Абай 175 жыл. Абайдың тарихи мұралары

Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл, халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.

Шығармалар
Толық

Сатиралық ертегі: Ығай мен Сығайдың өтірік салыстырғаны

Ығай, Сығай деген екі ағайынды туысқан суайт, өтірікші болыпты. Осы екеуін өтірік айтыстыруға ел екі ен-жар болып, жиында өтірік бәсекесіне түсіпті.
Сөзді Ығайға беріпті. Ығай:
– Қой жылы қостап, жылқымен отарға шықтық. Айына алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал талқан азық, көже қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, бір құрт, екі малта беруші еді. Бұл азықты ай сайын алты атан түйемен түсіріп тұрушы еді. Бір күні ауылдан келген азығымды түсіріп алып жатсам, айғыр шаппай, шығып кеткен алты бием желіндеп жүруші еді, бәрі де бошалап кетісіпті.
Тоқпақ жалды торы айғырды жайдақ күйінде жүгенсіз, қақпалап мініп, жүгіртіп келе жатсам, шықпаған шыларжында қорықпайтын қоян жатыр екен. Торы айғырдың үзеңгісіне шіреніп тұрып, тұмағымды алып жіберіп, ұрып ем, күл-топырақ болып, аспанға ұшып кетті. Ұрған жеріме келсем, тұмағымның милығынан келіп, отыз үйрек балапандап, қырық қаз жұмыртқалап қалыпты. Сол күйі басыма кие салдым да, биелерімнің ізімен соғып келе жатсам, тумаған ту серкенің терісінен істеген местегі қымыз көштен түсіп қалыпты. Биелерім аман-түгел табылады екен деп ырым қылдым да, торы айғыр үзеңгі баулап алып, тағы соғып, келе жатырмын. Бір айдын шалқар дарияның жағасына келсем, үрлей, от жанып, сор май шығып, топырақ жанып жатыр екен. .......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Мытбайдың қылығы

Аты Мытбай деген бір ұмытшақ кісі болыпты. Өзі барғанша момын болса керек, қатта бір уақыттарда өзінің де атын ұмытып қалады екен. Және оның үстіне Құдай қосқан қосағы қулау болып, байы момын болған себепті әйелінің көңілі момынға толмағандықтан, оңды-солды жүріп, көңілі сүйген жігіттерімен ойнап-күледі екен. Күндерде бір күн әйелдің жақсы көрер адамы ойнауға кезегі кеп, байын бір жаққа жіберуге амал жасап, байын төркініне жұмсайды. Жіберген жұмысы:
– Көженің тұзын қанша салуды білмедім, бір рет көп болып кетті. Бір рет тұзы татымады, шешемде тұздың өлшеуі бар, барып, сен алып кел, – деп жіберіпті.
Бишара Мытбай еш нәрседен хабары жоқ аңқаулықпен салып отырып, қайнына келеді, қайтарында қайындары:
– Күйеужан, не жұмысқа келген едің? – деп, қызметін сұрағанда, Мытбай келген жұмысын айтады.
– Осындай қызыңыз «Тұздың өлшеуішін алып кел» деп жіберген еді, – деп. Қайындары бұған мазақтап күліп, біраз келемеж қылып, жолға шығарып, қайын енесі айтады:.....
Ертегілер
Толық

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Это важно!

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Өлеңдер
Толық

Липидтің құрылымдық компаненттері. Майдың қызметі жане қасиеті (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Липидтің құрылымдық компаненттері. Майдың қызметі жане қасиеті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.3 майлардың химиялық құрылымы мен қызметтерін сипаттайды
Сабақтың мақсаты: Майды химиялық зат ретінде түсінік қалыптастыру
Липидтердің құрамын, жіктелуін, физикалық химиялық қасиеттерін, олардың биологиялық маңызын зерттеу........
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Абайдың тарихи мұралары

Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл,халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.Небәрі 58 жыл ғұмыр кешсе де, ұзақ ізденістері арқылы халқымызға тәлім-тәрбие беретін, адамның рухын көтеріп, санасын ашатын шығармалары – бүкіл халықтың тарихи мұрасы.
 Ол – лирик, ол- ақын, ол – эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы, бір сырлы аса ірі тұлға. Абай есімі – алға қарай ұмтылу мен әлеуметтік әділдіктің символы. Бұл оның әр ісі мен шығармасынан көрінеді.
Шығармалар
Толық

Бекентайдың батасы

Әуелі Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып Ерен Қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дүшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы Құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.....
Баталар
Толық

Қанжығалы Асаубайдың батасы

Көтер білекті,
Берсін тілекті.
Әуелі қудай оңдасын,
Әжді - әулие қолдасын.
Қызыр менен Қырық шілтен,
Пірің болсын - жолдасың.
Аса да жұртқа барғанда,
Қадірлі болсын өз басың.
Сегіз інген боталап,
Сексен саулық қоздасын.
Сегіз келін қоңдасын,
Сені көздеген душпанды
Бір Алла өзі жондасын.....
Баталар
Толық

Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А-бөлім: Ежелгі Қытай
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің философиялық ілімдері зерттеу, олардың Ежелгі Қытайға, соның ішінде елді біріктірген Цинь Шихуанди императордың билігі кезіндегі ықпалына баға беру
Сабақ мақсаттары: Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру және е желгі Қытайдың дамуына Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің қосқан үлесіне баға беру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық