Ауған соғысы туралы өлеңдер мен тақпақтар

Ауған соғысы туралы өлеңдер мен тақпақтар

Мазмұны:

  1. Ұрпаққа аманат
  2. Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер
  3. Өмірді қайта жалғаңдар
  4. Ауған соғысына арналған тақпақтар
  5. «Жауынгер хаты»

Ұрпаққа аманат


Баласы батыр туғаннан
Денесін сумен жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан

Даламен бірге қайнасып
Көкпенен бірге жайнасып
Көршімен тату, жауына қату
Қарасаң егер байқасып

Тамыры терең кететін
Жайнаған дархан мекенім
Бар ма екен шіркін жалғанда
Қазахияма жететін
Осындай елді құраған
Бабадан қалған мұрадан
Жастарға сарқыт ерлігі
Сел болар ақса жырадан

Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар

Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

Атойлап шапқан батырлар
Рухын қайрап ақындар
Ұрпағым аман болсын деп
Қыршынбасын деп жатырдан

Ел үші қиып құр жанды
Ұстанған елміз бір заңды
Биікке қойған қазақпыз
Ар - ұятпенен ұжданды

Жауына күшін көрсетіп
Ізіне ерген ел сеніп
Жастарға бүгін аманат
Жасалған істер белсеніп

Бабалар салған сара жол
Өшпейтін мәңгі дара жол
Ұрпаққа бүгін аманат
Қорғай біл халқым пана бол



«Жауынгер хаты»

(авторы М.Сергеев.) 

            Бауырым, бұл хатымды аласың ба?

            Ауғанның тауларының арасында,

            Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

            Жатырмыз ессіз-түссіз жар астында.

            Қоршаудамыз, барады айдан асып,

            Анталаған жаулармен тайталасып,

            Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан,

            Шер-қайғыңды енді кімге айта аларсың?

            Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан,

            Жігіттер де шаршады сұм соғыстан.

            Түн ортасы басталар қанды қырғын,

            Жарылыстан-жарылыс – күл боп ұшқан.

            Күні өтеді осылай жастығымның,

            Жолдасымның естідім ақтық үнін.

            Қансырады, құлады командирім,

            Бірақ сырын алдырмай жатты күліп.

            Күліп жатты жалғанның барлығына,

            Өспей жатып жасыл гүл солды сонда!

            Көтергенмен рухын жауынгердің,

            Іште қалды-ау өкпесі тағдырына!

            Басқа салды, біз көндік, амал қанша?

            Тартысамыз дұшпанмен ала алғанша.

            Қай бұрышта қалады бас домалап,

            Алла білер, жортатын сапар қанша?

            Кейде ойлайсың, сұм ажал алып кетсе,

            Қопарылып, өртеніп жанып кетсем,

            Бауырым, дән риза мен болар едім,

            Осы хатым еліме барып жетсе!

            Түсімізге енеді ақ қорымдар,

            Дегендей ме, сездіріп сақ болыңдар.

            Бәрімізде бір арман қоршаудағы;

            «Сүйегіміз қалмаса екен жат қолында!»


Ауған соғысына арналған тақпақтар

  • Өтер жылдап, ауқып тағы алыстап
    Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
    Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
    Ауғандағы азап шеккен арыстар
  • Армысыздар, ауғандық жауынгерлер 
    Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .
    Өлгендердің жәннәтта болсын жаны ,
    Тірілерің мың жаса , дәуірлеңдер!
    Ерлік қылған ағаларым , аспан асты , жер үсті,
    Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар мен бөрікті
    Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
    Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
  • Отан үшін оққа тосып кеудеңді,
    Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
    Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
    Жебейді олар әруағымен сендерді.
    Аналардың көл боп аққан көз жасы,
    Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
    Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
    Елі үшін құрбан болған ер басы.
  • Баласы батыр туғаннан
    Денесін сумен жуғаннан
    Батыр да халық қазақпыз
    Кіндігін түйіп буғаннан
    Даламен бірге қайнасып
    Көкпенен бірге жайнасып
    Көршімен тату, жауына қату
    Қарасаң егер байқасып
  • Тамыры терең кететін
    Жайнаған дархан мекенім
    Бар ма екен шіркін жалғанда
    Қазахияма жететін
  • Осындай елді құраған
    Бабадан қалған мұрадан
    Жастарға сарқыт ерлігі
    Сел болар ақса жырадан
    Ел үшін өткен батырлар
    Шайырлар менен ақындар
    Күш пенен түйсік, ақылды
    Бағындыра алған дарындар
    Олардың ерлік тәлімі
    Халқына айқын мәлімді
    Ұғына алса керекті
    Қазіргі ұл - қыз хәліңді
  • Атойлап шапқан батырлар
    Рухын қайрап ақындар
    Ұрпағым аман болсын деп
    Қыршынбасын деп жатырдан
    Ел үші қиып құр жанды
    Ұстанған елміз бір заңды
    Биікке қойған қазақпыз
    Ар - ұятпенен ұжданды
    Жауына күшін көрсетіп
    Ізіне ерген ел сеніп
    Жастарға бүгін аманат
    Жасалған істер белсеніп
    Бабалар салған сара жол 
    Өшпейтін мәңгі дара жол
    Ұрпаққа бүгін аманат
    Қорғай біл халқым пана бол


Өмірді қайта жалғаңдар

 Ауғанның қанды даласы,

Адамизаттың наласы.

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар қарашы.

Адасып барып армандар,

Ауғанда күл боп қалғандар.

Гүл болып өніп көгеріп,

Өмірді қайта жалғаңдар.

 

Арманда кеткен ар үшін

Ұмытпас елім арысын.

Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын.

Азаттық орнап арман ел

Құлпырды мәңгі жайнап ел.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер.

 

Баласын аңсап аналар,

Анасын аңсап балалар.

Жүрекке түскен бомбадай,

Жазылар қашан жаралар.

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

 Ауғаннан қайтқан жаралы.

 

Ар үшін туған арысым,

Егемен елдің бағы үшін.

Биіктен туың түспесін,

Естімей оқтың дауысын.

Азаттық орнап арман ел,

Құлпырды мәңгі жайнап ел.

Байрағың басын имесін,

Ауғанда болған ардагер!


Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер

 Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

 

Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,

Біз сәндікке кимейміз деп,- шалбар менен бөрікті.

Отан-ана алдындағы өтеймін деп,- борышты,

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

 

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

 

Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,

Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.

 

Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,

Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.

Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,

Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.

 

Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.

 

Аналардың көл боп ақты көз жасы,

Жетімдер мен жесірлерді ойлашы.

Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,

Елі үшін құрбандық тек ер басы.

  

Бүгін біздер солдатымыз Егеменді қазақтың,

Туды міне жас ұрпаққа ғажап күн.

Біздер көрген азап пенен тозақтың,

Енді құдай бетін әрі қаратсын,

Енді атса, тек бейбітшілік таңы атсын.

 

Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі-бақи тірісіңдер, тірісің.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Омар сағынай
    Омар сағынай 09.05.2022 13:04
    5 + 0 -
    Соғыс туралы өлең керек еді
  2. Розэ
    Розэ 21.02.2022 15:07
    2 + 2 -
    Авторлардың есімдері барма?
    1. аа
      аа 14.02.2024 21:34
      0 + 1 -
      Армысыңдар ауғандық жауынгерлер өлеңінің авторы Әмет Балнұр Мақсатқызы еді
  3. Yerik
    Yerik 17.11.2020 04:01
    12 + 4 -
    Хорошо