Қазақша диктант: Ана тілі | 1 сынып

Алматы
Нұрлан баққа барды. Ағашта тұрған алманы көрді. Алуға қолы жетпеді. Ағашты сілкіледі. Алмалар саулап төгілді.
( 15 сөз)
Мәтін неше сөйлемнен тұрады?
Екінші сөйлем неше сөзден тұрады?
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | 4 сынып

Менің өлкем

Батыс Қазақстан облысы – Қазақстанның қиыр солтүстік батысында, Жайық өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан.
Облыстың жалпы шекарасының ұзындығы 2274 шақырым, соның ішінде Ресеймен мемлекеттік шекара - 1400 шақырым, Қазақстан облыстарымен - 847 шақырым. Облыс солтүстігінде және батысында Ресей Федерациясының Саратов, Самара, Орынбор, Волгоград облыстарымен, ал шығысы мен оңтүстігінде Қазақстанның........
Подробнее

Қазақша диктант: 5 сынып

«Сөздің көркі-мақал» деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.
Мақал-мәтелдер –ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Туған ел

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, жүректей болып желмен лүпілдей соққан қызыл гүлдері, кеудеңе......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Алтын күз

Содан бері бір жылға тарта уақыт өтті. Тағы да міне, күз келіп қалды.

Жомарт күз! Береген күз. Алтын күз деп жылдың осы тамаша мерзіміне қастерлеп тағылмаған ат бар ма? Дарқан күзді тіліне тиек етіп жырламаған ақын-жазушы, күз бейнесі жүрегін толқытпаған.....
Подробнее

Диктант: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Қазақ тілі | Ел мұраты – Тәуелсіздік)

Тәуелсіздік – мемлекеттік тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі, елдің тізгінін өз қолына алуы, өз билігінде болуы.

Қазақстан Республикасы – халықаралық деңгейде басқа елдермен терезесі тең түсетін тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шоқан Уәлиханов

Шоқанның шын аты — Мұхамедханафия. Анасының еркелетіп қойғаны — Шоқан. Шоқыдай биік, таудай асқақ деген мағынаны білдіреді.

Шоқан бес жасында хат таныған. Әкесі Шыңғысқа ескі жыр....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Бала Шоқан

Қыс ортасынан былай Шоқан орыс тіліндегі әдебиет кітаптарын құныға оқитын болып алды. Бірақ ондай кітаптар Шоқан қолына көп түсе бермейді. Әсіресе корпус кітапханасында.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ақсақ киік

Басқалардан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жерден биік көтеріле алмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көктем

Май жұлдызының бас кезі. Жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қайран Құлагер

Қайран Құлагер. Ақан серіні бес жыл асқақтатып, әбден толықсып, тоғыз жасында қапыда мерт болды.

Бұл қайғылы астан бұрын Ақан серінің мәртебесін аспандатқан ғаламат ас — Құлагерге қылқұйрық тұқымының ең асылы пар келмеген Аққошқар-Сайдалының асы болмады ма, Алтай елінде. Сол аста.......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Құмға салған сурет

Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің ауыртпалығын тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танығанда, мұның қолынан келетіні — тас бетіне, құмға сурет ......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Табиғат аясында

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бой ұсынған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Бозторғай

Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін-ді. Торғайдың да шықылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «әндері» болатын. Бозторғайдың әнінен кейін.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көксерек

Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды. Сондықтан талай рет ат жаратып, шоқпар қамдап, қуамын деген жігіттер болса да, еш нәрсе қыла алмады.

Бір рет қана белгілі бәйге жирен атымен Арыстанбек....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тұсау кесу

Әдетте, сәби аяғын тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кеседі. Ата-әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы, дәл осы......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Данияр

Ертеде Данияр деген бір бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы — дімкәстігі оны онша қынжылта......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тіршілік

Дән! Ол өнеді, өседі, піседі, жерге түскен соң, тағы да өнеді, тағы да өседі, тағы да піседі, тағы да жерге түседі. Оның өмір бойғы әдеті осылай.

Көгеріп есу, гүлденіп кемелге келу, жер бетіне тағы-тағы өсетін....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ақырғы бәйге

Қанаты кең жазылған бәйгешілер, айыл-тұрмандарын ат үстінде отырып алып, айдаушының шаршы орамалына қарасты. Тықыршып, кісінеп, жер тарпыған сәйгүліктер көздері.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Үміт

Осы оқу жылы мен үшін бір белес асар жылым. Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын. Ілгері қарай оқуға мүмкіндік бола ма, жоқ па? Ол жағы әзір жұмбақ. Ал, мына училищені........
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауылда

Көп ауылдың күзгі әдеті бойынша, Абай ауылы да жаз тігетін үйлерін жығып, жиып қойып, оның орнына қоңырқай, кішілеу үйлер тіккен. Әйгерім отауы да қазір басқаша.

