Попробуйте найти с помощью Google

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жан қайда әділетті іздейтұғын)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Жан қайда әділетті іздейтұғын)

Жан қайда әділетті іздейтұғын,
Адамшылық атақты көздейтұғын.
Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап,
Екі жайдан күдерді үзбейтұғын.
Арамға азғырғанды.....
Читать в полной версии ➜

Қазақша өлең: Сермұхан Әділ (Табиғатты аяла!)

Қазақша өлең: Сермұхан Әділ (Табиғатты аяла!)

Қараңғылық түсті дағы жер бетіне,
Айналды жерде әсем келбетіне.
Күн батып қараңғылық басқан кезде,
Табиғатта ұйықтады бізбен бірге.

Табиғаттың біз адамға берері көп,
Бірақта кейбіреуге табиғат та керегі жоқ.
Адамзатқа берілген.....
Читать в полной версии ➜

Курстық жұмыс: Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

Курстық жұмыс: Журналистика | «Әділ сөз» қорының қызметі мен қоғамда алатын орны

Кіріспе
Журналист мамандығы дүние жүзіндегі ең қауіпті мамандықтың бірі ретінде белгілі. Қоғамның жоғын жоқтайтын, түсін түстейтін, қоғамдық пікір қалыптастыратын журналистер. Елге араша түсіп, халықтың жан ашыры болатын да журналистер. Бірақ күнделікті осы жан ашырлардың құқықтары белден басылып, өмірлері мен шығармашылықтарына түрлі қауіп-қатер төніп тұрады. Осыған орай «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қордың жұмысын қарай келе, Қазақстандағы рөлі мен қызметіне тоқталып өттім. «Әділ сөздің» негізгі мақсаты мен міндеті қандай, журналистердің құқығын қалай қорғайды, сондай-ақ, өзге елдердегі баспасөз өкілдерінің құқығы қалай қорғалатыны сияқты тақырыптарды көтердім.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры өз жұмысын 1999 жылдың 12 сәуір күні бастады. Аталған қордың басты мақсаты – елімізде еркін, объективті, прогрессивті журналистиканы қалыптастыру. Ал жұмысының негізгі бағыты – заңымызды одан әрі жетілдіріп, БАҚ және журналистердің құқығын қорғау мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін заң жағынан сауаттандыру. ....
Читать в полной версии ➜

Курстық жұмыс: Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Курстық жұмыс: Әділет министрлігі | Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі

Әділет министрлігінің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі 11.03.99 жылы қабылдаған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы Ережеде бекітелген. Бір жағынан Әділет министрлігі Үкімет құрамына кіретін орталық атқарушы орган, ол өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекіткепн халықаралық келісімдерге, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілеріне және Әділет минстрінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады. Екінші жағынан, өз құрылымын вертикалды ұйымдастыратын атқарушы биліктің құрылымдық бөлімшесі бола тұра, Әділет министрлігі аумақтық әділет органдарына басшылық етеді, Республиканың барлық аумағында біртұтас құқықтық саясаты жүзеге асырады, заңдарды реформалау жағдайында үйлестіру қызметін атқарады, соттарды ресурстық жағынан қамтамасыз етеді және сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.....
Читать в полной версии ➜

Реферат: Әдебиет | Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу

Реферат: Әдебиет | Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу

Адамның ішкі әлемінің рахаты мен тыныштығы, былайша айтқанда, жан сақтауы өте-мөте әділет сезіміне тәуелді. Соның айғағы - әділеттілікті жанындай көріп аңсамайтын адам, көксемейтін халық болмайды. Оның осынау шоқтығын, қастерлі биігін ғұлама Шәкәрім былайша өрнектейді:
Нысап пен мейірім, әділетті,
Жаныңдай көріп жан сақта.
Ол жолда өлсек, неміз кетті,
Мақсұтқа жетпей қалсақ та.
(«Анадан алғаш туғанымда», 1929).
Әділет – қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе.
Сонымен, әділет - жан сақтау құралының бірі, қастерлі категория. Бірақ әділеттілік туралы басқадай не білеміз, ол жайлы біліміміз толық па?
Сірә да жоқ, қазақ философиясы тұра тұрсын, әлемдік философия тарапынан да әділеттілік туралы пайымдар бір ізге түскен емес, яғни өз алдына дербес жүйелі ілім боп қалыптасты деуге әлі күнге ертерек. Себеп - феномен ұғымның күрделі табиғатында және түп тегі - генезисінің тереңдігінде десек қате бола қоймас. Төменде осы күрделі тақырыпты сөз етпекпіз. Ондағы мақсатымыз - жаңағы олқылықтың орнын толтырған данышпан біздің қазақтың Абайы екенін дәйектеуге саяды.
Біреу біледі, біреу білмейді, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңі және 45-ші сөзі хакім Абайдың сарқынды шығармалары. Алдыңғы туындысында данышпан:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп,
Және «Хақ жолы осы» деп әділетті, -
дейді. Ал, соңғыны: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері... һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі» деп бастайды.
Сөйтіп, Абайдың ақтық өсиет-толғаулары қос феномен сезім: махаббат пен әділетке бағытталғанына көз жеткіземіз. Маңызды ерекшелік - хакім Абай махаббат, ғаделетті қосақтап айтады. Мұның сыры неде?
Гәп мынада: махаббат - күллі әлемге нұрын, шуағын төккен қуат, ал әділет - тұтастай ғалам құбылыстарын реттеуші құдірет. Қос феномен қосылғанда ғарыштық күрделі қатынастар ғажайып үйлесімін табады.
Міне хакім Абай махаббат, ғаделетке осы тұрғыдан келіп, жаңа аталған 45-ші қарасөзінде мынадай даналық тұжырымын жасайды: «Бұлардың (махаббат пен әділеттің) керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан Тәңірінің ісі».
«Ол – жаратқан Тәңірінің ісі» деген бір-ақ ауыз тезис бүгінгі біздер үшін аса салмақты. Осылайша Абай бізге он сегіз мың ғаламның махаббат-әділет заңымен басқарылып, реттелетінін ашықтап беріп отыр. Бұл, сөз жоқ, тек әлем ойы алыбының ғана сыбағасы. ....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Әділдіктен бұлтару)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Әділдіктен бұлтару)

Берілме шындық іздеп қайғыға тым,
шындықтан айныр көсем, айныр ақын.
Жерде көп қамалдар мен иірімдер
адамды әділ жолдан тайдыратын.
Кім түспес пенделіктің қамалына....
Читать в полной версии ➜