Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар Генетикалық психология

Адам анатомиясын зерттеген жаратылыс-танушылар мен дәрігерлер ежелгі дәуірлерде -ақ психикалық құбылыстардың ми қызметімен байланыстылығы жөнінде болжам айтқан, әрі психикалық сырқаттарды сол ми қызметінің бұзылу салдарынан деп топшылаған. Мұндай пікір, көзқарастарға жарақат немесе сырқаттан зақымданған адам бас миына бақылаулар негіз болған. Осындай сырқаттарға кезіккен адамның психикалық қызметі күрт бұзылысқа келеді: көзі көрмейді, құлақ естімейді, ес, ойлау, сөйлеу қабілеті кемиді, кейде өз қозғалысын басқара алмай қалады және т.б. Осы психикалық әрекет пен ми жұмысының арасындағы байланысты ашу психиканы ғылыми зерттеудегі негізінде қандай физиологиялық механизмдер жатқанын түсіндіріп бере алмайды.
Психологиядағы бұл ғылыми мәселе өз шешімін барша психикалық іс - әрекет түрлерінің рефлекторлық сипатына байланысты ғана табуы мүмкін. Бұл проблеманы айқындауда орыс ғылыми - психологтары М.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (189-1936) көп еңбек сіңірген. М.М.Сеченов өзінің әйгілі «Бас ми рефлекстері» (1863) еңбегінде рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс -әрекетіне жая қолданды. Ол «адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс», - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеугі мүмкін емес», - деп жазды. Срнымен бірге ғалым сыртқы жаәдайлар әсерлері, барша өмір тәжірибесі қамтылады. Осылайша И.М.Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан және ақырынан бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді.....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ақуалдар

Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі- 1066 шаршы км, тереңдігі -30-60 метр, тұздылығы-10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңііріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудәрия мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары дамыды.Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың метр3, су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың метр3, ал 1990 жылдары екі есе қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
-жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
-ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
-суды өте ккөп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
-жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа алып келдіБұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тартылтуда.Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.....
Рефераттар
Толық

Экология | Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары

Кіріспе
Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым – қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр.Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып , адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- авқ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.....
Курстық жұмыстар
Толық

"Шымкентский вариант", "Жабайы батыс" пен "Найман": Еліміздегі жаттанды пікірлер қандай?

Халық арасында кең байтақ Қазақстанның әр аймағына тән қатып қалған қағида қалыптасқан. Бұл біржақты пікірлерді күнделікті құлағымыз шалады. nur.kz порталы оқырмандарына қазақстандықтардың санасына сіңіп кеткен түрлі стереотиптерді ұсынады.
Жаңалықтар
Толық