Әйелдер қауымы ерлерге жиі айтатын өтірік түрлерін білесіз бе?

Ғалымдар әлемде шындықты ғана айтатын адамдар өте аз екенін айтады. Оған әркімнің өзіндік себептері де бар. Ерлермен әңгімелесу барысында әйелдер де біраз өтірік айтатыны да жаңалық емес деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Кеңестер
Толық

Мұхтар Әуезов | Қыз Жібек әңгімесінің мәнісі

Қазақтағы ел поэмасының екінші бір мысалы – "Қыз Жібек". Жалпы поэма атты әңгімелі өлеңдер, елдің арнаулы салтын, әдет заңын, дүниеге көз қарасын, ұғымын білдіретін әңгімелер десек, "Қыз Жібек" те сондай ел тіршілігінің көлемді айнасы болғандықтан, көңілдегідей жақсы поэма деп саналады.

Біз "Қозы Көрпешті" қарастырған уақытта, ол поэма қазақтағы көшпелі салтты білдіреді, сондай салт, сондай әдет заңының ортасында туып-өскен адамның дүниеге көзқарасы қандай, махаббат сезімін бағалау, бақыт, жақсылықты айыру қандай, сондайларын көрсетеді дегенбіз. "Қозы Көрпеш" көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген ескі өмірдің сұлу табысы деп баға бергенбіз. Қазіргі "Қыз Жібек" те сондайлық ел салты, ел ескілігінің бір табысы. "Қыз Жібек" әңгімесінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет-заң сол заман еркегі мен ұрғашысына қандай ұғым берген? Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қараған? Өз өмірінің мағынасын не деп түсінген? Соның өмірден күтерлік қызық сәулесі, үміт тілегі қандай күйде болып қалыптанған? "Қыз Жібек" әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. Ескі заманның әйелі ескі заңның арқасында дүниеге бүгінгіден бөлек, ерекше көзбен қараса, сол заманның еркегі, сол заманның барлық қауымының да көз қарасы сол болған. "Қыз Жібек" әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. "Қыз Жібек" әңгімесінде ерте бір замандағы қазақ жастарының тіршілігі, қазақ жасының жақсы деп баға берерлік бір қызықты өмірі баян етіледі. Сол әңгіменің орта жерінде тұратын адамдар: жар таңдаумен өскен, жөпшеңді жігітті менсінбей, тәкәппар болып жүрген сұлу Қыз Жібек.

Екінші адам сол қызды алыс елден іздеп келіп, сұлулық, естілігімен жеңіп алатын Төлеген.

Әңгіменің ішіндегі суреттелген қыз бен жігітті алсақ, бұл екеуі де өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген елдің заңын, заң ұғымын ұғым қылып тұтынған адамдар.

Осы жағынан қарағанда, Төлеген өз заманындағы қазақ ортасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен жігіттің үлгісі. Бұрынғы қазақтың түсінуінше қатын алатын шақ – әрбір жігіттің жігіттік ерлік өнерін сынайтын кез болады. Баяғы замандағы ескінің айтқан: "Қатынды не ел шауып, егер қылып жаттан аларсың, не ағаңды өлтіріп, жеңгенді аларс.....
Әңгімелер
Толық

Махаббат сезімі өшкенбе?

... Естен кетпес сол бір балалық шақпа? Әлде ол шын махаббатпа? Сүйдім, сүйдім мен шын жүрекпен, адал сезімін білдірген, пәк те нәзік махаббатын сездірген, қамқорлығы мен ыстық сыйластығын үзбей келген жаным дейінбе? Әлде махаббатым дейінбе? Шын алғашқы махаббат - бұл өмірдің мәнісі де, өмірдің ағысы.....
Махаббат хикаялары
Толық