Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 50 ответов (Результаты запроса 1 - 10) :

Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет

Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет казакша Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет на казахском языке

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінде жол ашқан акт болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жөніндегі идеяда көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей, алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі тарихи уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық, іс-әрекет қажет. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі-оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаларға бейімділігі болып табылады. ....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Әлеуметтік мемлекет жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар Политология дипломдық жұмыстар, Әлеуметтік мемлекет, дипломдык Әлеуметтік мемлекет жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар Политология дипломдық ж, Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: ПМНО | Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар

Дипломдық жұмыс:  ПМНО | Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар казакша Дипломдық жұмыс:  ПМНО | Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар на казахском языке

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.
Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар ПМНО дипломдық жұмыстар, Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар, дипломдык Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумы, Дипломдық жұмыс: ПМНО | Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы казакша Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы на казахском языке

КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар педагогика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахс, Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы казакша Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы на казахском языке

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: ХХ1 ғасыр – Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу—ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш — болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі — баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н.К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар педагогика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дип, Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы педагогикалық ұйымның ықпалы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру казакша Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру на казахском языке

Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Еліміздің егемемдік алуымен байланысты әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар мен серпімді қадамдар жүрігізіліп жатыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Бәсекеге кабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Жолдауында атап өткендей «Ұлттық бәсекелестің қабілеті бірінші кезеңде білімділік деңгейімен айқындалады» деп атауы, білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас қалыптастыруды міндеттейді.
Білім - бүгінгі күнгі жаһандану жағдайында өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі, құндылыгы болып табылады. Өлшем болатын себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады. Жаңа типті мектептерде қалыптастырылған сапалы білім сол өркениеттіліктің тетігі болып табылады. Себебі, адамзат баласын тамсандырған таңғажайып жаналықтар қашан да білімді - құндылық деп біліп, соған бүкіл мүмкіндіктерін жұмсаған.
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» деп атап көрсетілген болатын. Осыған орай қазіргі білім берудің максаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың нсгізінде дербес, жылдам өзгеріп жатқан бугінгі дүниеде лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп таүып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, Отанының әлеуметтік экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын жеке түлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (1999 ж.) «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауга бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... жеке даму үшіп жағдай туғызу арқылы интелектін байыту жатады; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп көрсетілген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әрбір мүғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет деп атап көрсетіледі, сонымен бірге мүғалім-іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кездегі мұғалімдердің оқушылардың біліктілігін жстілдірумен қатар кәсіби қызметінің ғылыми негіздерін өмірде қолда іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейді.
Осыған сәйкес «Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірісу білім бсру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін 12 жылдық білім беруге көшу қажет» деп еліміздің президенті Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетксн. Сонымен әлемдік тәжірибе көрсеткендсй білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалиы білім беретін мектептер жағдайында мүмкін болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін мектепті дамыту тұжырымдамасында мынандай міндеттер козделінген....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар педагогика жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумы, Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер на казахском языке

Кіріспе
Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.
Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40]
Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар кзак тили жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар кз, Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері на казахском языке

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломд, Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі на казахском языке

1 ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак әдебиет жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар казак, Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы на казахском языке

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өзіндік орны бар аударма өнері сан ғасырлардан тамыр тартып жатыр. Салт-дәстүрі де, әдебиеті мен мәдениеті де бір-біріне ұқсамайтын екі елдің арасында аударма екеуін жалғастырушы алтын көпір іспеттес. Аударманың тағы бір ерекшелігі ол әдебиеттің бұрынырақ пайда болған жанры болғандықтан, қалған басқа салаларға қарағанда тарихи тереңде жатыр. Қазақ аудармалары шын мәнінде мыңдаған жылдық даму жолын басынан өткерді. Мәселен, әдебиетшілер аударманың тарихын сонау XII-ХIV ғасырлардан бері қарай зерттеуді бастады. Әрине, ол кездерде қазақ әдебиетінің тарихында «Алтын орда дәуірі» деген атпен белгілі болған дәуірде аудармаға ұқсас өзгеше әдеби жанр «назирагөйлік» қатты өркендеп дамыған. Оның өзі әдеби байланыстармен қатысты екендігін осы жерден байқауға болады. Демек, аударманың өзі екі елдің бір-бірімен әдеби жағынан қарым-қатынасқа түсуі, сол арқылы елдердің арасында ортақ әдеби процестің қалыптасуы.
Аударма жанры қазақ әдебиетінде, әсіресе, өткен ғасырлардың ішінде дамудың үлкен бір белесіне жетті. Бұл тұрғыда орыс әдебиетінің классикалық үлгілерінен жасалған аудармаларды зор мақтанышпен көрсетуімізге болады. Атақты жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Жанғаливтар орыс халқының ұлы тұлғалары Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой, Н. Погодиндерден аударма жасап, көптеген озық туындыларды қазақ әдебиетінің алтын қорына әкеліп қосты. Сондықтан көптеген зерттеушілер аударма туындыларды төл әдеби мұраларымыз деп қарастырды. Аударма теориясы мен практикасын ұштастыра қарастырған әдебиеттанушы-ғалымдар Ә. Сатыбалдиев, С. Талжановтар осы саладағы жарияланып жатқан көптеген еңбектерді сарапқа салып, талдауды жүзеге асырды.
Сол сияқты көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жазылы, осы салада кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды, монографиялар жазылды. Аударманы жан-жақы қарастырудың нәтижесінде аударма теориясы деген жаңа ғылым саласы қалыптасты. Аудармалардың өзі бірнеше топтарға бөлініп, оның теориялық және практикалық негіздері дамытыла бастады.
Кеңес үкіметі кезінде аударманың теориясын қалыптастырған С. Талжанов пен Ә. Сатыбалдиев еңбектері бұл жанрдың іргесінің беки түсуіне үлкен септігін тигізді. Ә. Сатыбалдиевтің шетел, орыс жазушыларының туындыларын қазақ тіліне келістіріп аударған тамаша аудармашы екендігі мәлім. Мұның өзі ғалымның екі жақты өнерді шебер меңгергендігін көрсетеді.
Ол көркем аударма саласындағы тәжірибесіне сүйене, аудармашылық өнердің қыр-сырын терең зерттеп, оны жақсартудың нақты жолдарын саралап, құнды пікірлерін ортаға салды. Яғни, көркем аударманың теориясымен де айналысып, аудармада түпнұсқаның ерекшеліктерін сақтау, шығарманың көркемдік күшін, идеялық, эстетикалық әсерін айнытпай жеткізу сияқты мәселелерін алға тартады.
Сонымен қатар майталман теоретик аударма түрлерін де саралайды:
«Еркін аударма – түпнұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл және тартымды етіп шығара білуді еркін жеткізу тәсіліне жатқызады, оның өзін шығармашылық еркіндік деу керек.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, , Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | ХХ ғасырдағы қазақ аудармасының дамуы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері на казахском языке