Кішілеу, шағын үйдің ішіне текемет, тұскиіз, түкті кілем ұсталған. Биік төсек орнына, қалың салынған көрпесі, құс төсегі, жастық, бөстегі көп жерден төсек орнаған. Абай мен Әйгерім отырған төсек алды......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Сәбит Мұқанов

Сәбит Мұқанов — атақты жазушы. Ол Орынбордағы рабфакты 1926 жылы бітіреді. Сәбит 1935 жылы Мәскеудегі Қызыл профессура институтының әдебиет бөлімін бітіргеннен кейін «Қазақ әдебиеті» газетінің.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тоқсан би мен Құнанбай

Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей, Байдалымен араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, Керей елінің атақты биі Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қария

Кілем түсті кең даланы қақ жарып, көк табан темір жол жатыр. Жол бойында егіні жайқалып, малы қаптап колхозды көп ел отыр. Елден шыға топ-топ киік орғып барады. Елден жоғары самолеттер самғап барады. Біз поезбен зымырап келеміз. Сарыарқаның жазығы жеткізер емес, поезд жетпей қояр емес. Кешеден бері салғыласа.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қабылан

Көктем шығуы-ақ мұң екен, Қабыланның барлық мінезі, жүріс-тұрысы, күнделікті әдеті, төңірекке көзқарасы, бәрі-бәрі де өзгеріп сала берді. Оның біздің есіктің алдына келгеніне, міне, төрт ай болды. Осы төрт айдың ішінде Қабылан көз алдымызда жүрсе де, бәрімізден ұрланып ержеткен секілді. Осы көктем шығып.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тұрмыс-салт жырлары

Әр халықтың өмір тұрмысы, әдет-салтынан туындап жататын «Сүйінші», «Шілдехана», «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Бесік жыры» сияқты халықтың шат-шадыман да қуанышты кездері мен.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шілде

Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа, күннің ыстығы сонша күшті, тастар, құмдар қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желідегі құлындар ғана жүдеген. Қымыз мол, қозы піскен. Ел жайлауда бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Мейірім

Мұз сұп-суық еді. Күн ұзақ шатырға ілініп ап, міз бақпай тұра беруден жалықпайтын. Балалар қызығып ұстағысы келсе, өзінің сұп-суық денесімен қарып алатын. Оған адамдардың.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Өшпес мұра

Жазушы М.Әуезов көп жылдар бойы Абайдың өмірі мен шығармаларын зерттеп, «Абай жолы» атты дәуірнама жазды. Ол Абайдың әнші, сазгер екеніне үлкен сипаттаулар берді.

1935 жылы ақынның туған жері Семейде Мұхтар Әуезов сазгер......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Аю және бөрене

Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Шоқан Шыңғысұлы

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысында 1835 жылы туған. Балалық шағы Сырымбет тауының бауырында......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қызық әңгіме

Таң алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Құрығын тірсегінен шорт кескен күдік торы ауыздығы алына салысымен басты жерге салып, аққұлақ.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда

Күн шайдай, ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Аға сұлтан – Құнанбай

Аға сұлтан болып тұрған жылдары Құнанбай Қарқаралы қаласына мешіт-медресе тұрғызады. Өзінің қол астындағы ауылдардың үлкен-кішісін сол мешіт-медресеге тартады. Жас балаларды......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ұлы тұлға

М.Әуезов — бір туар кесек тұлға, таным-тамырлары терең жайылған күрделі талап иесі. Оның жан сарайын түсінуге тырысу- қазақпын деген әр адамның асыл парызы. Оның өміртанымын....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Балуан Шолақ

Балуан Шолақ цирктен шықса, түн тынық қараңғы екен. Дала араның ұясындай, ызыңдаған бір тұтас дауыс. Ол дауыстың кімдікі екенін, қараңғыда көзі үйренбеген Балуан Шолақ....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Қырманда

Қырман қызып, қамбаға астық құйыла бастаған шақ еді. Бала-шағаға дейін қырман қызығында жүретін-ді. Ерсілі-қарсылы егіз арбалар қырман мен егістік арасын ақшаңдақ жолға айналдырды. Аумағы алты қанат үш үйдің орнындай қырманда алты түйе шырқ көбелек айналады. Жас сабан сары түйедей әп-сәтте үйіліп.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әнші Әмірқан

Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды. Кенет тым-тырыс бола қалады да, шапалақ қайта соғылды. Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам.......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жайықта

Көктемде Жайық өңірінде аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының үніндей сұлқылдаған аққулар даусын тыңдадым. Тобымен.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Әпкем

Күн райы да менің көңілім сияқты. Аспанды қалың бұлт торлаған. Анда-санда тырс-тырс тамшылар тамып қояды. Күз айы ғой бұл. Әпкемді ойлап сағынып келемін. Жаңа клубтың алдынан өтіп бара жатқанда, көз алдым бұлдырап кеткен. Сөмкем ап-ауыр. Әпкем осыны алдын-ала ойласа керек, арқама асып қоятын.......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауыл тұрмысы

Ел жайлаудан тараған. Шөкен, Мақаш ауылдары қыстақта «Жамбас құдықта» отыр. Кешеден бері күн көзі көрінбейді. Аспан қалың бұлт, жел тынық. Анда-санда толасы бар. Ыбылжыған ақ жауын мазаны кетіріп тұр. Талай үйде отын жоқ, тезек су, панасыз нәрсенің бәрі су. Көп мінілген көлік, көп сауылған төл бүрсеңдеп, үй.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Күйші

Атақты күйші, композитор Дина Нұрпейісова 1861 жылы Орал облысы, Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмында дүниеге келген.

Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалады. Ол жеті-сегіз......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жауынгер аға

Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы.....
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Бала би

Бала бидің атасы азан шақырып қойған аты — Бименбет. Бала би — лақап аты. Бименбет әкесі Есенәліден он үш жасында жетім қалады. Әкесінің інісі Арғынбайдың атын ерттеп......
Подробнее

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Дала перзенті

Көкем екеуміз көл жағалап кеттік. Үндемей ғана жағалап келеміз. Көкем: «Сөйлеме, жөтелме» – деп ескерткен. Бір рет түшкіргенім болмаса, жөтелгенім жоқ. Дөңмаңдай мен қоңыр......
Подробнее