Бәріне жүрек кінәлі

Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін.
ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.

Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады......
Махаббат хикаялары
Толық