Дуай, дуай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар ауылдың,
Балпаң, балпаң үйіне
Бұрала барып түс, бөпем!
Қымызынан іш, бөпем!
Қымызынан ішпесең,
Қызын ала қаш бөпем!
Ашуланса ағасы,
Іштен шалып жық, бөпем!
Кекеңдесе жеңгесі
Жынға басын тық, бөпем! .....
Өлеңдер
Толық