Қадыр Мырза Али (Ерлі-зайыпты қазақтар)

Біздің халық, біле-білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін-бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе-дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады......
Өлеңдер
Толық