Ұлылар ерлігі –ұрпаққа үлгі

Соғыс-халықтың күш-қуаты, ерлік- жігерін сынайтын ұлы емтихан.
Б.Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған қанды майдан жылдарының аяқталғанына 71 жыл. Адамзат үшін аз уақыт болмаса да , тарих үшін көп емес. Алайда, мыңдаған ананы бауыр еті баласынан,талай жанды сүйгенінен , қаншама бауырды бір-бірінен айырған бұл соғыстың қазақ тарихында алар орны ерекше, салған жарасы терең, соғысты көзімен көрген ата-әжелеріміздің еске түсіргенде көзіне еріксіз жас келуі осының белгісі.
«Ердің туы – намыс» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай сол замандағы КСРО елдерін жаулап алу мақсатында басталған сұм соғыста біздің ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз намысты қолдан бермей , біздің болашағымыз үшін аянбағанына, қасық қаны қалғанша Отанын қорғанына тарих куә. Барша адамзаттың жадында сақталған бұл соғыс артында өшпестей орны толмас өкініштерді қалдырды. Бізге , қазіргі жас ұрпаққа, қаншама боздақтарды қыршынынан қиып, талай елді-мекенді жермен жексен қылған сұм соғыс жылдарын еске алудың өзі үрей туғызады. Біздің бейбіт аспан астында алаңсыз өмір сүріп жатқанымыздың бағасының қаншалықты қымбат екенін тарих беттеріне зер салып қарасақ, еріксіз сезінуге болады. Фашистік Германия ашқан бұл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмап, талай шаңырақты шайқалтты, талай боздақтар өмірдің қызығын көрместен, бақилық боп кетті.....
Шығармалар
Толық

Қаһарман ұрпаққа тағзым

Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол-Отанға деген сүйіспеншілік. Б.Момышұлы
Мен бейбіт заманның ұрпағымын.Қасіретті соғысты мен түгіл менің ата-анам да көрмеген.Елімізде тыныштық орнап, әрбір арайлап атқан таңды қуанышпен қарсы алғалы да 71 жыл.
Соғыс-адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Себебі соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Тарих беттерін парақтасақ адам-адам бол-ғалы осылай. Талай рет үстемдік,байлық үшін адам қаны суша аққан.Әріге бармай-ақ 50 миллионнан астам өмірді жалмаған Ұлы Отан соғысын алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте соғысты әділетсіздік,жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағнетті.Қарапайым халыққа қасірет әкел-ген,қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңіске жеткен емес.
Таң алдында,тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен бірге адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты.Қырда қойшы қойын тастап,таягын винтовкаға айырбастады,ойда диханшы трактордан түсіп,танкіге отырды.Ол кезде бүкіл ел сол-дат болды.Сол жылдардың біз секілді бозбала,бойжеткендері ақын болуды,инженер болуды,оқымысты болуды армандаған еді.Алайда олардың армандарының қанатын сұм соғыс қырқып түсірді.....
Шығармалар
Толық

Ерлік – елге мұра ұрпаққа үлгі

Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы
Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Шығармалар
Толық

Бабалар ерлігі– ұрпаққа өнеге

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын
Бауыржан Момышұлы
Батырлық пен ерлік – әр адамның бойында кездесе бермейтін қасиет. Бұл қасиет кей адамда жылдар өте келе қалыптасуы мүмкін. Өмірдегі сан қилы оқиғалар, тосын жағдаяттар өз әсерін тигізіп, адамды көзсіз ерлікке , қайсар батырлыққа итермелейді. Батылдық – бұл адамның бойына ержүректілік, қайсарлық, еркіндік, сенімділік, табандылық секілді қасиеттерді сіңіре білуі. Батылдық – адамның бір сәтке ғана батыл болып көрінуі емес. Батыл болу – игі мақсаттар жолында табанды, өз ісі мен сөзіне сенімді болып, жасқанбай әрекет ету деген сөз. Мақсатың мен мүмкіндігің, көздеген мүддең, армандаған тілегің, күткен нәтижең барлығы өзара үйлесе қабысқанда ғана түпкі мұратың – батылдыққа жетесің. Қазақ халқының ұлдары ежелден-ақ өжет, рухты болған. Атабабаларымыз дүниеге ұрпақтары келісімен оларды табандылыққа, шыдамдылық пен төзімділікке тәрбиелеген. Көне жазба деректерден , тарихи аңыздардан қазақ халқының арғы тегі – сақтардың да ерекше батыл халық болғанын білеміз. Сақ патшайымы – Томирис, оның ұлы Спаргапис сол кездегі хас батырлар, өршіл рухты қолбасшылар.
Халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ерліктің негізі – сүйіспеншілік, Отанын сүйген азамат ол үшін отқа да, суға да түседі. Бірақ нағыз азамат оны ерлік жасадым деп есептемейді. Азаматтық міндетімді атқардым, Отан алдындағы перзенттік борышымды өтедім деп қана біледі» деген. Демек, әрбір ерліктің бастау алар қайнар көзі – Отанға деген сүйіспеншілік. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарында қызыл аяқ қар кешіп, жалаң аяқ жар кешіп елін қорғаған Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, «қара қазан, сары бала қамы үшін» деп туған жерін қызғыштай қорыған Махамбет пен Исатайлар, екінші дүниежүзілік соғыстың сұрапыл жылдарында да қаныпезер жаудан қаймықпаған қазақтың қайсар ұл-қыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы соның нақты дәлеліндей.........
Шығармалар
Толық

Мен атаммен мақтанам “Ұлы Жеңіс – Ұрпаққа аманат”

Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары- майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Ғаламтордағы мәлімметтер мен үлкен кісілердің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы ал,андардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағының өзге елдердегідей қазақтар да бірінші күннен соғысқа қатысты. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.
Отанымызды қорғауға еңбектенген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Осы соғысқа анамның атасы, менің атам да қатысқан екен. Ол кісі 1943 жылы шақырылыпты. Олар Петропавл қаласынан таң ата батысқа қарай алып жөнеліпті. Эшелон тоқтаған әрбір станция бұларға жергілікіті халық қолдарында бар тамақтарын беріп, ақ ниеттерін көрсетіп отырған. Межелі жерге жеткен кезде атамдар бірден ұрысқа кіріскен. Ұлы атам қан майданда отыз жеті ай болыпты. Өйткені, атам елге соғыс біте сала оралмапты. Біз мұны атамның соғыс кезіндегі жазған күнделігінен оқыдық. Күнделік атамның қызында сақталған екен. Мен атаммен мақтанамын! Менің үлкен атам –Құрмансейіт соғыс басталғанда ер азаматтармен бірге соғысқа аттанған екен........
Шығармалар
Толық

Ерлік-ұрпаққа ұран

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.......
Шығармалар
Толық

Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп,күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.»
Бауыржан Момышұлы
Соғыс...Сұм соғыс... Анасын баласынан, азаматты сүйген жарынан айырған, сан сәбиді жетім етіп, зар жылатқан, қаншама қаракөздің тұнық жанарына мұң ұялтқан қанішер сен емес пе ең?! Жүрегі тыныштық деп соққан, көңілі бейбітшілік деп ұрандаған әр адамның сенің атыңды естігісі келмес...Бірақ, сен барсың. Ол – ақиқат. Көңілі тар, дүниеқұмар жан барда,өкінішке орай, сен де боласың. Жегі құрттай әлемді жайпап,күйзелтесің, қиратасың, сан ғасырлар орнатқан мәдениетін күл етесің. Сені жеңер бір ғана күш бар. Ол – сүйіспеншілік. Өмірге, табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік адамды көп қауіптен аман алып қалар еді! Әттең,осы бір әдемі сезім бар адамзаттың бойынан табылып, жүрегін нұрландырса ғой, шіркін! Дегенмен, олай емес. Адамдар сүйіспеншілік сезімін атаққұмарлық, дүниеқоңыздық жолында құрбан етуде...
...Осыдан 75 жыл бұрын да солай болған. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашып, жеріміздің шетіне ескертусіз баса-көктеп кірді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. ......
Шығармалар
Толық

Ата даңқы – ұрпаққа үлгі

Осыдан 71 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және қанды соғыстың соңғы оқтары атылды. Содан бері 1945 жылдың тоғызыншы мамыр жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді.
1. Фашистік саясат
Адамзат баласының тарихында екінші Дүниежүзілік соғыс соңды болып көрмеген қантөгіс қырғын соғыстардың біріне жатады. Германия мемлекетінде 1933 жылы билікте Адольф Гитлер келеді. Содан бері онда фашистік саясат өзіне бағындырамын деді. Мемлекетте әскерін экономика дами бастады. Мыңдаған танкілер, зембіректер шығарылды. Соғысқа 61 мемлекет қатысып, соғыс қырықтан астам елдеріен жер аймағында жүргізілді. 1939 жылы фашистік Германания Польша Мемлекетіне шабуыл жасады. Одан кейін Чехословакия мемлекеттін жаулап алды. Сол кезден Дүниежүзілік соғыс басталды деп саналды. Қалаларына бомбалар лақтырып, оларды қиратып тастады. Еуропа мемлекеттерінің халқын концентрациондық лагерьлерге жинады, ауыр жұмыстарға жұмсады, көнбегендерді өлтірді.Фашистер, адамзат,бұрын көрмеген, қаталдық көрсетіп, көптеген поляктарды, чехтерді, венгрлерді, француздарды, испандықтарды және тағв басқаларды, жазалап, өмірлеріне қауіп туғызды. Еуропаны билеп, Африка, Азия елдерін жаулап алды. Халықтарын өзіне бағындырды.
2. Отан соғысы ......
Шығармалар
Толық

Өмірі - ұрпаққа өнеге

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл. 30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды......
Шығармалар
Толық