Kaspi азаматтарға бонус таратады


28 қазан күні Kaspi банк қосымшасының істен шығуына байланысты желіде түрлі ақпарат тарап жатыр.


Ал банк мамандары болса, қосымшада техникалық ақаудың болғанын хабарлап отыр. Қазір қосымша арқылы аударымдар мен төлемдер жүйесі жұмыс істеп тұр.


Сондай-ақ, кеткен қателік үшін банк өкілдері қолданушылардан кешірім сұрап, 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi Gold және Kaspi Red-пен Kaspi QR арқылы төлем жасаған әр сатып алушыға 5 проценттік бонус бермек, деп хабарлады КТК.

Ал ІТ жетекші мамандар ресми ақпаратқа ғана сүйену керектігін ескертеді.


"Қазіргі кезде барлығы жұмыс істеп тұр. Бұндай жағдайда сабырлық сақтау керек. Осындай сәтте нағыз алаяқтарға алданып қалуларыңыз әбден мүмкін. Сол себепті тек ресми ақпаратқа сүйеніңіз. Қазір әр банктің арнайы сайты бар. Барлық сұрақтың жауабы сонда", - дейді Орталық Азиядағы, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky басқарушы директоры Евгений Питолин.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу