Ерлан Рысқали Рысқалиұлы (1982 жылы 15 қыркүйек)

Ерлан Рысқалиұлы Рысқали (1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданыда туған) — қазақтың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.
Ерлан Рысқалиұлы 1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1995 - 2001 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.
2001 - 2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында оқып бітірген.
2005 - 2007 жылдары Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қазақ ССРнің халық артисі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық