Отан туралы мақал мәтелдер  

Отан туралы мақал мәтелдер  

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат,
Аймалайтын — анаң қымбат,
Асқар тауың — әкең қымбат

(Қазыбек би).


Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.

Жауда қалған бұлбұлдан Отанға кайтқан ит артық.

Орағың өткір болса, қарың талмайды,
Отаның берік болса, жауың алмайды.

Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.

Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Отан от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

Отансыздың оты жанбайды.

Отан үшін еңбек етсең
халқыңның сүйген ұлы боласың.

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.




Қажетті сілтемелер:




Отанын сатқан оңбас.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

Отаның тыныш — сен тыныш.

Отан — елдің анасы
Ел - ердің анасы

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Отанды сүю — от басынан басталады.

Отан оттан да ыстық.

Ел іші — алтын бесік.

Пәлен жерде алтын бар,
Өз жеріңдей кайда бар.

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Әркімнің өз жері — жұмақ.

Ер елінде, гүл жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Ауыл итінің құйрығы қайқы.

Отан ұшін күрес —
Ерге тиген үлес.

Кұртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.

Орағын өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

Пәлен жерде алтын бар,
Іздеп барсам мыс та жоқ.

Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.

Үйде оңбаған,
Түзде де оңбайды.

Іздеп көріңіз:
421,5 -240,5

Добавить комментарий

Комментариев 10

  1. Офлайн
    Алинур Оразхан
    Алинур Оразхан 11 апреля 2019 16:27
    0 + 0 -
    дұрыс айтасын ютуб
  2. Офлайн
    Райымжан Бердикулов
    Райымжан Бердикулов 24 августа 2016 19:38
    0 + 0 -
    Алла жар болсын Сіздер мен Осы сайтқа.
  3. Офлайн
    YOUTUBE
    YOUTUBE 2 декабря 2015 13:01
    0 + 0 -
    Осы сайт кушти!!Аркашан одна малиметтер,макалдар,караймын!!!!Оте жаксы комектеседи))
  4. Офлайн
    Нурсаулет Ануаров
    Нурсаулет Ануаров 11 сентября 2015 16:19
    0 + 0 -
    Отбасы туралы барма?
  5. Офлайн
    Сымбат Аманбаева
    Сымбат Аманбаева 2 февраля 2015 08:30
    0 + 0 -
    мен есімшенің түрлеуімен мақал мәтел таппай жатырмын көмекберіңіздерші
  6. Офлайн
    Сымбат Аманбаева
    Сымбат Аманбаева 2 февраля 2015 08:29
    0 + 0 -
    мен есімшеніңт түрленуімен мақал мәтел таппай жатрмын көмек беріңіздерші
  7. Офлайн
    Гость Амина
    Гость Амина 3 ноября 2020 13:55
    0 + 0 -
    Амина витаминка
  8. Офлайн
    Гость Кенже
    Гость Кенже 27 октября 2020 04:58
    1 + 0 -
    Унады отан отан туралы мақал-мәтелдер
  9. Офлайн
    Жанка
    Жанка 19 октября 2020 12:20
    1 + 0 -
    Срочно нужно 7 класс Казахстан Тарих бжб
  10. Офлайн
    Рахат
    Рахат 19 октября 2020 05:30
    2 + 1 -
    Күшті мақал мәтелдер