Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық

Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық

ҰБТ жақындап араларыңыздағы кейбір қолданушылар қай мамандыққа барарын анықтай алмай жүрген де болар. Ендеше, мамандық таңдау сатысында тұрғандар үшін аналитиктердің болашақта ең қажет етіледі деп тапқан 10 мамандығымен таныстырып өтейін. Ал, кеттік!

1) Инженерлер

Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


2) IT саласының мамандары

Әрине, бұл саланың адамдары біздің өмірімізге өте көлемді тамырын жайып үлгерді. Бірақ, бұл болашақта IT саласының мамандары көбейеді деген сөз емес. Өйткені, күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқан соң бұл мамандар қанша көп болса сонша жақсы болып тұр.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


3) Нанотехнология саласының мамандары

Әлемдік эксперттердің болжауынша, нанотехнология саласы болашақта ғарыш, машина жасау, тамақ өндірісі, медицина сияқты ірі салаларда үлкен рөл ойнайтын болады. Сондықтан бұл саланы таңдасаңыз өкінбейсіз деп айта аламыз.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


4) Электроника және биотехнология мамандары

Бұл салалардың әлемдік сахнада өзіндік үлкен орны бар. Болашақта жаңа қуат көздері, электроникалық жаңалықтар мен жүйелер, малекулярлық медицинада өз еңбегіңізді сіңіргіңіз келсе аталған мамандық сіз үшін.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


5) Маркетологтар

Маркетологтар жұмыс басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге өте қажетті болған, болып жатыр және бола бермек. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың ерекше орны болатыны сөзсіз.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


6) Қызмет көрсету бойынша мамандар

Адам баласы күннен күнге көбеюде, елдердің жағдайы жақсаруда. Уақыт өткен сайын қызмет көрсету бойынша сапаның жақсарғаны олар үшін ең басты нәрселерден бірі. Батыс елдері мен АҚШ-тың өмір сүру қалпына қарап оларға деген сұраныстың күн сайын артып жатқанын ұғуға болады.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


7) Логистер

Мемлекетті әлемдік нарықпен интеграция жасауда бұл мамандардың қажеттілігі айқын көрінеді. Өнімдерді шетке шығару мен ішке кіргізуде, халықаралық және ішкі тұтынушылар іздеуді жоғарғы сапада атқаратын мамандар тапшы болғандықтан, дәл қазір әлемдік нарыққа шығудағы "қазанымыздың" бір құлағы кем болып тұр.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


8) Экологтар

Қалалар үлкейіп, өндірістер көбейген соң әрине, өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болуда. Оларды шешу үшін жоғарғы дәрежелі мамандар қажет-ақ. Үлкен қалалардағы кептелістер т.б. мен адам өмірінің ұзаруы бойынша экологтардың жоғары үлесі болады деп күтілуде

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


9) Дәрігерлер

Адам адам болғалы бері ол — ауырады, өміріне қауіп төнеді. Бұл процесc тіршілік біткенше жалғасатыны сөзсіз. Сондықтан дәрігерлерге нан мен суға зар болар күннің ауылы өте алыс десек те болар.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


10) Химиктер

Әрине, мұнай сарқылатын өндіріс көзі болғандықтан, болашақтағы химиктердің негізгі міндеті алтернативті өндіріс пен энергия көздерін табуда болып тұр. Бірақ қазірдің өзінде жақсы химиктеріміз болмағандықтан мұнайды өз ішімізде өндіре алмай отырмыз.

TOP 10: Болашақта ең қажет етілетін 10 мамандық


Ел болған соң кез-келген маман иесі маңызды. Ең бастысы білікті маман болса, ол жерде қалмайды. Сәйкесінше, 3 университет бітірсе де мамандығын жарытпайтындар «Дипломың болса да жұмысқа алмайды» деп жылап жүре береді. Сондықтан өздеріңізге сеніңіздер! Мамандық таңдауда қателеспеңіздер, достар!

P.S. Ал сіздердің ойларыңызша бізге басқа да қандай мамандар керек?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 5
  1. Сави
    Сави 14.10.2020 18:14
    2 + 0 -
    Магн д тарихтан комек керек
  2. Сави
    Сави 14.10.2020 18:13
    2 + 0 -
    Мен алгым келд 69мынды
  3. Сави
    Сави 14.10.2020 18:13
    1 + 1 -
    Магн керек
  4. Инжу Иманбаева
    Инжу Иманбаева 24.01.2017 14:59
    1 + 1 -
    ой,баспа иси
  5. Инжу Иманбаева
    Инжу Иманбаева 24.01.2017 14:58
    0 + 1 -
    баска иси де кажет сиякты