Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық

Жұмыспен қамту бағдарламасы (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары
Сабақтың тақырыбы: Жұмыспен қамту бағдарламасы
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.1. Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі(кесте, диаграмма) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
• Графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсінеді;
• маңызды тұстарды анықтай алады;
• деректерді негізгі ала отырып, мәтін құрайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тұрғын үй саясатының мемлекетік бағдарламасы және оны жүзеге асыру механизмдері

Міне, тәуелсіздік алғанымызға 17 жыл толып отыр. Алайда баспана тапшылығы қазақ жастарының қыр соңынан қалар емес. Халқымыздың саны жөнінен де мақтана алмаймыз. Тәуелсіздігімізді одан әрі баянды ету үшін ең бірінші, халықтың санын өсіруге баса мән беруіміз қажет. Ол үшін президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арзан үйлерді көптеп салып, үйленген әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге қол жеткізсек, тіпті, салынған үйлерді тегін берсекте артық болмайды дер едім.
Сондықтан тұрғын үй саясатының тарихтарына қысқаша тоқталып өтейік.
Тұрғын үй саясатының тарихына қысқаша тоқталып өтейік. 1917 жылғы октябрь революциясынан кейінгі және КСРО-ның өмір сүрген кезеңінде тұрғын үй мәселесін шешудің өртүрлі жолдарын бөліп көрсетуге болады. Бастапқы кезде еңбекші халық түрғын үймен байларға тиесілі түрғын үйлерді кайта бөлу есебінен қамтамасыз етілді. Кейіннен XX ғасырдың отызыншы жылдарында КСРО-да индустриалдық негізде түрғын үй қүрылысы басталды. Алғашқы уақытта барлыгын тегін түрғын үймен қамтамасыз ету ойластырылды. Бірақ азаматтарға түрғын үй бергеннен кейін бірден оған ақы төлеу бойынша белгілі бір пормаланған ставкалар енгізілді, өйткені экономикалық турғыдан толығымен тегін түрғын үй беру ойға қонымсыз еді.
Монымен бірге, тұрғын үймен қамтамасыз ету барлығын тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы үран сақталғандықтан жоспарлы жүйснің бслгілері басым болған аялардың бірі еді. 'Гұрғын үймен тегін қамтамасыз ету социализмнің идеологиялық жалауының бір элементі болды, өйткені ол жалпы халықтық өндірілген өнімді жеке тәртіпте бөлуді көздеген аз ғана аялардың бірі болған еді.
1987 жылы жасалды. Сол жылы "Тұрғын үй — 91" Бағдарламасы
Қабылданған болатын. Ол алғашқы бес жыл ішінде 1987 жылдың
1 қаңтарында кезекте тұрған қалалардағы барлық жанүяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді көздеді.
Ауылда тұрғын үйгс мүқтаждардың әрқайсысы бір жыл ішінде пәтер алуга тиіс болды. Ол сол күйінде орындалусыз қалды.
Тұрғын үйді пайдалануды бөліп тарату аясында тамыр-таныстық пен коррупция жиі көрініс беріп отырды, бұл көп жылдар бойы кезекте
Тұрған мұқтаж азаматтарға тұрғын үй берудің мерзімдерін елеулі түрде ұзартып қана қойған жоқ, сонымен қатар, ол кезектік органдардың беделіне, социалистік әділеттілік сеніміне орасан зор нұқсан келтірді.спсулі түрде үзартып қана қойған жоқ.
Соның салдарынан 6 қыркүйек 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Жарлығы қабылданды (ол
Қазіргі уақытта нарық инфрақүрылымның бірте-бірте өзгеруіне
Және өз рөлін орындап болуына байланысты өзінің заңды күшін
тоқтатты. ҚР перзиденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғын үй мәселелері жайлы мынандай өзекті ой қозғаған «Ендігі бір өзекті міндет-тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспананың болмайынша түтін түтетіп, бала өсіру қиын».
Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдарынан не келетіндігін қазақстандықтарға көрсетсін.
Тұрғын үй құрылысы біздің экономикаларды алға сүйреуші қуатты күш.....
Рефераттар
Толық

Саусақ ойындары бағдарламасы

«Саусақ ойын» бағдарламасының басты мақсаты:
Оқушылардың ойын жаттығулары арқылы қисынды ойлауы мен қолын жазуға дайындау, ойлау қабілетін дамыту.
«Саусақ ойын» бағдарламасының басты міндеттері:
- Жаттау арқылы баланың тілін жетілдіру;
- ойын арқылы зейіндерін шоғырландыру.;
- Аттары ұйқасқан заттарды танып білу;
- Дүниетанымын өсіру.
- Ана тілінде еркін сөйлеуі;
- Қайталама сөздермен сөз өрнегін баулу;
- Тілдік қорды дамыту;
- Қызығушылығын қалыптастырып дамыту;
- Баланың қисынды ойлауы мен есте сақтауын ортаны тез қабылдауын дамыту;.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Перспективалық жоспар
Ересектер тобы
Қыркүйек айы
Өтпелі тақырып «Балабақша»
Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері:
-«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
- «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Әлеуметтану | Мүгедектерді оңалту бағдарламасының паспорты

Кіріспе
Мүгедектік пен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру проблемасы осы облыстық Бағдарлама шеңберіндегі шешуді қажет ететін әлеуметтік маңызды міндеттер болып табылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мүгедектердің өмір сүруіне тең мүмкіншіліктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау көзделді.
Оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыстарының іс-тәжірибесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі іс-шаралар Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментімен әзірленіп бекітілді. Облыс деңгейінде және барлық өңірлерде аталған Заң аясындағы мүгедектерді оңалтудың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің кеңейтілген семинар-кеңестері өткізілді.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту

КІРІСПЕ
Халық қоғамдағы басты күш. Қоғамды дамытушы да, қалыптастырушы да халық болып табылады. Ал, халықтың қоныстануы дегеніміз, егер кең мағынада түсінетін болсақ, бұл қоғамның қалыптасуының кңістіктегі формасы. Халық кез келген мемілекеттің басты байлығы.
Ол мемілекеттің еңбек күштерінің басты бөлігі. Біз оның санына, әлеуметтік, ұлттық мамандығына, жастық – жыныстық жанұя құрамына, білім деңгейіне көз жүгіртетін болсақ, онда әлеуметтік экономикалық саяси, мәдени, ұлттық және демографиялық жағдайын білуге көмектеседі.
Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, халықтың қоныстануы өндіргіш күштердің белгілі бір аумақта шоғырлануы. Ал, халықтар географиясы нысанында бағаласақ, бөлшектеніп жайлануын айтамыз.
Осы ұғымды әр түрлі тұрғыдан кең мағынада бағалау, оны зерттеудің біріншіден жан – жақты болатындығын дәлелдесе, екіншіден, халықтың қоныстануы кез – келген қоғамның табиғи және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі бола алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық