Күнделік жазу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: (ОБ сілтеме) 2.4.1.1 Жай сөйлемдерді жазады, мәтінді құжаттар редакторында баса алады
2.4.4.1 Орфография ережелерін басшылыққа алып жаңа сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Күнделік жазу (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Күнделік жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме) сөздерді дұрыс жазады; үлкендердің көмегімен зат есім, сын есім және етістікті пайдаланып жай сөйлемдер құрастырып жазады
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қойылған сұрақтарға көпмағыналы сөздерді қолданып жауап беруге үйренеді. Орфография ережелеріне сай сын есім, зат есім, етістікті пайдаланып сөйлемдер құрастырып жазады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Тақырып: Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Т/А3 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)
Ж4 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады.
Ж9 Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.
Ж1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
өз отбасы туралы әңгімелеп береді;
Көпшілігі:
отбасы мүшелерін, олардың есімдерін жазады;
Кейбір оқушылар:
тақырып бойынша сөйлемдер жазып, мәтін құрастырады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу) (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Менің отбасымның бір күні (отбасы және күнделікті өмір туралы жазу)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.3.9.3 бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген
атауларды) анықтау
Сабақ мақсаттары: Бас әріппен жазылатын сөздерді анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Күнделікті сабақ жоспарлары

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Білімің - бұлағың» (Өлеңмен танысу)
Мақсаты: балабақшаға, мектепке барған балдардың қуанышты сәттерін әңгімелеу; «Білімің - бұлағың» өлеңін оқып үйретіп, сөздердің мағыналарын түсіндіру; Барлық адамдардың – ақын да, ғалым да, бәрі мектептен, балабақшадан білім алатыны туралы балаларға айтып беру; Өлең арқылы ақылды, білімді болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер қажет құралдар: Білім күніне арналған суреттер, балабақшаның ішкі - сыртқы көрінісінің суреттері, слайдтар, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс: талмайды, самғайды.
Билингвальды компонент: білім – знание, ұстаз – учитель.

Ұйымдастырушылық - оятушылық
Шаттық шеңбері
Балаларды шеңберге тұрғызады.
- Шеңберге тұрғанда бір - бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір - бірімізге бүгінгі Білім күні мерекелік көңіл күй және жылылық сыйлайық......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы

Дүйсенбі
«Әлеуметтік орта»
1. Мүсіндеу
Ермексаз әлемі
2. Орыс тілі
Я – это кто?
3. Дене шынықтыру
Спорт залымен, ҰОҚ - дағы қауіпсіздік техникасымен танысу
4. Музыка
Менің музыкалық әлемім
5. Өзін - өзі тану
«Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат

Сейсенбі
05. 09
«Денсаулық»
1. Математика
Танысу. Не қайда орналасқан?
2. Дене шынықтыру
Денсаулықтың құпиясы
3. Орыс тілі
Мой автопортрет
4. Сурет салу
Мен сурет саламын!
5. Ойлан, тап!
Винни Пух. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Химия | Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Тақырыбы: Тез дайындалған тағамдар мен күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамы мен адам ағзасына әкелер зияны

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам асмәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына: «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көп теген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Күнделік мемуарлық әдебиеттің ішкі жанрлық бұтағы

Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері , алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М.И.Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш.Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай – ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә.Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни , 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай – ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: «... Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться , ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1,86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В.Булгаковтың «Л.Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз.Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние , мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Күнделік жазған келіншек

(Күнделік жазған келіншектің әңгімесі)

– Мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ күнделік жазумен айналысушы едім. Мен оны өзімнің ішкі бір құндылығым деп санадым. Күнделіктерімді ешкімге көрсетпейтінмін. Оны жұрт көзінен жасырын ұстаймын. Бірақ бір күні осы дәптерлерді біреу оқып көретін сияқты болатын да тұратын. Ол адам тек қана өзімнің болашақ жарым болады деп ойладым. Болашақ жарымнан жасырар қандай сырларым болмақ?

Мектепті бітіріп, үлкен қалаға оқуға бардым. Бұл 90-жылдардың іші еді. Бірақ түсе алмадым. Көп ұзамай өзім қалаған жігітке тұрмысқа шығып кеттім.

Өмір бірқалыпты еді. Күнделіктерімді де өзіммен бірге ала келгенмін. Оны реті келгенде жұбайыма көрсете қоймақпын ғой. Сонда ол таңғалатын болады. «Сенің менен жасырған сырларың да бар ма? – дейді ол таңғалып. – Ал оларды оқып көруге болады ма?» «Егер қаласаң...», – деймін мен күліп. .....
Әңгімелер
Толық