Өндіріс | Мақта дақылының халық шаруашылығы

Өндіріске енгізілген алғы іс-шаралар
1). Егу алдындағы топырақты өңдеу және толық түп сан алу.
2). Егу алдындағы және егіс кезіндегі минералды тыңайтқыштар енгізу.
3). Жоғары қарқынмен жүргізілетін жоңышқалы – мақта жүгерілік ауыспалв егіс.
4). Мал азықтық дақылдарды егіске енгізу.
5). Кең қатар аралықтағы мақта егісі.
6). Мақта тұқымы бір-бірімен бірдей қашықтықта себу.
7). Бір жылдық және көп жылдық арашөптерге қарсы гербицидтер енгізу.
8). Мақтаны жаңбырлатып суару.
9). Жер асты және ашық дренаж суымен қуаңшылық жылдары мақта және ауыспалы егістнгі басқа да дақылдарды суару.
10). Тік дренаж скважинасының тиімділігі.
11). Мақта және жоңышқаның зиянкестеріне қарсы интеграциялық күрес.
12). Механикалық тәсілмен мақтаны шырпу.
13). Мақта жапырағын түсіру үшін дефолианттар қолдану.
14). Мақта зиянкестерімен биологиялық тәсіл арқылы күресу.
15). Мақтаны комбайнмен жинау.
16). 38-40 см тереңдікте екі қабатты жер жырту.
17). 60 см тереңдікке дейін топырақ тереңдеткішімен жер жырту.
18). Дифференциялық сор шаю.
19). Жерді меморациялау.
20). Қысқа танапты жоңышқалы мақта ауыспалы егісі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу

Картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына және түйнекжемістілер тобына жатады. Картопты жерасты туйнекжемісі үшін өсіреді, өндірістік, мал азықтық және тағамдық маңызы зор. Бұл топқа картоптан басқа тағы да күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жер алмұрты немесе топинамбур жатады.
Картоп – адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдардың ішінде дәнді-дақылдардан кейін екінші орын алатын, соған байланысты халық арасында «екінші нан» деген әділ бағасын алған дақыл. Қазақстанда дақылдың егістік көлемі – 180-189 мың га жерді алып жатыр.
Картоптың қоректік, азықтық, техникалық және медициналық маңызы оның түйнегінің химиялық құрамымен байланысты. Оның түйнегінде 12-ден 32%-ға дейін құрғақ заттар болады, көп бөлігі крахмал түріндегі көмірсулар болып келеді.
Индустриялық технологияны енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын едәуір арттырады, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығыны мен қаржыларды күрт кемітеді. Ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі қолданыс аясы кең, үлкен сұранысқа ие картоп дақылы басым бағытқа ие.
Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан Республикасы ауылшаруашы-лығындағы кеңінен тараған, астықтан кейінгі екінші дақылдардың бірі.
Еліміздегі ауа-райы мен топырақ жағдайы картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоптың өнімі тұқымның сапасына байланысты екендігіне көз жеткізген болар едік. Дақылдың өндірісін арттыруда ауылшаруашылығында оның өнімділігі мен сапасын жақсартатын озық технологияларды пайдаланудың практикалық маңызы зор. Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі, сондықтан да көптеген жылдар бойы ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде шығарылған сорттардың тиімділігі оның саапасына да байланысты.
Картоп дақылының тұқым шаруашылығын дамыту, оның өнімі мен сапасын арттырып, республика тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру ауылшаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына қойған көкейкесті мәселелердің бірі. Көптеген тәжiрибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнiмi төмендей бередi. Соған байланысты,биотехнологиялық жаңа әдiстердi пайдаланып, аурулардан сауықтырылған бастапқы материал алу мен оны жеделдетiп көбейтудiң маңызы зор. Жоғарыда айтылғандар негізінде, жасалып отырған жұмыстың мақсаты бастапқы вируссыз микротүйнектерді аз көлемді гидропоника жағдайында алудың оңтайлы жолдарын қарастыру болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері

Сұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 – 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай – ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері – фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина , аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық