Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 30 ответов (Результаты запроса 1 - 10) :

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып

Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып казакша Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып на казахском языке


Азия кіндігінде алаулап тағы бір таң атты. Сол таң нұрымен бірге ұлы ел оянды. Бөркін аспанға атып алпыс екі тамыры бусанып, шер мен налаға толы көкірегі қуаныштан бүр жарып, ақ түиенің қарыны жарылған, дүлдүл тұяқтың дүбіріне от беріп, көбеңсіп жеткен тәуелсіздік атты алтын бақ қазақтың басына қонды. Оң иығына күн сүйген қыранын көтеріп, сол иығына құл сүйген құранын ұстап бодандықтың уысынан шығандап барып еркіндікке қол жеткізді. Тілі, діні, ділі азат ел болды. Сүйтіп Қазақстан аты күллі әлемге жорғадай тайпала жөнелді. Желтоқсан желімен жарысып...

Маңдайына жаңадан қонған бұл тәуелсіздік бақыты аспаннан тегін май шелпек секілді жауа салмады. Жанға-жан, қанға-қан берген, елі үшін, жері үшін еркек тоқты құрбандық деп басын бәйгеге тіккен рухы өр алдаспан жарқылындай асылдардың қызыл қанымен келді. Алғашқы оттың тұтануы «1986 жылы желтоқсан оқиғасы» болып жүрегінде оты бар, ұлтын езіле, емірене сүйген қазақ жастары бүкіл комунизм дүниесіне қарсы наразылығын көрсетіп, дұшпанына жасын ойнатып, азуын айға біледі. Арыстандай айбар шегіп, барыстай атылды. Бірлігін көрсетті. Қасының десін басып көңіліне күдік орнатып жүрегіне қорқыныш атты ұя салды. Алқағаны ел, қарғағаны жер боларын ұғындырды. Шешінген судан тайынбай Қайрат Рысқұлбеков бастап ерліктің құрбаны болды. Соңғы демі таусылғанша шындық жырын шырқады. Көп ұзамай ақиқаттың ақ таңы туып соңы егемендікке ұласты. Елі тау мінезді ұлдары мен намысы алдаспан жүзіндей қыздарының ерлігін адақтап еске алып ұлықтады. Тәуелсіздіктен кейін боздақтарды еске алу күнін әр жыл сайын салтанатты әрі айбынды күллі қазақ жерінде тойлау дәстүрге айналды. Тәуелсіздік таңында туылған жас ұрпақтар ерліктеріне сүйіне қарап, таңдана жырлайтын, еске алып бой түзеп рухын оятып үлгі тұтар аңыздар тіліндей желтоқсан құрбандарының мәңгілік асқақ рухы қалды.

.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгімеТүркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгімеТүркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып на казахс, Әңгіме: Түркі жастарының алып қара шаңырағы немесе бағызы өркениеттің кіндік жұртындағы таңғажайып ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Әбіш Кекілбаев | Автомобиль

Әңгіме:   Әбіш Кекілбаев | Автомобиль казакша Әңгіме:   Әбіш Кекілбаев | Автомобиль на казахском языке

Сен ылғи шалғай қиырларға, алыс сапaрларға аттанушы ең. Сондай бір айлап-жылдап жүретін ұзақ рейстен әлі оралмай қойғаның.

Сен біздің ауылда бұрын-соңды ешкім ата кәсіп ете қоймаған жаңа өнерге бірінші боп бет бұрғандардың бірі едің - Құландар жортқан құба түзге талай-талай соны соқпақты өзің салдың. Талайларды алыс жолдарға, сәт сапарларға өзің аттандырдың. Міні әлі күнге ұлығат шеруден қалдырмай ілестіріп келе жатқан осы сапарыма арқамнан қағып, аттандырып салған өзің едің.. Сол сапар ақым, досқарызым өтелген жоқ, енді өтелмекші де емес...

Сенің атың Қобылан еді. О баста Қобыландыдай батыр болсын деп қойылған шығар.Сенің өн бойыңда, шынында да батырларға тән молдық, ерлік бар еді. Сол дархан молдығың мен кеңдігіңнен де бейбіт заманда бейуақ, опат болдың. Ақ түтек боранда бала кезден бауыр басқан рулін ғана басыңды сүйеді.

Өзіңді енді қайтып көрмес, құшақтаспас мәңгілік ғайыпқа қимайтын өз көңіліме жұбаныш болсын деп жазылғам өзің мен әріптес достарыңның сонау ақ желең жинақтары туралы осынау шағын хикаяны аяулы аға, дос, Қобылан, шофер Қобылан Зоранов, саған бағыштадым.

Aвтор.



Это как выпущенный бег, знающий свой путь...

Ригведа, Гимн Варуне

Мы живем впервые...

Юрий Олеша.

I

Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды.

.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Әбіш Кекілбаев Автомобиль туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Әбіш Кекілбаев Автомобиль на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Әбіш Кекілбаев Автомобиль туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Әбіш Кекілбаев Автомобиль на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные расск, Әңгіме: Әбіш Кекілбаев | Автомобиль ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет

Әңгіме:  Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет казакша Әңгіме:  Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет на казахском языке


Охот жағалауын тұтас тұтып жатқан тастан қараңғы суық түнде құрлық пен сулықтың ұзына бойына жайлаған екі зұлмат дүниенің дамылсыз мәңгі-бақи шайқасы толастамаған. Теңіз көшкінін құрлық кескестейді, ал су сұрапылы құрлыққа шабуылдаудан бір тынбайды-ақ. Теңіз түн-түнекте жартастарға арсылдай соғып, абалай алқынады. Теңіздің соққыларына тойтарыс берген сайын қалжырап, қара тастай қатты жер уһілейді.

Күндіз - күндіз болып, түн - түн болып дүние-әлем жаралғалы бері, мәңгі-бақи күндіз де, түнде де бұл ғаламат шайқас таусылмас. Күндіз де, түнде де...

Тағы бір түн ұйыған шақ. Теңізге аттанар қарсаңдағы түн. Бұл түні ол ұйықтаған жоқ. Ғұмырында тұңғыш рет ұйықтамады, ғұмырында тұңғыш рет ұйқысы қашты. Тезірек таң атып, тезірек теңізге тартар мезгілді аңсады. Нерпа терісінің үстінде ол сонда теңіз соққысынан жердің болар-болмас діріл қаққанын, қойнауда толқындардың арсылдап, сілесі қата тынымсыз жұлқынғанын сезіп жатты. Түн сырына құлақ түрген бала осылайша ұйқы көрмеді... .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Шыңғыс Айтматов Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Шыңғыс Айтматов Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Шыңғыс Айтматов Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Шыңғыс Айтматов Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кы, Әңгіме: Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Вальтер Скотт | Айбынды батыр Айвенго

Әңгіме:  Вальтер Скотт | Айбынды батыр Айвенго казакша Әңгіме:  Вальтер Скотт | Айбынды батыр Айвенго на казахском языке


I ТАРАУ

Өрістен малдар қайтқанда,
Қорс-қорс етіп шошқалар
Тойып ап тоңқаң қаққанда –
Отырған төбе басында
Осынау кеңесті айтқандар.

Поп, «Одиссея»

Сауықшыл сайран Англияның ерте заманда небір әсем жерлері болған ғой, сондай бір табиғаты көркем кең жазирасына о кезде Дон дариясының суы жайылатын. Шеффилд, Донкестер уалаяттарының аралығындағы сай-сала, бел-белестерді алып тұрған қалың орман, ну тоғай болатын. Уэнтворт, Уорнклиф-парктегі ақсүйектер сарайларының айналасында, Ротерхем маңында сол қалың орманның жұрнақтары күні бүгінге дейін көрініп тұрады. Ел аузындағы аңызға қарағанда, бұл араны баяғыда уонтлей аждаһасы мекен еткен екен деседі; бұл арада Ақ Роза мен Алқызыл Розаны ту ғып тұтынған халықтардың жауыққан заманында нешеме қиян-кескі ұрыстары болып өтіпті; тағы осы арада қандыбалақ қарақшылар кезінде жасақ жинап, ел шауыпты, жол тосып, тон тонапты; аты шулы қарақшылардың аламандық ерліктері ел аузында жыр боп қалыпты. .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Вальтер Скотт Айбынды батыр Айвенго туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Вальтер Скотт Айбынды батыр Айвенго на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Вальтер Скотт Айбынды батыр Айвенго туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Вальтер Скотт Айбынды батыр Айвенго на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналг, Әңгіме: Вальтер Скотт | Айбынды батыр Айвенго ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа

Әңгіме:  Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа казакша Әңгіме:  Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа на казахском языке


Елі үшін күйген,
Еңбекті сүйген,
Ізгі тілекті,
Ер жүректі,
Жұртшылық көсемі
Жалынды жастарға арнаймын.

Жазушы

БІРІНШІ БӨЛІМ

ОҚУ

Ұмытпасам, бұдан табандатқан 14-15 жылдар бұрын болса керек: Қаржасбайдың аңыраған қонақ үйіңде жиырмаға тарта баланы алқа қотан отырғызып, Мәжит қожаның азан-қазан қып оқытып жататыны. О кез Мекалайдың аузынан жалын шығып тұрған шағы еді. Ал, бұ күнде Мекалайдың жалыны түгіл, әуелі қабірін таба алар ма екенсің. Бұ күнде ондағы ызбарын төгіп отыратын Мәжекең де, бет-аузы ақпандағы алабас бураша сорағытып, ақ сабауға қош айтысып, қыжырайып, төсегінде жатыр. Пай-пай-пай! Көрінде өкіргір, Қожаекем-ай! Жөнсіз қатал едің-ау, жарықтық! «Бибіден» дабыл жесең де, жаназадан құр қалсаң да, ашуыңды балалардан алушы едің-ау! Өткен күннің белгісі жоқ қой, әйтпесе нағыз...

Әйтеуір бесті айғырдан да шақар оқытады. Қожасы бар болсын, оның басын ауыртқалы отырғам жоқ, әшейін аузыма түсіп жатыр. Со кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта — астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып, бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Со баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай ондап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа. Жас балаға лайық ат емес қой.

.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Жүсіпбек Аймауытов Қартқожа на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные р, Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Қартқожа ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт

Әңгіме:  Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт казакша Әңгіме:  Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт на казахском языке


Мен Дарджилинге жаңбырлы күні келген едім, Көше қыдыруға зауқым соқпады. Алайда үйде отыра беру де көңілді болмады.

Қонақ үйде тамақтанып алдым да, қалың табан бәтеңкемді, жалбағайлы плащымды киіп, не болса да көшеге шықтым.

Қала үстінде қалың бұлт төніп тұр. Жаңбыр шелектеп құйғандай. Құдай тағала әлемге топан суын қаптатып жіберген сияқты.

Мен есіз де көңілсіз Калькутта көшесімен жүріп келемін. Тұман мен бұлт патшалық құрған мына меңіреу дүниеден құтылғым келеді, шу-думаны бар жарық дүниеге шығып табан тіресем деймін.

Жақын бір жерден жылаған әйел даусы естілді. Қайғы-қасірет пен көз жасына толы бұл дүниеде жылау деген немене, дағдылы құбылыс емес пе! Мүмкін мен басқа бір ретте көңіл аудармай да өткен болар едім. Ал мына тұман мен бұлт өктемдік жасап тұрған бұлыңғыр дүниеде жылаған әйел даусы ғайып болған бүкіл әлемнің жоқтауы сияқтанып кетті. Мен өтіп кете алмадым.

Жақындай келе жол қапталындағы таста отырған, басында алтын түстес байлары бар қызыл киімді бір әйелді көрдім. Ақырын өксіп жылап отыр.

Бұл тегі көптен бері шемен болып көкірекке қатқан ескі құса болса керек. Торыққан көңіл, басқа түскен жалғыздық, мына бүгінгі күннің күңгірт аспаны — бәрі қосылып сол ескі дертті қозғап жіберіпті. .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Рабиндранат Тагор Үзілген үміт туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Рабиндранат Тагор Үзілген үміт на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Рабиндранат Тагор Үзілген үміт туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Рабиндранат Тагор Үзілген үміт на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интере, Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Үзілген үміт ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл

Әңгіме:  Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл казакша Әңгіме:  Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл на казахском языке


Үркіншілік

Мынау ұйқы-тұйқы дүние не болып кетті? Дәмелінің есіне бәрі түсіп жатыр...

1

«Мұрагер, мұрагер» деп ер баланы тілейтін қазақтығына басып, бұл туғанда әке-шешесі тіпті қуанбапты да. Дүниеге үшінші қыз келді дегенде, әкесі кімге өкпелегенін қайдам, ауылына екі күн бойы жоламай қойыпты. Шешесі де айыпты адамдай қатты қысылған екен. Амал не, ақыры тағдырдың жазғанымен бәрі де келіседі. «Ұл көруге жазсын» деп мұның атын Дәмелі қойғаны да сол еді. Біржарым жасқа келгенше әкесі мұның, бетінен де иіскемегенін анасы талай айтып отыратын. Ақыры бақытына артынан үш ұл бірдей еріп, Дәмелі деген атын ақтаған екен. Ұл болғанда қандай, бірінен-бірі өтіп, балуан, батыр, мерген болып өседі. Осынау Қармыс ауылына олар үлкен атақ әкеледі. Тұрғанбектің үш арысы атанады — Нарғазы, Жанғазы, Ерғазы. Оның есесіне бой жетіп, толықси отырғанда, екі әпкесі де дүние салады.

Нарғазының ел аузына іліккені сонша, Дәмелі төркінінен жырақта жүрсе де, «а, құдай-ау, тіл-көзден сақтаға» басып, айналасына түкірініп отыратын. Сонау үркіншілік жылы, ақ пен қызылдың алма-кезек айқасында, осы Нарғазы болмағанда Қармыс ауылының қырылып қалуы да сөзсіз еді. Ақылыңнан айналайын азамат, әйтеуір, қиын кезеңнен алып шықты ғой. Жағдай ауырлап бара жатқан соң, ол жылдары Дәмелі бала-шағасымен төркінін паналаған-ды. Алты жасар Ақылжанның құдай сақтап ақтың қылышынан аман қалғаны да есінде.

Осы сәт көз алдына келгенде, біреу қойнына мұз тастап жібергендей дір ете қалады. .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Кәкімжан Қазыбаев Сұрапыл туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Кәкімжан Қазыбаев Сұрапыл на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Кәкімжан Қазыбаев Сұрапыл туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Кәкімжан Қазыбаев Сұрапыл на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные расск, Әңгіме: Кәкімжан Қазыбаев | Сұрапыл ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз

Әңгіме:  Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз казакша Әңгіме:  Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз на казахском языке

БІРІНШІ ДИАЛОГ

I

Алматы жазда да, күзде де әсем ғой, шіркін! Сентябрьдың аяқ кезі болса да, астана ыстық, шуақ, жылы нұрға бөгіп тұр. Бірақ ауа райының хабаршылары бүгін жиырма бес градус ыстық болады деп айтқанымен, жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшеңдер көп кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай басатын болыпты.

Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар айқын аңғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп бара жатқан менің алдыма келіп түсті.

Комсомол көшесінің қиылысындағы «Ювелирторг» магазинінен өткеннен кейін, үйлердің номеріне көз сала бастадым. Өйткені менің іздеп келе жатқан үйім осы тұста болуға тиіс. Білетін адамдар маған магазиннен өтісімен-ақ оң жағыңа қарай бер деп түсіндірген. Расында да лезде-ақ мен бұрышында төрткіл көк қаңылтырға ақ сырмен 117 деп бадырайта жазылған номері бар үш қабат үйдің қасына келдім.

Үйдің осы номеріне көзім түскен сәтте жүрегім сәл шым ете қалып, өн бойымды әлде бір жеңіл діріл аралап өткендей болды. Ол бірте-бірте ұмытылыңқырап бара жатқан ескі сезім еді. Ұлы Отан соғысында жүрген кезімізде, шабуылға шығар алдында дәл осындай болып, көңіл қобалжыңқырайтын да, артынан дайындық басталғаннан кейін, дененің дірілі басылып, қорыққаның, қобалжығаның ұмыт боп кететін.

.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Әзілхан Нұршайықов Ақиқат пен аңыз туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Әзілхан Нұршайықов Ақиқат пен аңыз на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Әзілхан Нұршайықов Ақиқат пен аңыз туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Әзілхан Нұршайықов Ақиқат пен аңыз на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган, Әңгіме: Әзілхан Нұршайықов | Ақиқат пен аңыз ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады

Әңгіме:  Ілияс Есенберлин  Алтын аттар оянады казакша Әңгіме:  Ілияс Есенберлин  Алтын аттар оянады на казахском языке

БІРІНШІ БӨЛІМ

БІРІНШІ ТАРАУ

Біреу қызыл шұнақ үскірік қысты не сағыныштай сарғайған алтын күзді, болмаса шат көңілдей жазды жақсы көреді. Ал кей кісі төрт мезгілдің басы, тоқсан тілектің тоғысқан шағы хош иісті көктемді сүйеді.

Бұл бір қуаныш нұрына бөленген ғашық жүздер, махаббат көздер молая түскен шақ. Әлем біткен қырмызыдай сәнді келеді. Дымқыл тартқан жер бетінде көк балауса, бетеге, киік, марал, қаз оттары ду ете көтерілген. Жайшылықта иіс бермес аюбалдырған, әйбатмия, сасыр, шетендердің өздері де жұпар аңқиды. Жоқ, олар көктем исімен мұрныңды жарады. Қыс бойы бұтақтары сидиып, арық торғайдай суық желден үрпиіп сиқы кеткен қарағай, емен, ақ қайындар жасыл жапырақтарын төгіп, шыңқай бояулы суреттердей жадырай қалған. Бастарына әнші құстар қонып, құлпырған көктемді құттықтап, жаныңды жай тапқызатын шаттық үндеріне бөлеген. Өткен күзде ұшып кеткен жыл құстары, қайта оралып, қиқу салып жер мен көкті базар еткен. Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у - шуына, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Жанаргүл, қозыгүл, лала, меруерт гүлдер қауызын ашып үлгірмесе де қызғалдақ, сарғалдақтар үкілі бастары сылаңдап көздің жауын алады. Сай - салада, сылқ -сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем, өзінің ғажайып ән - күйімен сенің жаныңды, қиялыңды қуанышымен әлдилеп, .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналг, Әңгіме: Ілияс Есенберлин Алтын аттар оянады ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Бадырақ

Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Бадырақ казакша Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Бадырақ на казахском языке

I тарау

Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы. Таң алдына шейін талықсып келіп, бой жасаған өлетін адамның көзіндей ажарланып бағжиған жұлдыздар жерді албастыдай басып тұрған меңіреу қараңғылыққа әр жерден өштесіп, өжеттенгендей. Бірақ өздері еңкейіп батып бара жатқам сияқты.

Осы қараңғылықпен араласа әр ауылдың қонысында түйенің анда-санда бақ еткен дауысы естіледі. Жылқы кісінейді. Тәрізі бұл өңірдегі ауылдар көшіп жатыр. Жер салқынмен көшпесе бүгінгі кештегі қозы-лақ жете алмайтын кер баланың шеліндей бір бұйрат құм еді.

Сондықтан қатындар сүтті пісіріп, ұйытпай тұрып тұлыпқа құйып, іңірден бастап үйді жыққан. Қомның арқаны тесін қысқан түйелер бақырады.

Бір жерден қызғыш құс ұшты, ойқыр демей біреу жортып, бірнәрсе қарап келе жатқандай. Қызғыш осыдан ұшып еді. Бұл бала күреңге тоқым салып жайдақ мініп, байдікіне қонған екі қонақтың атын іздеп жүрген қойшы еді. Қойшының аты Бадырақ. Қойшы көшіп келе жатқан ауылдың жанындағы қоңыр белеске таман келіп, күреңінен топ етіп түсіп, жантайып жата кетті.

Бадырақ — байдың жалшысы. Жасы жиырманың екеуінде, орта бойлы, дембелше, жауырыны қақпақтай, жас жігіттің алыбы еді. Төбесі биіктеу, шекесі торсықтай, бүркіт қабақ есті жігіт. Арысқа түсіп алысқанда жауырыны жерге тимей жүрген, кеудесі есіктей, балтыры бесіктей бал улы, құлама жарлауыт кабак астына оты ойнай біткен қой көзі кедейліктің неше алуан езгісінен, жалшылықтың жаншуынан жасқанып, қылау құрлы көретін емес. Өзгеше бір отты қайрат қайраулы тұрғандай. Неге салсаң соны жалбыратып түсетін өткір алмас.

Бұл әке-шешесі жасында өліп жетім, панасыз қалған Қоянбай деген бала еді. Бір жұт жылы мұның шешесі болғанда қой таба алмай, қояннан қалжа жеген екен. Сондықтан мұның атын Қоянбай қоя салыпты. .....
<<< Подробнее >>>

KZ / Әңгімелер жинағы, әңгіме Ілияс Жансүгіров Бадырақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ілияс Жансүгіров Бадырақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ілияс Жансүгіров Бадырақ туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ілияс Жансүгіров Бадырақ на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналган интересные рассказ, Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Бадырақ ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер