Тәуелсіздік - тұғырым

Тәуелсіздік-тұғырым,елім менің,

Кең-байтақ,жасыл шөп,жерім менің.
Тойланады,осы күн,ерлігімен
Он алтыншы желтоқсан ерлерінің
Тақпақтар
Толық

Тәуелсіздікке 29 жыл!

Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан....

Эсселер
Толық

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің басынан қара бұлт сейілген жылдар ата-бабаларымыздың сонау күнгі сағымдай ұшқан армандарының қайта қанат жайып, асқақтап, қомдануына және кемел болашаққа жаңа көшбасшымызбен қадам басуымызға арқау болды. Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлық. Қазіргі таңда, біз дамыған заманға бет бұруға тырысып жатырмыз. Соның бір дәлелі, еліміздің дамыған 50 ел қатарынан табылуы. Алайда, бұл күнге жетпес бұрын біз талай асуларды бағындырып, еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуге лайықты екенін сан рет дәлелдедік. Ата Заңымыздың қабылдануы ең алғашқы жетістіктеріміздің қатары деп есептеуге болады, себебі, Конституция - тәуелсіздіктің айғағы, теңдігіміздің бұлтартпас дәлелі. Кейін, еліміз түрлі даму сатыларынан өтіп, ресми тіліміз, валютамыз біртіндеп қабылдана бастады және бұл елімізді ерекшелеп көрсететін, тарихымызды айқындайтын ұлттық құндылықтарымыз еді. Дамыған мемлекеттермен иық тірестіру бізге оңайға соқпайды. Қазіргі күнімізге шейін мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай, қай жерде оза шаптық, қай жерде қалыс қалдық?

Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқаннан кейін еліміздің жеке мемлекет ретінде сын-сипатын анықтайтын белгілері қалыптасты. 1992 жылы ҚР Президенті «ҚР Мемлекеттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды. Туымызда бейбітшілікті бейнелейтін ашық көк аспан, алтын күн, қайсарлығымыздың дәлелі қыран бейнеленді. Ал, 1994 жылы дербестігімізбен көрген ұлы тойымыз қазақ азаматының еліміздің атынан тылсым ғарышқа сапар шегіп, қауіпті де, қызықты ғарыш әлемін бағындыруы еді. Ол «Халық қаһарманына» айналған Талғат Мұсабаев болатын. ......
Шығармалар
Толық