Жеңіс тұғыры

«Отан – оттан да ыстық» әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан» десе әрбір адамның жүрегіне жылы тиері анық. Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсің» дегеніндей, Отан үшін еткен әрбір еңбек зая кетпейді. Отанды сыртқы жаудан қорғап, қадірлеп, қастерлеу әрбіріміздің міндетіміз, қасиетті борышымыз. Отан - ата-бабаларымыздың білегінің күшімен, найзасының ұшымен, қасық қаны қалғанша небір жаумен дамылсыз күресіп, мықтап қорғап келген асыл құндылығымыз. Халқымыздың басынан небір қиын-қыстау кезең өтті емес пе?! Соның бірі - Екінші Дүниежүзілік 1941-1945 жылдар аралығында өткен Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Көзге жас келтіріп, көңілге мұң ұялататын ауыр кезең-ді. Сол жылдары әрбір үйдің іргесін қалап, тұтқасын ұстап отырған ер азаматтары мен әрбір үйдің қаншама сүйікті ұл-қыздары майданға аттанып, қыршынынан қиылды.
Ошағының отын үрлеген аналар, жәутеңдеген жетім қалған балалар, майданға кеткен әрбір жанды үміттерін үзбей асыға, зарыға күтті емес пе?.. Төрт жыл... 1418 күн өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сан қилы соғыс жүріп жатты. Майданда жүріп қаншама қиын кезеңдерді бастан кешіріп, қолындағы суық қаруын өзіне қарсы тұрған жауға кезеп, бүкіл өмірін Отанына арнаған, Отаны үшін өмірін, артында қалған етжақындары үшін жандарын қиып ерлік көрсеткен қаншама азаматтарымыз болды емес пе? Соғыс жылдары КСРО 270 млн. азаматынан айырылған екен. Оның ішінде 4101 мыңы қазақстандықтар болып жатты. Отаны үшін «Жұмыла артқан жүк жеңіл» дегендей, бұл соғыста тылда жүргендердің барлығы да «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен күн демей, түн демей тойып тамақ ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді. Үлкендермен қатар балалардың да тигізген үлесі мол болды. Еңбекке жарағанының барлығы қажырлы еңбек атқарды, сөйтіп жеңіске өз үлестерін қосты.....
Шығармалар
Толық