Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 10.2.2.6 айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану;
10.2.2.7 айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық және динамикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтарын салыстыра біледі.
∑_(i=1)^n▒〖F 〗i=0 шарты кезінде кез келген үдемелі ілгерілемелі қозғалыс болмайтындығын;
∑_(i=1)^n▒〖M 〗i=0 шарты кезінде оның үдемелі айналмалы қозғалысы болмайтынын түсінеді.
Оқушылардың көбі: айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолданады;
Оқушылардың кейбірі: Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін түрлендіреді және есеп шығаруды жақсы меңгереді......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық