Британ ертегісі: Готемдік данышпандар

Британ ертегісі: Готемдік данышпандар

ГОТЕМДІК ДАНЫШПАНДАРДЫҢ ҚОЙ САТЫП АЛУҒА БАРУЫ

Бір күні готемдік екі данышпан Нотиңгем-бридж көпірінің үстінде кездеседі. Оның біреуі Нотиңгемдегі мал базарына қой сатып алуға бара жатыр екен де, екіншісінің базардан қайтып келе жатқан беті екен.

‒ Қайда бара жатырсың? ‒ деп сұрайды базардан келе жатқаны ауылдасынан.

‒ Қой сатып алуға бара жатырмын, ‒ дейді оған жерлесі.

‒ «Қой сатып алам?» Оны қай жолмен айдап келмексің?

‒ Осы көпірдің үстіме айдап өтем.

‒ Робин Гудтың атымен ант етем, бұл көпірдің үстімен қойыңды айдап өте алмайсың!

‒ Марион бикештің атымен ант етем, қойымды осы көпірдің үстімен айдап өтем!

‒ Өтпейсің!

‒ Өтем!

Сөйтіп олар алдарында бір отар қой тұрғандай таяқтарымен жерді ұрғылап, тәжікелесіп тұрып алады.

‒ Көр де тұр! ‒ дейді қой сатып алуға бара жатқаны, ‒ Менің қойларым әлі-ақ мына көпірден аттап өтіп кетеді!

‒ Пысқырмаймын да! ‒ дейді оған екіншісі, ‒ Бұл жолмен еш қой жүрмейді!

‒ Жүреді!

‒ Райыңнан қайтпасаң, тіліңді суырып алам!

‒ Суырып көр!
Екеуі осылай таласып тұрғанда қастарына базардан келе жатқан тағы бір готемдік жетеді. Атына бір қап азық-түлік артып алған екен. Ауылдастарының қайдағы бір қиялдағы қой үшін қызылкеңірдек боп тұрғандарын көріп:
‒ Осы сендерге қашан ақыл кіреді!? Келіңдер, одан да мына қапты иығыма салып жіберуге көмектесіңдер, ‒ дейді.
Ауылдастары қапты демеп жібереді. Бірақ қаптың аузын байлау ойларына кіріп шықпайды. Аттылы көпірден өте берем дегенде қаптың ішіндегі азық-түлік түгелдей өзен суына шашылып қалады.
‒ Ауылдастарым, қабымда қанша тамақ қалды, қараңдаршы! ‒ дейді үшінші готемдік.
‒ Мәссаған! Түк жоқ! ‒ дейді әлгі екеу.
‒ Жоқ нәрсеге мұншама шу шығарып таластыңдар. Екеуіңнің бастарыңды қосса да, мұншама ақыл болмас, ‒ дейді үшінші готемдік.
Осы үшеудің қайсысы ең данышпан, әділ бағасын өзің берерсің.

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Мәжіліс жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заңды қабылдады. 06.05.2021, 0
» Соғыс ардагерлері 1 миллионнан алады 02.05.2021, 1
» «Марсқа барған алғашқы адамдар тірі қайтпайды» - Илон Маск 29.04.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы