Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құйрықты жылан

Ерте, ерте заманда бір қыстақта Айсұлу атты әйелдің сіңірі шыққан күйеуі мен жеті ұлы болыпты. Жеті баланы бағу үшін Айсұлудың күйеуі Құдайдың құтты күні атызға барып, еңбек етіп, түн жамыла оралса, Айсұлу әр күні табанынан тозып, өзеннен су тасып, тоғайдан отын әкеліп, тамақ жасау сияқты күні бойы үй жұмысын істеп, жанына әмір болмайды екен. Ал, олардың жеті ұлының жалқаулығына жаһан да жан жетпейді екен. Күйзелген күндерінде де әке-шешесіне олардан қайыр болмапты. Қасірет шеккен ана Құдайдан құлшылық қылып, құлдық ұрыпты: «Құдай-ау, бізге тағы бір бала бере гөр! Берген балаң қара жанымызға қайырымды болсын» деп тіленіпті. Күндердің бірінде Айсұлу жүкті болыпты. Бала көреді. Көрген баласы—бала емес, салақұлаш жылан болып шығыпты. Оның үстіне ол туыла салысымен жер бауырлап, үйден шығыпты да тоғайға еніп, ғайып болыпты. Ежелден сормаңдай Айсұлу өзінен туған баланың бала емес, жылан екенін, оның тағы кетіп қалғанын көріп, тіпті де қайғыға батыпты. Сөйтіп, өзінің бақытсыздығына бола, бірнеше күн көзінің жасы құрғамапты. Бір күні Айсұлу түс көріпті. Түсінде жылан баласы өзінің қойнында жатқан екен: «Шеше, мен үшін мұнша қайрат шеккеніңіз не? Мені қарғыс атқан. Сондықтан жыланға айналып, туылып отырмын» депті баласы. «Қандай қарғысқа қалып едің?»—деп сұрапты Айсұлу. «Мен бұрын байлығым басымнан асқан адам едім. Сол дүниеден ешқашан да жан пендеге, тіпті ақ сүтін емізген анама да соқыр жармақ ұстатпадым. Байлығым басымнан асып, төгіліп жатса да шешем аштықтан өлді. Менің бұл күнәмді қара жер көтермейді ғой. Сондықтан менің аруағым жыланға айналып, бұл дүниеге қайта келіп, бармағымды тістеп отырмын.....
Ертегілер
Толық