Сарыаурудан сауықтыру халық емі

1. Сұлы сабағынан бір уыс алып, ұсақтап турап, бір литр суға жартысы қалғанша қайнатып, тұндырып қойып ас алдында күніне үш рет әр жолы бір құтыдан ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. Бір апта үзілістен соң қайта жалғастыруға болады.

2. Талдың кептірілген қабығынан 60 г алып, 1 литр суға 20 минут қайнатып, бір тәулік термоста ұстайды. Ас алдында жарты құтыдан ішеді. Күніне үш рет. Емделу мерзімі 15 күн.

3. Бауыр ауруынан сарғаюға сиыр өтінен бір дана, қасбояу тамырынан 100 г, лундан шөбінен 35 г қосып, талқандап, лайықты мөлшерде бал қосып, әрқайсысы 8 грамнан домалақ дәрі жасайды. Осы дәрінің біреуін қайнап тұрған суға қосып астан жарты сағат бұрын ішеді. Емделу мерзімі 20 күн. 10 күн үзіліс жасап, қайта жалғастырады.......
Кеңестер
Толық