Жұмағали Саин (Айбала)

Аспан жүзі көгілжім,
Маужырады табиғат,
Меңіреуленген мүлгіп түн,
Сезімге жылы, тілге жат.
Түн қараңғы меңіреу,
Түнде мылқау кең дала.
Дыбыссыз, шырсыз, сыбырсыз,
Ұйқыға кірді сахара.
Түнде ән қоса тынымсыз,
Төтеден торғай шырламас.
Көгілдір көкте салып із,
Аспанмен үйрек зырламас.
Үйткені үйрек зымырап,
Көліне шомып қонған кез,
Торғай да жерден орын ап
Дамылдар кезі болған кез.........
Өлеңдер
Толық