DataLife Engine / Темір құс ауырып қалды

Темір құс ауырып қалды

Еуропалық ұшқыш, бір бай адамға тиесілі жеке ұшақ апатқа ұшырап, Африканың ну ормандарының біріне құлапты. Әзер жаны қалған ұшқыш жергілікті тайпаның адамдарымен жолығып қалады.
Ұшқыш: Мен ана жерде жатқан үлкен темір құспен ұшып келдім. Темір құс ауырып құлап түсті, - деп ағылшын тілімен түсіндіруге тырысыпты.
Әлгілердің бірі миығынан күліп, жанындағына сыбырлапты: «Боинг» апатқа ұшыраған кезде ұшқыштың миына зақым келген-ау деймін. Ұшатын құс, анау-мынау деп не далбасалап тұр? - депті.
20.07.2015
Вернуться назад