DataLife Engine / Науқастанып қалған кемпір

Науқастанып қалған кемпір

Кезінде шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:

- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.
18.12.2012
Вернуться назад