Сатиралық ертегі: Екі еріншек

Бір уақытта Итаяқ деген кәрі шал болған екен һәм мұның Шүйке деген кемпірі болыпты. Бұлардың бір жалғыз сиыры бар екен. Бұл сиырдың кәрілігі иелерінің кәрілігіндей екен.
Қаңтардың шақырлап тұрған аяз күні:
– Сиырға шөп сал, – деп, шал кемпіріне бұйрық қылды. Кемпір бұған бұлайша деп жауап берді:
– Кет арман, егер де тілесең, өзің бер. Мұндай суық күні шөптің үстінен қар күреп, сиырға шөп салып, азаптанбаймын, сен білмейсің бе. Сенің бұйрығыңды орнына бажай келтіруге үлпілдеп тұрған жас емеспін ғой, – дейді. Шал айтты:
– Сен бармағанда, мен барам ба? Алла тағала менен Мұхамед пайғамбарымның бұйырғаны бойынша өле-өлгеніңше мен неге бұйырсам, соған көнсең керек, – дейді. Шығуға аяздан қорқып, екеуі көп таласты. Ақырында, екеуі бұлайша деп, уағда қылды:
– Егерде қай бұрын сөйлегеніміз сиырға шөп салайық, – дейді. Кемпір шалды амалменен сөйлетуге ойлады. Бұл себептен кемпір бір күлдіргіш қу адамға барып:.....
Ертегілер
Толық

Еріншектің ертеңі бітпес № 7 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Еріншектің ертеңі бітпес № 7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну
3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы:
Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ойын анықтайды
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіндегі оқиғаға қатысты өз пікірін дәлелдейді, ойын еркін жеткізеді.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Еріншек

Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.
Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да.....

Ертегілер
Толық

Өзін-өзі тану | Еңбекқорлық пен еріншектік

Пәні: Өзін-өзі тану
Сыныбы: 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
Дамытушылық: еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық