліміз –қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Н.Ә.Назарбаев. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық