Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы

Қырық күн үлкен жүрек тоқтағалы,
Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі,-деп бір кездері Әбділда ақын жырлағандай Алланың берген саналы ғұмырын асқан парасаттылықпен пайымдап, тынымсыз тірлікпен терлеп, елеулі еңбекпен көгеріп, жан-жағын қаумалаған қауымға сыйластықпен сән түзеп, өзінен кейін өшпестей із қалдыруға бекініп, жай отындай жарқ етіп, мынау фәниден мезгілсіз мизам боп ұшып кететін, санада қаққан қазықтай қатталып қалатын ерекше жандарды таңды таңға ұрып жырлап біте алмайсың... Сондай жанның бірі әрі бірегейі Сарысу ауданының сары даласында Жаңа-арық деген өнегелі өлкесінде 1965 жылы шыр етіп дүние есігін ашқан, ес білген шағынан ортасында озық ойымен оңашаланған, зеректігімен зерделенген, қабақ шытып көрмеген, өмірде өзіндік қалпынан өзгермей, адалдық пен аңқылдаған ақ жүрек пейілінен айнымаған қайсар қыз Зияш Тұзақбайқызы. Бала күнінен әдеби кітаптарға аңсары ауып, тауып сөйлейтін сөзшеңдігімен ел құлағын елең еткізген есті қыз алтын ұя мектебінен түлеп ұшып арман қуып қазақи ұлттық құндылықтардың қаймағы бұзылмаған шырайлы Шымкенттің педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп оны ойдағыдай тәмамдайды. Бірге оқыған курстас құрбы қыздары Зияшпен университет қабырғасында және жатақханада өткен әр күндерін тәтті ертегідей ерекше еске алып отырады.

Ол кездері жаңадан оқу бітірген жас мамандарды қолына бір жапырақ қағазын ұстатып ұстаздықтың ұлы ісіне белсене атсалысуға бағыт беріп, шалғай ауылдарға жіберетін болған. Машақаты мол мамандықты бір кісідей игеріп, игілікті істі иіруге икемділік танытқан инабатты бойжеткен Комунар мектебі яғни қазіргі Шоқай датқа атындағы орта мектепке жолданады......
Шығармалар
Толық