Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық