Тәуелсіздікті сыйға тартқан батырлар

Жарқырай шыққан әрбір күн...
Тәуелсіздік, тәуелсіздік, тәуелсіздік ...
Бұл тақырып, бұл ұғым маған бұрыннан белгілі. Алдын да дәл осы тақырыпқа көптеген шығарма жазғанмын, мінеки, бүгін де жазудамын. Әрине, бұл өлмейтін тақырып болғандықтан, тәуелсіздік туралы үздіксіз жаза беруге болады. Бұл тақырыптың мәнін ашу үшін сонау тарихқа көз жүгірту керек сияқты. «Бүгінгі кезді түсініп-түйсіну үшін өткен кезге көз жүгірту керек», - дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал енді тарихымыздың сарғайған парақтарын ақтарып көрейік: ежелден біздің атабабаларымыз ешкімге соқтықпай жай жатқан ел еді, дегенмен жеріне жау тисе, найзасының ұшына үкі тағып, ешкімге басындырмайтын ел болды. Ұлдарын құл, қыздарын күң етпеген халық болды. Айталық, сан ғасырлық тарихымызда ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған азаматтарымыз көп болды. Олар шырылдап шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша, жаумен соғысып, бізге осы Тәуелсіздікті сыйға тартты емес пе?! Мен білетін – Күлтегін мен Тоныкөк.
Олар – батыр, қолбасшы. Өздерін бала кезден жауынгер ретінде танытты. Күлтегін бала жастан сарбаздар қатарында тұрған. Былай ойлап қарасақ, бала деген он жасында доп қуып жүреді емес пе, ал Күлтегін сол жаста ел қамын ойлап, ат үстіне қонған батырлардың басшысы болды. Осының бәрі біздің еркіндігіміз, біздің болашағымыз үшін еді. Күлтегін өз жерін ерлігімен, батырлығымен қорғаса, Тоныкөк өзінің даналығымен қорғады. Осы екі тұлға «қазақ жері» деген қайнар бұлақтың басын ашып кеткендер! Ал Тұмар патшайым. Ол туралы сөз бөлек. Шашын төбесіне түйіп, қыз да болса, батыр жүрегімен «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат!.. – деп шырылдап, өз Отанын қорғай білген батырларымыздың бірі......
Шығармалар
Толық