Би туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 33
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 77
Нақыл сөздер: 10
Баталар: 3
Туындылар: 2
Әңгімелер: 16
Ертегілер: 2
Шығармалар: 7
Аңыздар: 22

Нар
Бала кезімде біздің рудан Нар дейтін би шығыпты. Ол кісіні мен өз көзіммен көрдім де, сырықтай тіп-тік, шойындай қап-қара, орақ мұрын, салпақ ерін..
©  Бауыржан Момышұлы
Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.
©  Міржақып Дулатұлы
Бекболат биге
Мен пайғамбардан бастасам,
Әңгімеге кетермін.
Едігеден бастасам,
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам,
Сөз түбіне жетермін.
Енді сізге не..
©  Үмбетей Жырау
Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.
Би қылма, би түсетін үй қыл.
Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.
Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.
Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.
Батыр деген Барақ ит болар,
Екі қатынның бірі табатұғын.
Би деген ақсары ат болар,
Айында біреу табатұғын.
Барма ханға,
Өзі келер малға.
Барма биге,
Өзі келер үйге.
Әділ билер болса құп,
Залым билерде иман жоқ.
Азған елге би болма,
Арыған атқа басаубіл болма.
Атадан бата алмай, үй болмас,
Ордадан үлгі алмай, би болмас.
Биің алаң болса,
Жұртың ылаң болар.
Бұқа жоқта баспақ – би.
Сіздікіне барғанда,
Қымыз ішсін, ми жесін:
Біздікіне келгенде –
Әндетсін де билесін.
Билей білмейтін кемпір,
Бұрылуға жер тар дейді.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.
Хан азарында қарашысымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.
Хан - қазық,
Би - тоқпақ.
Жаманнан би қойма - кесім салады,
Залымнан қарыз алма - өсім салады.
Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.
Дауды шешен бітірмейді, би бітіреді.
Ханнан қазық, биден тоқпақ.
Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.