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Ш.Құдайбердиев сияқты ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің белгілі өкілдерінің бірінің шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болды. Ал оның шығармаларын тілдік және стильдік жағынан қарастыру мәселесі кенже қалып отыр. Ақын шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген көлемді зерттеу, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бұл ретте зерттеуші А..Қонарбаева өз диссертациясында [1] Шәкәрім шығармашылық өнерінің тілдік қолданыс ерекшелігін қарастырған. Бірақ Шәкәрімнің шығармашылық ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыстың жазылуына сонымен бірге ақын шығармаларының тікелей әсері болды. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі кезеңіндегі көркем әдеби стильдің ерекшеліктерін көрсете алатын, қазақ тілінің бейнелілігін танытуға тиісті Ш.Құдайбердиев шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу нысанасынан тыс қалдырсақ, онда өткен ғасыр басындағы әдеби тіліміздің ерекшеліктері түгел болмас еді.
Шәкәрім шығармашылығын зерттеуді бұлайша саралап қарастыру ғалым Р.Сыздықованың айтуынша, «ойшыл, аудармашы әрі заманында мерзімді баспасөз беттерінде өзінің азаматтық үнін қосқан көп қырлы таланттың ұлттық әдеби тілдің нормалану процесіне тигізген ықпалы мен үлесін айқындаудан туып отыр ... Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызды, ал ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының» стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді» [2,187] – деген филология ғылымының докторы Р.Сыздық.
Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құдайбердиев лирикасының тілін лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеп, өлең құрылысындағы лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен сөздердің көркемдегіш құралдар түрлерінде қолданылу сипатын айқындап беру – тіл білімінде ғылыми ізденісті қажет ететін өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау. Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді атқару көзделді:
- Ш.Құдайбердиевтің поэтикалық тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктеріне тілдік-стильдік тұрғыдан талдау жасау.
- Кейбір аффикстердің қызметтерін ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да мотивтерге орай пайдаланғандығын қарастыру.
- Ш.Құдайбердиев өлеңдерінің поэтикалық тіліндегі, атап айтқанда, эпитет, теңеу, метафора, метонимия т.б. көркемдегіш құралдардың семантикалық және стилистикалық табиғатын ашу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ш.Құдайбердиевтің ақындық шеберлігін зерттеу барысында оның поэтикалық тілі бейнелегіш-көркемдегіш сөздерге бай екендігі және оның ұтымды қолдануда өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екендігі ашылды. Ақын лирикалық шығармаларында тілімізде бұрыннан бар фразеологизмдердің жаңа құрылымдарын жасап, варианттылық әдісіне көп жүгінген, сөзге образдылық сипат беруге барынша көңіл бөлген. Ақын стильдік құралдарды – троп түрлерін, омонимдерді, антонимдерді, синонимдерді, тұрақты сөз тіркестерді тағы басқаларды шебер қолданған. Сол арқылы Ш.Құдайбердиевтің қазақ поэзиясына, әсіресе, сөздік құрамының баюына көп үлес қосқандығы белгілі болды. Бұл диплом жұмысында алғаш рет Шәкәрім шығармашылығындағы кейбір сөзжасамдық тұлғалардың қолданылу ерекшелігі айқындалады. Ақынның поэтикалық тілі қазақ поэзиясын жаңа белеске-көркемдік дәрежеге жеткізгені анықталады.
Зерттеудің нысаны. Ш. Құдайбердиев шығармашылығындағы қазақ әдеби тілінің лексикасын және сөз жасау тәсілдерін саралап, мағыналық реңктерін талдау, жүйелеу, көріктеуіш тәсілдерін зерттеу мәселелері жатады.....
<<< Подробнее >>>

KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском д, Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін