Тәуелсіздікке 29 жыл!


Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Талай - талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата - бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің биыл 29 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен - ау! Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым. Көндікпедім матауға, Асау атша бастым. Уһ, шырқап, зымырап, Сұңқардай зулап ұшайын! Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар - ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.


 

Кез-келген ел өзінің келешегін

өскелең ұрпағымен байланыстырады.

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемелекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс-жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтжандылық танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу рухында оқырмандар конференциясын өткізуде мәні зор. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Қ.Қайсеновтің «Ажал аузынан», «Жау тылында» т.б. Сонымен бірге Мағжан ағамыздың «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қараса, мен де өзім тәрбиелеп отырған балаларға сеніммен қарай отырып, ұлтжандылық қасиетті бойына сіңіре отырып,  Мағжанша «Мен жастарға сенемін!»деп ұрандауға, жастарға үлкен  сенімділік артып,  болашақтың асыл мұраттарына  үздіксіз жетелеуге болады.

Ақын жырында халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш — жастар. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көріп, оған мақтанады, шабыттана жырлайды. Мен де болашақ еліміздің мақтанышы болар жастарға сенемін дегім келеді. Ақын «Алаш атын аспанға, шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!» деп асқақтай сөйлейді.

Қай кезеңде болмасын өмір күресінің қайнаған базарында жас буынның, жастардың жүретіні заңды құбылыс.

«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың  қолында» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев,  бүкіл өмір күресінде өмір тұтқасын ұстар жас буын, жастар болса, сол жастардың  жан-жақты білім алып, еркін есуі үшін ұстаздардың еңбегі орасан, елдің ертеңгі жарқын болашағы білімді азаматтардың қолында екендігін нық сеніммен айтады.               Бәсекелестік заманында мемлекет қуатын асыратын да – білімді жастар екендігі айқын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу