DataLife Engine / Тойда бата беру, үйлену той батасы

Тойда бата беру, үйлену той батасы

Тойда бата беру үйленгендерге

Бақытты бол, бағың ашылсын,
Әр күнің шаттыққа толсын.
Босағаңа жамандық жетпесін,
Төріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың оншақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын.
Шаңырақтарың биік болсын.
Несібе-ырыс иіп келсін.
Дастархандарың кең болсын.
Қызық-қуаныш тең болсын.
Үй-іштерің мерекелі болсын,
Өмірлерің берекелі болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Махаббаттарың пәк болсын.

Әумин!


Жас жұбайларға арналған тойда айтылатын бата


 
Шаңырақтарың биік болсын,
Босағаларың берік болсын.
Бау-бақшаларың өрік болсын.
Басыңда дәйім,
Құлпырған құндыз бөрік болсын.
Ақ жүзіңде жарыңның,
Ақ кимешек көрік болсын.
Құдай қаласа,
Көп ұзамай жерік болсын.
Торсық шекелі ұл тауып,
Ол өзіңе серік болсын.

Әумин

Үйлену тойда бата беру

Қос аққудай көлдегі,
Қызғалдақтай белдегі,
Жас жұбайлар екенсің,
Бата берем кел бері.
Дәулетті, малды болыңдар,
Жұқармас жалды болыңдар,
Ел-жұртың мақтан тұтатын,
Жастардың алды болыңдар.
Тұтатқан шырақтарыңды,
Басталған мұраттарыңды,
Бір Алла қолдап әрдайым,
Жайқалтсын құрақтарыңды.
Отауларың орда болсын,
Аттарың жорға болсын.
Қымызың қымызық татып,
Местерің қорда болсын.

Әумин

тойда бата беру

 Жас келіннің батасы,
Жастардың көп қатасы.
Жек көрмейді баласын,
Анасы мен атасы,
Балалар, көтер қолыңды,
Қайырлы құтты жолыңды,
Ием берсін мал мен бас,
Толтырсын ол мен солыңды.
Мен берейін батамды,
Кішіпейіл болып келінжан,
Сыйла енең мен атаңды.
Кекшіл болма, қарағым,
Кешірер әркім қатаңды.
Бола берсін ойын-той,
Қызықтап тойлау – құрмет қой.
Ақыл, естен айрылмай,
Жастарым, еске алып қой,
Қайырлы болсын тойыңыз,
Құдалар кеуде соқтырып,
Құйрық, бауырға тойыңыз.

Әумин
01.05.2019
Вернуться назад