Попробуйте найти с помощью Google

Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 364 ответов (Результаты запроса 1 - 25) :

Тәрбие сағаты: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп - бізді шақырады)

Тәрбие сағаты: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп - бізді шақырады)

Сабақтың тақырыбы: 1 қыркүйек - Білім күні (Мектеп- бізді шақырады)

Мақсаты: Балаларды мектепке шығарып салу кешінде жыл бойы алған білімдерін бекіту,білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген сөздерге сөйлем құрау,есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Топ бөлмесінде шарлар,қанатты сөздер ілініп,ертеңгілікке сай безендірілген.

Мұғалім: Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар,аяулы ұстаздар.Мектеп бізді шақырады атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер бүгінде бойларында үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық тобын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы тұр.Қадамдарың құтты болсын жас бүлдіршіндер.Қазір алдарыңызда тұрған бүлдіршіндер дайындық тобынан 9 ай ішінде алған білімдерін, ортаға салып,өнерлерін көрсетпекші.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың,
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Ендігі кезекті балаларға берейік........
Подробнее

Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер. Рамазан айы

Алғаш рет ораза ұстайтын кісілерге қажетті мәліметтер. Рамазан айы

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»[1].
Подробнее

Махаббат хикаясы: Мәңгілік көктем

Махаббат хикаясы: Мәңгілік көктем

Семейге көктем ерте келді. Бірақ тосын келді. Біреуге - жол, біреуге - қор болып келді. Десе де, көптен бері көңілімде жүрген көмескі ойды сеңдей соғып кетті. Жол болды дегенім –өз басым шын сүйгенімді кездестірдім. Қор болды дегенім –маңайымдағылардың махаббаты. Осы әңгімесымағымды жазуыма ықпал еткен, қарындасымдай көретін қазақтың қаракөз қыздарының бірінің басынан өткен әңгімесі еді. Ендеше сөзімді «жол болдыдан» бастайын.

Шынымен де менің жолым болғыш. Семейдің білдей бір зәулім университетінде оқып жатырмын. Талайлар бұл орынға түсе алмай быжақтап жүр, ал мен ұйқтап жүріп, тәлейім болып түсіп кеттім. Содан арқаны кеңге салып, Өскеменге, жүріп жүрген қызыма аттандым. Албырт көңілім алып ұшты ғашығыма.

Сәскеде Ертіс бойында Қаракөзбен кездестім. Қол ұстасып, қауышып, жағалауда көп жүрдік. Кешкісін оны биге шақырдым, дос қызымен келді. Есімі- Гүлмира. Сол түні бидің түбін түсірдік.

Ертесінде түстен кейін Семейге кайтатын болдым. Қаракөзбен қимай-қимай қоштастым. Ол суық қоштасты...жанарында қимастықтан гөрі қиналыс бар......
Подробнее

Махаббат хикаясы: Өмір-өзен

Махаббат хикаясы: Өмір-өзен

Күз. Түн. Қараңғы көше. Мейірғұлдың айдарын Нұраның салқын самалы сыйпап өтті. Осы желдің әсері болар, Мейірғұл өзен жаққа қарап, терең ойларға шомды. Қайран, Нұраның сағындырған самалы! Сенімен қауышуды әскер қатарында жүргенде қанша уақыт асықтым деп сұрасаңшы, жарықтық - Нұра!? Бірақ қалай сұрарсың!? Бұл фәниде тіл тек қана гомосапиенс аталатын жаратылысқа ғана тән. Ал сенде, Нұра, жан жоқ. Тіл жоқ. Сен бұдан адасың. Сені Тәңір өзен қылып жаратты. Суың талай жылдар осылайша бір қалыппен ағып, Сайын Сарыарқаның сар даласының сан шақырымын кезіп иә кесіп өтеді. Күндіз де, түнде де, ыстық болсын иә суық болсын сен үнсіз ғана өз арнаңмен аға бересің, аға бересің... Аталған арнаң – сенің өмірлік жолын, күре тамырың. Бұл жол ешқашан өзгермек емес. Ол – бірқалыпты. Ал, адам баласының жолы – қиралаң-қиралаң, бұрылыстары көп кездесетін жол. Оны сүрінбей өту - біздің қолымызда. Бұл жолдың қызығы менен шыжығы, қайғы-қасіреті қатар жүреді. Жын-шайтан деген пәле мен періште сынды пәкиза жаратылыстар кездеседі. Ал үстімізде әманда Алла тұрады. Тәңір және оның пәк, күнәдан ада періштелер і бізді тура жолға бастағысы келсе, Ібіліс пен оның шайтандары бізді азғырып, ақ жолдан тайдырып, қадамымызды қате бастыруды армандайды. Көрдің бе, адамның қандай тосыны көп жолы бар!? Бұл жолдың аты - өмір екенін сенде сезетін шығарсың, асыл өзенім!? Сенің толқындарында, тілсіз суында қандай сыр жасырылу тұр екен, ол маған беймәлім! Сенің жағалауында нешеме жігіт ат суарып, талай бұрымды қыздар шелектерін арқалап, бір-бірімен танысып, бақытты отбасы құрған болар! Ол, әрине, қуаныш. Ал сенің суына қанша адам баласы батып, о дүниелік болған ? Сенің жағалауына қанша пенденің көз жасы тамған!? Сенің суын қанша баланы әкесіз қалдырған екен, ол әрине, беймәлім нәрсе. Мен ессіз сәби, жөргекте жүрген кезімде сенің суына әкем батқан еді. Қайран әкем, балықшы еді. Сол мақұлықтардың әлеміне кетті ғой! Әрбір бос уақытын осы балық аулаумен өткізетін. Әрине, бұл қайғылы жағдай. Ондайдан құдай сақтасын! Дегенмен, саған оның келіп-кетері жоқ. Сен естімейсің де, көрмейсің де. Баяғы қалпыңмен үнсіз аға бересің, аға бересің... Осы кезде Мейірғұл жаурағанын сезді. Терең ойларға батқан бойы Нұраның жағасында келіп тұрғанын байқады. “Айлы түнде сен қандай сұлу едің, Нұра!? Бұрынырақта қалайша байқамаған едім?” – деп, тағы да бір ойлады Мейірғұл. .....
Подробнее

Шығарма: Шардара барсаң, шайырмын деме

Шығарма: Шардара барсаң, шайырмын деме

Менің жұдырықтай жүрегімнен жарты әлемдей орын алған, түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да жаныңа шипа, дертіңе дауа болатын қасиетті туған жерім – тарихкөз тарландар тараған Шардара. Шардарамыз – өнер мен мәдениеттің қайнаған қазаны. Жер-анасы алдындағы қасиетті парызын терең білімі, қилы өнерімен өтеп жүрген жалынды ұл – қыздардың ішінде өлкеміздің дана болмысты, ақиық ақындар тобының қай кезеңде де мәртебесі биік. Әрбіріміздің көңіл көкжиегімізде туған жеріміздің алып тұлғалары дегенде, ә дегеннен-ақ бір кітап боларлық ақын-жазушы есімдері елес береді десем де артық емес. Шағыл құм шабыт берген шайырлардың ұлы көші- шығармашыл Шардараның аяулылары Қасқыр Серікбаев, Бауыржан Қарабеков,Жұмабек Мұқанов,Әмірхан Балқыбек,Нұрғали Ыбырайым, Әлібек Шегебай, Қазыбек Иса, Құрманбек Шәметов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш сынды дарабоз ақындардан бастау алып,Әбдіғаппар Айдаров, Қанат Дауылбаев, Сәбит Лаханов, Ажар Сламова сияқты шоқжұлдыздар шоғырымен жалғасын тапқан. Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. Қашанда қабағы ашық құмды мекеннің мақтан тұтары - Бауыржан Қарабеков: Өмірде шалқыдық па көк теңіз боп, Әйтеуір артымызда өткен із көп.

Шығып ем Шардарадан...шартараптан,

Келемін әлі күнге көктем іздеп,- деп туған өлкесін жырында тіліне тиек ете жүретінін көрсетеді. «Ер – туған жеріне»,-демей ме, ендеше өлеңімен туған аймағының атын шығарған Бауыржан атамыз- нағыз ер. Ал ақындық майданында талай жауынгерді шыңдап шығарған ардагер ақын Қасқыр Серікбаевтың шумақтары өсиетке толылығымен ерекшеленеді.Ақын өлеңінде: Құмар бол жастан білімге,

Кімдігің қызыл тіліңде.

Сәл нәрсеге шалқайып,

Сәл нәрсеге бүлінбе, -дей келіп, тірлігіңде жастарға үлгі болатын жақсы сөз қалдыруды насихат етеді. Жалпы, Қасқыр ақын шығармашылығында Майлықожа үлгісі байқалады. Шағалалы сұлу Сырымызды сөзіне қоспаған Шардаралық шайыр жоқ шығар. Солардың бірегейі, абыз даланың бауырында еркелей ескен Сырдариясын: Сұлу Сыр,.....
Подробнее

Эссе: Туған жер айналдым сенен

Эссе: Туған жер айналдым сенен

Туған жер алтын бесік, асыл анам.Әлемнің жеті кереметінен де асып түсерлік кіндік қаным тамған Қазақстаным-мына менің сәби жүрегімнен ойып тұрып орын алған.Өзге елде мекен етіп жатқан қандастарыма арман болған елімнің қадірін мен жақсы түсінемін.Сол үшін де қадірлеймін..жақсы көремін..

Шыр етіп дүние есігін ашқан кезде туған жер деген ұғымды мен бірден түсіне қойғам жоқ.Еліңді сүй деп те ешкім құлағыма құя қоймады.Тарихтың қойнауынан сыр шерте жүріп рухани бай әрі қайырымды халқы бар Отанымның құндылығын ұға бастадым.Өз отанымды сүюді үйрендім.Өз елін менсінбей қарайтын бауырларымды мен түсінбеймін.Туған жеріміз кеше ғана есін жиып,аяққа тұрса да АҚШ пен Қытайдан кем түспейді!Дарынды ,кемел ұрпақ керек болса небір вундеркинд балалар өз елімізде бар.Ресейдің кең байтақ жерін айтсаңыз, Қазақстанның пайдалы қазбаларын сөзге тиек етемін.Біздің елдің байлығына Ресей тең бола алады ма? Швейцариядың табиғатын айтсаңыз, Көкшетауға билет сатып әперейін!Бурабайдың сұлулығын көріп,өз еліңізге қалай тамсанбас екенсіз?Әлем әдебиетін ауыз толтыра мақтамас бұрын «Абай жолын» оқып шығуыңызды сұрар едім.

Бабалардан қалған асыл мұраның,Сәтпаев ашып кеткен мол қазынаның байбына жете қоймаған ұрпаққа Елбасымыз бастаған «Рухани Жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бір серпіліс әкелгендей болды.Бұл жобалар шын мәнінде жастардың ізденуіне жол ашты.Осы жолда Отанын жақсы тани түскен жандар сөзсіз өз елінің патриоты атанды......
Подробнее

Шығарма: Менің сүйікті ұстазым

Шығарма: Менің сүйікті ұстазым

Кіріспе:
Ұстаз-ұлы есім. Атауының өзі ерекше. Әр үйдің баласын өз баласындай көретін асыл тұлға жайлы қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өзі бас иіп:

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да ардақтауға міндеттіміз» деген-ді.
Шыныменде, бізге ата-анадан кейінгі тәрбие беруші ұстаз.Ұстаздардың қадірлі екені «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» деген ата-бабаларымыздың мақалының өзінен айқын көруге болады.

Менің де мектеп табалдырығын аттаған сәттен сүйікті ұстазым пайда болған-ды. Оның әр балаға тараған жылы сезімі мені де баурап алған ғой.
Менің бойымдағы ерекше дарынды байқап, мені шыңдаған алғашқы бастауыш мұғалімім Ергенқызы Гүлбану.Ол кісінің арқасында қазір мен дарындылар ортасы "Дарын" мектеп-лицейінің оқушысы атандым.

Негізгі бөлім:

Әр бала Күзгі серпінмен Қыркүйектің алғашқы жұлдызынан бастап мектеп әлеміне аттанады. Осы уақыттан бастап олардың алғашқы және сүйікті ұстаздары пайда болады. Ұстаздар балалардың жүрегін жылы лебіздерімен бірден нұр секілді жаулап алып, бір баланың сүйікті ұстаздарына айналады... Әлі оң солын тани алмайтын жас сәбилер сондағы ұстаз дегеннің кім екенін біліп, менің жақсы көретін ұстазым осы деп көрсеткенде, ұстаздардың жылы күлкісінің өзі жас сәбидің жүрегіне жылу болғанын қарашы деп ойлайсың. .....
Подробнее

Шығарма: Мағжанның маржан махаббаты

Шығарма: Мағжанның маржан махаббаты

«Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтпақшы, махаббат-ұлы сезім. Әр адам өмірде түрлі сезімдерді бастан кешеді. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап жан-жағында болып жатқан іс-әрекеттерге,жанындағы адамдарға деген қызығушылық,әлемді тануға деген ұмтылыс болады. Өсе келе ол ата-анасын,туыстарын танып,оларға деген ыстық махаббатты сезінеді. Жаңа достар тауып,мектеп табалдырығын аттайды. Білім алуға құлшынысы артып,алдына мақсат қояды. Достарына,ұстаздарына,жақындарына деген бір ыстық сезім болады. Бұл-махаббат. Махаббат-ізгі сезім,нәзік сезім. Бұл сезім белгілі бір жанға немесе жаныңа жақын істерге ашылуы мүмкін. Ал ғашық болу-одан да ыстық. Сен ғашық болған сәтте әлем өзгеріп,құлпырып сала бергендей болады. Сенің көзіңе ерекше сұлулық елестейді. Тек жақсылықтарды ғана көресің. Ал өзің ғашық болған жан ең ерекше,дара жан болып көрінері сөзсізү. Ол жанның тек ерекшеліктеріне мән беріп,кемшіліктерін көрмеуге тырысасың. Тіпті сол бір жан үшін өз кемшіліктеріңді жоюға тырысасың. Өміріңді сол жансыз елестете алмайтындайсың.Ол-өміріңнің мәні,сәні. Егер бұл сезім оңынан болып,махаббатқа ұласса,ол жан сенің бір бөлшегіңе айналады. Ғалымдардың айтуынша «жүрек қателеспейді». Ендеше,таңдау жасар алдында ең бірінші жүрек үніне құлақ түру керек деп ойлаймын.

Махаббат тақырыбына поэзиясының бір бөлігін арнаған «Алаш» партиясының мүшесі,біртуар ақын Мағжан Жұмабаев болып табылады. Мағжан Жұмабаев тек әлеуметтік мәселелерді қозғап қана қоймай, махаббат туралы «Жас келін» ,«Зарлы сұлу», «Сүйгенім», «Алданған сұлу» секілді өлеңдер жазған.

«Сүйгеніме» өлеңін,аты айтып тұрғандай,махаббатына арнаған. Өлең жолдарындағы «Жандым-күйдім,сені ойлап,дамыл көрмей,Еш жанға сенен басқа көңәл бөлмей» деген сөздерден оның өз сүйгеніне деген адалдығын анық байқауға болады.Бұл өлең жолдары жай ғана махаббат емес,баянсыз,сұсты,қатал махаббатты көрсетеді.Өйткені,бұл-жауапсыз махаббат.Сенің күні-түні ойлап жүрген адамыңның саған ешқандай сезімі жоқтығын,сезіміңе жауап қатпайтындығын білу,әрине,өте қиын. Өлеңнен «Өміріңше «кет әрменнен» айырмадың!» деген жолдарды оқимыз. Осы екі ауыз сөздің өзі сүйектен өтеді......
Подробнее

Эссе: Балалықтың – бал дәурені

Эссе: Балалықтың – бал дәурені

Жетінші қара сөзінде Абай : «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, екіншісі –білсем, көрсем, үйренсем деген жан құмары» -дей келіп, баланың көргеніне талпынатынын, көзі көрген мен құлағы естігеннің бәрін білгісі келетінін жақсы сипаттайды. Шынында да, бала кезде бәріміз де дүниенің бар сырын танып –білгіміз келіп, алға ұмтылып, тезірек өскіміз келіп, үлкендерге еліктеп жүретініміз анық. Мүмкін, сонысымен де балалық шақты бал дәуренге теңеген болар?! Әйтеуір, үлкендер бала кездерін еске алса, еріксіз жымиып не қатты қиялға батып, қайта айналып келмес бал дәуренді аңсап жатады. Себебі балалық шақ – адам өмірінің ең аяулы, ең тәтті, ең қызық сәті. Иә, бал шақтың қадірін ерке кезде аңғармай өткізіп аламыз. Мен де қазір сол бір ата-анамның басымнан сипап, қыңқылдап сұрағанымның бәрін де алып беріп, асты-үстіме түскен кездеріндегі шат көңілім мен сәбилік еркелігімді еске алып отырмын. Сол кезде Мұқағали ақынның «Сәби болғым келеді» деген әні еріксіз еске түседі. Шынында да, «тұлымында күн сәулесі ойнақтаған, аузынан ана сүті арылмаған сәби» болу қандай бақыт десеңші, шіркін! Ата- ана үшін сол сәбидің амандығынан артық бақыт болмайды, бар әлем оған бас иіп тұрғандай. Бала кезде дос болу да оңай, дос табу да оңай. Себебі бала көңілі аппақ қардай тап-таза болады. Сол кіршіксіз сезімнен таза достық, жақсы ниет, адал көмек туындап жатады. Біреудің жылағанын көріп, өзі де жылай салатын да сол бала көңілі емес пе?! Сол сияқты қолындағысын ойланбай бере салатын ақ көңіл жомарт пен дарқан жүректің иесі де – көбіне тәп-тәтті балдырғандар. Олардың тілін айтсаңызшы!.....
Подробнее

Шығарма: Қазақ-қызымен қазақ

Шығарма: Қазақ-қызымен қазақ

Қазақ қызы -
Қазақтың мақтанышы
Ерлігіне ескерткіш қойылмаған
К.Ахметова

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының «Қызға қырық үйден тыйым» деп қыз баласының болашағы мен тәлім-тәрбиесіне ерекше мән бергені әлімсақтан аян. Сөз жақсысын келістірген хакім Абай:

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін,-деп өлеңіне өрнек еткен қазақ қызы - иба мен инабатты, сұлу сымбатты бір бойына жинаған көркем жаратылыс. Қайран, қазақтың қыздары –ай... Осылай деуімнің себебі жоқ емес. Нәубетті тарих көшінің сахнасында қыз мұңлықтың тағдыры талай таразыға түсті. Қазақ әйелі, қазақ қызы биязы мінезі, ашық көңілі, жоғары парасат-пайымымен халқымыздың даналығын танытқан ұлт айнасы десек асыра айтпағанымыз. Теңіздей терең түсінігі, ділмәр шешендігі, төл дәстүрлеріміздің қаймағын бұзбай сақтаған беріктігімен Құнанбай, Абайдай алыптарды тәрбиелеген Зере, елім деп еміренген батыр Бауыржанды үш жасынан бауырына салған Қызтумас, Шоқандай шоқжұлдызды өсиет әңгіме, ойлы ертегілерімен білімге, адамгершілікке баулып, жетілдірген Айғаным,аналық мейірімі, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаздығымен ұрпағының ұранына айналған Домалақ анадай ел аналары бұл сөзіме дәлел.
Подробнее

Шығарма: Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

Шығарма: Шығыстың батыр қыздары – Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова ерліктерінің қазақстандық патриотизмді дамытудағы тарихи маңызы

Жасырмай айтар болсам жан сырымды ,
Тағдырым қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
Подробнее

Шығарма: Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шығарма: Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Шіркін, төбе құйқаңды шымырлатып, жылы сөйлеп жыланды інінен еріксіз шығаратын, тас жар алмаса да бас жаратын, сүйексіз болғанмен сүйектен өтетін қасиетіңнен айналдым, тілім! Ұлттың сүйенетін тамыры да, асыл ойдың қайнар бұлағы да өзіңсің, тілім! Сол тамырыңның тереңге жайылуын қалап, қайнар бұлағыңның иненің жасуындай болсын ластануын қаламаған, қайран қазағым-ай! Соншама жыл тар жол тайғақ кешуде де аяғыңды шалыс баспай, туған елінің күйі үшін, тілі үшін, діні, ділі үшін боз інгендей боздаған қайран қазағымның ерен еңбегін тайға таңба басқандай білсем нұр үстіне нұр. Ата-бабадан қалған аманатқа қиянат жасау кешірілмес қылмыс.

Қазағымның сөнбейтін алтын күні – ана тілім. Елдігіміз бен бірлігіміздің туы болып саналатын қасиетіңнен айналдым, құдіреттім! Ұшса құстың қанаты талатын сары даланы сақтап қалуда жан-жігерін аямаған ата-баба рухымен дарыған сендік құдірет алпыс екі тамырымда соғып тұрғаны баға жетпес бақыт. Құндағымнан ананың әлдилеген үнінен сәби денеме сіңгенің өмірлік азық, рухымның ұшар биігі, ұлтымның өміршеңдігі.

Сенің өн бойыңа жан бітіріп, оны ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келуі, қашанда көзінің қарашағындай қастерлеп біздерге аманаттаған ата-баба рухына сан мыңдаған алғысымызды білдіреміз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры болып саналатын тілімнің тілінгенін көру жүрекке үскідей қадалады.

Шіркін, «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?», - дейді қариялар. Айдың, күнің аманында, егемендігін алған, ұшса құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жері бар, тәуелсіз ел жұртының өз ана тіліне жаны ашымауы мүмкін емес. Дей тұрғанмен, қызыл тілді қызыққа айналдырған қуыс кеуде жандардың сиқын көріп олай айта алмайсың. .....
Подробнее

Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан

Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіздік. Еркіндік. Бұл ұғымдар айтар ауызға қауырсындай жеңіл болғанымен, сайып келгенде қорғасындай ауыр, талай аққан тер мен төгілген қанның, жаңбырша тамған көз жастардың дәлелі. Бабаларымыздың сан ғасырдан бергі арманы, қазақ еліне 1991 жылы 16 желтоқсанда «тәуелсіздік» таңбасы өшпестей мөр болып басылды.

Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Япыр-ай, қайран қазағымның басына нендей күндер тумады десеңші? Елі қанбай, ері сусын ішпеген, аттың жалында, түйенің қомында, ат ауыздығымен алысып, ер етегімен күн кешкен аласапыран заманда бесіктегі нәрестенің де басы алыныған-ды. Ер азаматтарымызбен қатар ақ жаулықтыларымыз да қолға қару алып, атқа да қонды. Біреудің көлеңкесінде жүруді көксемеді, біреудің тізесіне бас имеді. Тек азат ел болуды мақсат етті, «Алаш» деп ұрандатқан ата-бабаларымыздың аманатына қиянат етпеді.

Азалы жылдардың атасы атанған ашаршылық та қазақ елін айналып өткен емес. «Елім-ай» деп еңіреп, бір уыс нан да таба алмай аштан бұратылып өлген халқымыз бүгінгі азат күннің туарын білді ме екен? Жаңадан туған шаранасына ақ сүтін де бере алмай, тіпті бір- бірінің еттерін де жеуден тайынбаған қасіретті жылдар да сүйегімізге таңба болып басылды.......
Подробнее

Шығарма: Адамзат құқығы мен бостандығы – ең қымбат құндылық!

Шығарма: Адамзат құқығы мен бостандығы – ең қымбат құндылық!

Әр заманның өз рәсімі, өз салты бар. Біздің замандағы салт: әркім өз құқына таласу, құқына тартысу болады.
Әлихан Бөкейхан

Тіршілік нышаны айқын, парасат кемелдігіне қол жеткізген, құндақталған сәби болмысынан бастап еркіндік жазуы маңдайына таңбаланған адамзат баласының телегей теңіз көңілін шайқап, тарихи таңбасына дақ түсірер; бар арман-мұратын мансұқ етіп, өмірлік мақсат-міндетіне күл шашатын кезеңдер тарихи-баян, яғни, қышқа қашалып, тасқа таңбаланған өткенімізде аз болмапты. Зобалаң мен зорлықта жүріп, бұлыңғыр мен буалдыр кезеңдерді өткеріппіз. Тұтас қарға тамырлы қазақ емес, бар әлем. Бір балаң емес, бар қоғам басыбайлылықтың қамытын киіпті. Айғақтаушы – тарих, арылтушы – ата заң есебінде... Абай атам айтқандай, келер заманың – көк тұман, шұғыла-жарығың көмескі. Адам тағдырының шерін бар әлем жырлап жатқанда, біздің дала ерекше күңіреніпті... олай болмасқа себеп те жоқ екен. Себебі, орын алған кез келген тарихи трагедияның ұстыны – адам тағдыры, тұлға құқығы және жеке бас еркінің бұзылмайтын бостандығы түсінігінде жүрген. Келіспеушілік пен келеңсіздіктер де осы тараптарда тарих таразысында әділетсіз әрі аяусыз өлшеніпті.........
Подробнее

Шығарма: Тәуелсіздіктің ақ таңы

Шығарма: Тәуелсіздіктің ақ таңы

Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы.
Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды. ....
Подробнее

Шығарма: Тәуелсіздік

Шығарма: Тәуелсіздік

Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?”, «Қай жерді мекен еттік?», «Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?».
Біз өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұнның қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспандағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.
О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің урпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?! Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығы берік сақтауымыз керек.
1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өледе жаңа мемлекеттік дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттықты аңсаған қаһарман халықтың тәуелсәздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлыгына қарсы 200-ден астам ұлт азатық көтерілістерге шыққан екен. Сонын ең соңғысы таталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болды.
Тәуелсіздік-біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас бөлігі. Біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам бастық. Бұдан жұртты бүгінгідей күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық......
Подробнее

Шығарма: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Шығарма: Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым

Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы.
Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......
Подробнее

Шығарма: Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы

Шығарма: Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы

Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы
мен дербес даму жолындағы санғасырлық
күрес нәтижесі.
Н.Ә.Назарбаев
Тәуелсіздік! Неткен керемет, шуақты ұғым! Осы бір сөз жаныңа жүрегіңнен де жақын, от жалынынан да ыстық, Алатаудан да асқақ, мұхиттан да терең сезіледі.
Мына бір көрініске көз жүгіртіп қараңызшы...Аспанмен таласқан ұшар басы сұлудың сәукелесіндей әдемі, аппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке тіке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар,алып шыңдар,тау төсін тауысша түрлендірген,сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, қыз-бозбала күлкісіндей сыңғырлай аққан бұлақтар,әсем әнімен жаныңды тербететұғын самал жел,сағымдай мұнартқан шөлдер.
Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүруде.Олардың өзіндік халық болып қалыптасу тарихы да бар. Атырау-Алтай арасын, Алатау-Арқа даласын, ана сүтін арда емген, ақпейіл қазақ баласы ықылым заманнан ата жұрттың киесі қонып, осы даланың иесі болып келеді. Қазақ қазақ болғалы нені бастан кешпеді, жалындаған намысына су бүрікті-өшпеді, қылбұрау сап шыңғыртты, сағыңды талай сындыртты. Біз тақымымызға бір тисе деп арман еткен тұлпардың қолымызға ер-тұрмансыз,ноқта-жүгенсіз түсіп,жанына ғана жалаң қолмен жармасқанымызды ұмытпақ емеспіз. Жұмыр жердің тыныстіршілігін, оның тағдырын, асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген-ұлы көне өмір көші.Осы көштің қарға тамырлы қазақ халқының қатпар-қатпар тарих қойнауына көз жүгіртсең, шулы ғасырдың, жұмыр басты пенденің шақшадай басын шарадай етіп, шаршы топты шырғалаңға тартқан шағында, етегін жаспен жуған қасіреті де, шаттанып күлген қуанышы да жеткілікті сияқты. .....
Подробнее

Шығарма: Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр

Шығарма: Ерліктің белгісіндей ару-ғұмыр

... Авторы есімде жоқ. ұмытпасам «Жас алаш» газетінен ғой деймін, «Мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна» деп аталатын мақаланы оқығам... Ресей елінің Самара облысындағы Үлкен Киннель өзенінің жанындағы тік жарқабақ пен сол жарқабақтың үстінде орнатылған солдат Анасы мен оның тоғыз перзентінің құрметіне қойылған керемет ескерткіш бар екен. Мақаланы оқыдым, ескерткішті көрдім де, қайран қалдым, қараптан-қарап көзіме жас тығылды. Өмір бойы күйеуі мен балаларының тілеушісі болып келген қайран Ана жүрегі ғұмыр бойы күткен үмітінің бір-ақ сәтте тасқа айналғанын көтере алмады ма, әлде барлық аналық мейірімін соғыс ұрлаған қатыгез тағдырына налыды ма соңғы –«қара қағаз» келген күні бұл өмірден жүріп кетіпті. Сол анаға, ерліктің Анасына қойылған ескерткіш сонау көкжиекке – балалары кеткен жаққа сол күйі қалт етпестен қарап тұр. Кеудесі шыраққа, жанары үмітке толы, келбетінде арманын сағынышқа суарған мұң бар секілденеді. Өз халқына деген шексіз махаббаттан тұратын төзім арқалағандай...
Ана мүсінінің үстімен мәңгілікке ұмтылған тоғыз тырна әлдеқайда тыраулап ұшып бара жатыр... Ана, қашан да Ана! Орыс солдаты Анасының жүрегіндегі асыл арманы, бойындағы ерлігі мұңы бір барлық Аналардың мұратымен астасып жатты. Қайнаған еңбек даласында жаулығы желбіреп, әлсін-әлсін көкжиекке көз тастап, бұлдыраған сағым арасынан қараңдаған сұлба іздеп үміттенген Аналардың бел қайысар қасіретін шертіп тарих беттері қан жылайды. Осы мақаланы оқи отырып, зілмауыр қасіретті, қайғыны нәзік иығымен арқалай білген қазақ әйелі,
«Бала дәурен өтті ғой құйындаған,
Балы менен шекері бұйырмаған», деп жылай жүріп, көкелерін сағына жүріп ержеткен соғыс жылдарындағы балалар, рухын құлатпаған, жігерлері жасымаған, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен аталарымыздың ерліктерін еске түсірдім, түсірдім де «өзім жығылсам жығылайын, бірақ халқымның туы жығылмасыншы» деп өзін құрбандыққа шалған бабаларымыздың бүгінгі ұрпағының атынан бас иіп, тағзым еттім.......
Подробнее

Шығарма: Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Шығарма: Бейбіт өмір – ата-бабалар арманы, ұрпақ мақсаты

Қажеті жоқ...
Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып ізденейік.
Ги де Мопассон
Соғыс. Бұл - құлаққа жағымсыз естілетін сөз, азабы мол нәубат. Бес әріп пен дыбыстан құралған кішкентай сөз болғанымен, астарында салмағы ауыр терең мағына жатыр. «Соғыс» деген сөзді естігенде құлағыма алыстан тарстұрс атылған мылтық оқтарының, пулемет гүрсілінің, жарылған снарядтардың дыбысы келіп, жан мен тәннің өмір үшін арпалысқан сурет елестейді. Иә, жан мен тәннің тізе қосқан ерлігі мен елдігі, ақыл мен жүректің ар алдында жасаған ерлігі. Себебі соғысқа аттанған әрбір жан отбасы, туғандары, отандастарына жауды жеңу туралы серт берді емес пе?! Сүйген жарларын, сәбилерін құшып, қоштасарда жеңіспен оралатындығын айтып кетті емес пе? Сондықтан олар ар алдында жауапты. Ал біз, еліміздің болашағы - жастар, не үшін жауаптымыз? Мені бұл сұрақ ойландырды. Тағзым, алғыс, құрмет деген сөздер бірінен соң бірі келе бастады. Мен тарихқа көз жүгірттім. Бастапқыда адамзат тіршілігі өмір үшін күрес болды, себебі тек мықтылар мен күштілер, бәсекеге қабілеттілер өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Алға жылжып, дамудың келесі сатысында адамдар жер үшін, одан соң билік үшін таласты. Ал ең сұрапылы әрі жиіркеніштісі адамдардың соғысты қорғану үшін емес, бейбіт жатқан елдерді қырып-жою үшін ашуы, соғыс сыртқы жауға төтеп беру құралы емес, соғыстың мансап, билікті нығайту құралына айналуы......
Подробнее

Шығарма: Сыйға тартылған бақытты өмір

Шығарма: Сыйға тартылған бақытты өмір

Барша халық жеңіс күнін тойлайды,
Жас сәбилер думандатып ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас алып,
Ұрпақтардың амандығын ойлайды.
Aдaмзaт тaрихындaғы eң сұмдық сoғыстың бoлып өткeніне 71 жылғa тaяп қaлды. Бірaқ Ұлы Жeңістің ұмытылмaйтыны сияқты, сoғыс тa ұмытылмaстaй ізін қaлдырды. Жeңіс күні-бұл сaн мыңдaғaн ұрпaқ үшін oртaқ мереке. Бұл мeрeке-бeйбітшілік пен қaйырымдылықтың мәңгі жaсaмпaздығын, Oтaнын қoрғaғaн жaуынгeр-сoлдaттaр мен oфицерлeрдің aйбыны, тылдaғы Жeңісті жaқындaғaн жұмысшылaрдың eрлік eңбeктерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін бeлгі болып қaлмақ. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең қатыгез соғыс болып табылады. Майданға 61 мемлекет, жер шары тұрғындарының 80% қатысты, соғыс қимылдары 40 мемлекеттің аймағында, сондай-ақ, теңіздер мен мұхиттар аумағында жүргізілді. Қарулы күштерге барлық елдерді қоса алғанда 110 млн. адам біріктірілді. Әлем халқы фашизмді жеңу үшін құндылықтарын құрбан етті. Барлық елдердегі адам шығыны - 50 млн-ды құраса, оның ішінде 27 млн. адам – кеңес үкіметінің халқы. Соғыс аяқталғаннан бері 71 жыл өтті. Уақыт өте келе бұрынғы окоптардың орны білінбей де қалды, шайқастар өткен далада қазіргі таңда егістік алқаптары жайқалып тұр, фашистер талқандаған қалалар мен ауылдар қайта тұрғызылды. Соғыс іздері Жер бетінен өшіп қалғандай, әйтсе де, жаңғырығы әр адамның жадында сақталуда.....
Подробнее

Шығарма: Бейбіт өмірге 75 жыл!

Шығарма: Бейбіт өмірге 75  жыл!

Бүгінгі ұрпақ Ұлы Жеңісті алып берген аға буын алдында әрқашан қарыздар
Н.Ә.Назарбаев.
Көшсе де жерден жасыл шатырлары,
Ізі мен оғы жатыр тақырда әлі.
Уақыттың дауылында ұрпағына,
Елдіктің жолын сілтеп жатыр бәрі – Қазақтың батырлары! - деп қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай, сайын сахараны дүбірлетіп өткен батыр бабалардың ұрпағы, 1941-1945 жылдардағы 1418 күнге созылған қан майданда мұз жастанып, қар кешкен, нәзіктігіне қарамай алыптың ісін жасаған, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмір жолы, ерлік өнегесі – мәңгілік таусылмайтын әңгіме, айнымас шындық. Елі үшін жанын пида етуге даяр, зиялы, мәдениетті ата-ананың тәлімтәрбиесі Мәншүкті биік мұраттарға жетелеген. Жастайынан әкесіне еліктеп өскен, балалық арманынан ажырамаған Мәншүк оны іс жүзінде дәлелдейді. Әсіресе «Шығыс Шолпаны» атты деректі фильмінде «Егер менің әкемдей адал жан халық жауы болса, кім халық жауы емес?»- деп Сталинге дейін арыз жазып, майданға аттанған сәтінен әке алдындағы парызына деген адалдықты, өжеттікті көруге болады. Бүгінгі бейбіт заманда өмір сыйлаған ең қымбатты ата-анасын қараусыз тастап, қарттар үйіне өткізіп, өмірінің жалғасы – ұрпағын сәбилер үйінде қалдырып жатқан жастар еріксіз есіңе түседі, олардың іс-әрекеттерінен қынжыласың, қорқасың, келешек жастар осындай жат қылықтан аулақ болса деп тәңірден де тілейсің.....
Подробнее

Шығарма: Келешекке үлгі болар ізгі даналық

Шығарма: Келешекке үлгі болар ізгі даналық

Тарих – ұлт тағылымы, кеше мен бүгінді байланыстырар асыл көпір, келешекке үлгі болар ізгі даналық.Тарих қойнауына жол тартсақ, дәуір көші болып табылатын заманның адамзат басына салған сан қилы дүрбелеңі мен сындарлы оқиғалар іздерін көреміз.Бұл іздер саны аспандағы жұлдыздан да көп, ал әр іздің түбінде теңізден де терең бір құпия тұнып жатыр.Тарих парақтарында жасырынған, уақыт еншісінде қала берген сол сырды ақтарып көрелік... Адамзат тарихындағы, ұлт тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі – Ұлы Отан Соғысы. Бұл соғыс туралы білмейтіндер кемде – кем, себебі дәл осы оқиға достық пен жанашырлыққа, адал махаббатқа сын болды, дәл осы оқиға Отанды сүйе білуге, ұлт намысы үшін күресе білуге үйретті, дәл осы кезеңде ер – жігіттер қызу майдан даласында болаттай шынықса, қызыл гүлдеріміз ел басына түскен ауыр жүкті бөлісе көтерді. Азапты күндерде ажал құшып, азаттық үшін күрескен асыл ерлерді, сол ерлерді жүрегі қарс айрыла күткен темірдей төзімді алтын аналарды, сәбилік бақытын сұрықсыз тұрмыс қиындығына айырбастаған балаларды еске алсақ, зұлмат соғыстың қандай азапты да ауыр болғандығын ұғынғандай боламыз. Ұлы Отан Соғысы қарсаңының қазақтан шыққан жаңа батырларды іріктеген өмір емтиханы болғаны бізге аян.
Мысалы, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі үлгі боларлық іс. Рейхстаг шабуылы кезінде 20-дан астам ту тігілген. Олардың ішінен ең алғашқылары қазақ Рақымжан Қошқарбаев және Григорий Булатов еді. 150 - атқыштар дивизиясының соғыс қимылдары журналына сәйкес, 30 сәуір 1945 жылы сағат 14:25- те кезінде лейтенант Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Булатов «жер бауырлап ғимараттың орталық бөлігіне келіп, бас кіреберістің сатысына қызыл туды орнатты». Бұл кезде рейхстаг үшін күрестің ең қызып жатқан кезі еді. Бораған оқ арасынан ентелей өтіп, ел үшін жан пида етуге дайын болған Рақымжан ер сол кезде ұлт намысын, ер намысын қорғай алды және осы ерлігімен майдандас бауырларға рух берді. Рақымжан батыр қадаған ту тек Рейхстагқа емес, қазақ тұғырына тігілген ту болатын......
Подробнее

Шығарма: Батырлардың еңбегін еске түсір

Шығарма: Батырлардың еңбегін еске түсір

Соғыс. Соғыс - күйретуші күш!!! Күйретуші күш дейміз – ау. Осыдан 71 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған болатын. Бұл соғыс талай – талай отбасын әбігер қылып, қарапайым халықтың күнделікті тұрмысында құтын қашырып, үрейлендірді, тіпті жер жастандырды десек те болады. Бұл соғысқа талай аталарымыз, апаларымыз қатысып, елін жаудан қорғады. Ол кезде ата-апаларымыз әлі бесіктен белдері шықпаған еді, сонда да елін, кіндік қаны тамған туған жерін сүйгендіктен: «Отанымызды қорғаймыз » -деп алға қарай ұмтылды, еш аянбады. Бұл ата-апаларымыздың елі, жері үшін сүйіспеншілігі, төзімділігі еді. Бұл кез «Қайтсем елімді жаудан қорғаймын, аман есесн құтқарамын», - деп шырқырап жанын аямай шырылдаған кез. Фашистердің арманы бізді жеңіп шұрайлы жерімізді тартып алу еді, бірақ бұл армандары орындалмады, жүректері «Елім» деп соққан ержүрек жауынгер апа – аталарымыз қасқайып қарсы тұрып күн демей, түн демей қасық қаны қалғанша елін жауынан қорғады. Қазақтардың сол кездегі Жеңіске қол жеткізген кездегі қуанышын көргенде, бәріміз жылар едік!!!
Біз бұл күнге ата-апаларымыздың арқасында жеттік. Олардың көз жасымен, қанымен, жанымен, күшімен, сімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, үлкен асуды бағындырып, туын көкке көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Біз үшін 9 мамыр–Ұлы Жеңіс күні мерекесі. Бұл күн халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мерекені мен «Ұлы мереке» - деп айтар едім.....
Подробнее