Жаман туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 393
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 69
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 93
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Шығармалар: 1
Аңыздар: 1

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.Атадан өнеге алмаған ұл жаман.
©  Қорқыт ата
Не жаман?
Біріншіден не жаман?Білімсіз болған ұл жаман.Екіншіде не жаман?Ананың тілін алмаған,Қасарысқан қыз жаман.Үшіншіде не жаман?Үш жерінен буғызып,Көрге..
©  Ақтан Керейұлы
Жақсы мен жаман
Біреудің аспанда жүр даражасы,Біреудің көкте қолы, жерде басы.Жақсының жаман менен айырмасы —-Ойласаң, жер мен көктің екі арасы.Жігітке ақыл — пана..
©  Біржан сал
Жаман әйелдің сипаты
Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.Кетеді таң..
©  Ақан Сері
Тілек
«Ауру - сырқау айналып,Елдің құты қашсын!» - дер.Әлпештеген біреудіңЖаңа түскен келінін -«Қара албасты бассын!» дер.«Әулиеге ат айтып,Қорасанға қой..
©  Базар Оңдасұлы
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалды.Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалды. 
©  Мөңке би
Жақсы, жаман адам туралы
Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.Жақсымын деп момынның малын жеме,Жаман адам сол болар, мақұл деме.Жақсыны алыс..
©  Шал Құлекеұлы
Келін жақсы болса
Келін жақсы болса,Үйіңе көп кісі келеді.Келін жаман болса,Келген кісі кеткісі келеді.Ас құй десең, төккісі келеді,Төкпей құй десең, сөккісі келеді.
©  Шал Құлекеұлы
Жақсылар жаман болып шықты бүгін
Жақсылар жаман болып шықты бүгін.Тұнжырап тұрып алды бұлтты күнім.Әулие дегендерім арамза екен,салды ма біздің елге жұт құрығын?Айналды жын-ойнаққа..
©  Фариза Оңғарсынова
ҚЫЗЫЛ ЕТІК НЕМЕСЕ «АДАМ ТУА ЖАМАН ЕМЕС, ЖҮРЕ ЖАМАН»
(Юморлық әңгіме)
       Алғашқысында: «Туған күн кешінің ашылу салтанаты үшін, мұны ішпегендер менің бұл..
©  Әбдінағым Көшер
Абай: Жақсы менен жаманды айырмаудың басы...
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
 
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
 
Жақсы менен жаманды айырмадың,
 
Бірі қан, бірі май боп..
©  Нұрхалық Абдырақын
Жаман болса әйелің – арманда өтер өмірің,Артылғандай есекке. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Алғаның жаман жолықса:Үйіңнің іші шаң болар,Ісіңнің бәрі қам болар.Сол әлімен тұрмайды,Киім таңдап паң болар.Әңгіме, жаңжал қоздырар,Өзгеден өзін..
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,Тар қылады заманын.Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,Ұшқыр қылар шабанын. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Өңкей жаман қосылса — шығарады егесті,Мәмілемен іс бітер, бас қосып қалса көп есті. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жақсыға айтқан сөзiң ем болады,Ақылы надандардың кем болады.Жамандарға насихат айтқан сөзiң,Жаңғырыққан шорменен тең болады. 
©  Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаманға сөз қатпағанның өзi ­ жауап.
Жалпы адамды «жақсы», «жаман» деп бөлуге болмайды. Жаман деген түсінік –..
©  Гүлтас Құрманбай
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманның жалаңдаған тілі жау. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаман туған бар болса, жақсы жолдас зар болса – жазаны сонда көрерсің. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз,Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жақсының жақсылығы сол болар – жаманменен қосылып сөйлемекке ар етер, жаманның жамандығы сол болар – сөйлесе бетін қара етер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жақсы да келер бұл көпке, жаман да келер бұл көпке. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы
Жаманға беліңді шешіп иланба – илантып тұрып өлтірер. 
©  Шалкиіз Тіленшіұлы