Кембридж әдісі бойынша өтілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары » ZHARAR © 2016 | кембридж сабақ жоспары, кембридж тәсілімен сабақ жоспары, кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспары, кембридж тәсілі бойынша сабақ жоспарлары, кембридж тәсілі бойынша бастауыш сынып жоспар




  • »

Кембридж әдісі бойынша өтілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Кембридж әдісі бойынша өтілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары казакша Кембридж әдісі бойынша өтілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары на казахском языке

Қала (аудан) Атырау
Мектебі №36 орта мектеп
Аты-жөні Бастауыш сынып мұғалімі
Мугалимова Айкерим Аманжановна


Кембридж әдісі бойынша өтілген сабақтың қысқа мерзімді жоспары
1.Қ.Жұмағалиев туған өлкем (4сынып)
2. А.Байтұрсынов Аққу, шортан һәм шаян (4 сынып)
3. М.Мақатаев Сүйемін, өскен Отаным (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем».
Сабақтың жалпы мақсаты «Туған өлкем» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті, мәні мен маңызы туралы түсінік беру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Әдіс-тәсілдер «Ашық-жабық» сұрақтар, «Миға шабуыл», «Кезектескен интервью» , «Жүреміз, ойланамыз” әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ой толғау», «Хокку» әдісі
Күтілетін нәтижесі Өз беттерімен кез-келген тапсырмаларды орындай білуге машықтанады.
Бір-біріне көмектеседі. Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, ойларын тиянақты жеткізеді, тапқырлық қасиеттерін шыңдайды.

№ Уа-қыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Дерек көздер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Жылы жүрек- ізгілік тілегі» жүрекшелер
2 2 мин Топқа бөлу
Атамекен өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді.
Ана тілі – көңіліңе гүл егер,
Ана тілін - ғұмырым деп біле бер
Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,
Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,- деп ақындарымыз жырлағандай, ана тілі сабағын бастайық «Атамекен» өлеңінің бір шумағын орындайды. Қима қағаздар

3 1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
Аты-жөні Үй тапсырмасы Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс Сабақты бекіту Ұпай Баға


4 5 мин Үй тапсырмасын сұрау
1. Қазақстан өлеңін жатқа сұрау
2. Автор туралы сұрақтар қою
3. «Кезектескен интервью»
Өткенді пысықтау
Қазақстан туралы карта бойынша түсінік беру.
Жеке жұмыс
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Бір-бірінің үй тапсырмасын қалай орындағанын тексереді. слайд
5 3 мин Қызығушылықты ояту
- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(өз ойларын сұрау).
- Туған жеріміз Атырау туралы бейнероликтен тамашалау.

- Қайрат Жұмағалиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Батыс Қазақстан Орда ауданы Басқұдық ауылы
көрнекті қазақ ақыны
«Сарыарқа» журналының редакторы
Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі
«Тұңғыш»өлеңдері (1964ж) «Жанар» өлеңдері (1966ж)
Оқушылар өз ойларын айтады.

Атырау туралы қосымша мәлімет беріледі.
Оқушы үйден дайындап келген автор туралы мәліметімен таныстырады.
Слайд

Бейнеролик
6 10 мин Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді аудиотаспадан тыңдау;
- Оқушының мәнерлеп оқуы;
- Сөздік жұмысын жүргізу
Слайд
Аудиотаспа
7 5 мин ІІІ. «Жүреміз, ойланамыз» әдісі
 Туған жер туралы мақал-мәтел жаз
 Туған өлкемізді көркейтуге қандай үлес қосасың?
 Біздің туған жеріміз Атырау қаласы Республикамызға несімен танымал?
Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 3 сұрақ бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейін әр топтан бір оқушы шығып қорғайды Плакат
Түсті маркерлер
8 2 мин Сергіту сәті
«Қамажай» биі бейнеролик
9 5 мин Ой толғаныс
Топтық жұмыс
І топ. «Хокку» әдісімен туған жер туралы өлең құрастырады
ІІ топ. Туған өлке жайлы эссе жазады
ІІІ топ. Өлеңге сүйеніп көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіреді Шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Слайд
Постер

10 5 мин Сабақты бекіту
«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Слайд
Балықтар суреті
Алтын балық маскасы
11 2 мин Бағалау
Формативті тәтті тарату, бағдаршам, басбармақ, бірін-бірі ауызша
Критериалды Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады.
Бағалау критерийлері жазылған парақшалар
12 2 мин Рефлексия

Оқушылар Қазақстанға деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат
стикер
13 1 мин Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал | | 38 592
Рейтинг:
(голосов: 28)

.

. .