Ғабиден Қожахмет | Бала шақты болашақ шақырады

Түлекке тілек

Құрметті мектеп бітіруші түлек! Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әрбір білім .....
Әңгімелер
Толық

Рахмет Өтесінов | Дала шақырады

Ол уақытта Маңқыстауға барам дегендерге басшылар қарсы болмайтын. Босату жөнінде нұсқау да бар еді, сол кезде. Осыған қарамастан менің жолым тым қиынға түсті.

Оруджев бастаған ғалымдардың құрамында болып Маңқыстау мұнайының бүгіні мен болашағын байқаған сапар маған үлкен әсер қалдырды. Оруджев, Есенов секілді әйгілі геолог оқымыстылардың өз ара сөздерін тыңдай отырып, қазыналы түбектегі үлкен істер көз алдыма еріксіз елестей берген. АН-2 самолетімен Гурьевке қайтар жолда сол әсерлерді өзімізше ой таразысына салмақтай келе бір тәуекелге бел байлаған сияқтымын. Ендігі бағытым — қазыналы өңірдің өркенді ісіне мықтап араласу.

Гурьевке келе обкомның бірінші хатшысына арыз бердім. «Мені Маңқыстау түбегіндегі экспедиция жұмысына жіберуіңізді сұраймын. Өз мамандығыма орай орналассам болғаны, Партия сенімін адал ақтаймын...»

Өтінішімді оқып отырып, секретарь өзгере қалды. Сонан соң жүзіме тіке қарап:

— Коммунистер жұмысты сұрап алмайды. Керек кезінде өзіміз жібереміз, — деді. .....
Әңгімелер
Толық

Қарақат Әбілдина болашақ жарды қалай таңдау керектігін айтты

Қарақат Әбілдина үйлену оңай, үй болу қиын екенін меңзей отырып, жастарды мұндай қадамға бармас бұрын саналы шешім екеніне көз жеткізіп алуға шақырады.
Жаңалықтар | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық