Хайуан туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 2
Өлеңдер: 6
Нақыл сөздер: 6
Ертегілер: 1

Аузына келгенін сөйлеу – ақымақтың ісі,Алдына келгенін жеу – хайуанның ісі
©  Самет Оқанұлы
Бүгін өлердей тойып, ертеңінде аш жүретін адам – адамнан көрі хайуанға көбірек ұқсайды.
©  Жәди Шәкенұлы
Түсінде хайуан, жыртқыш, жаман нәрселерден көрсе— сақтансын.
©  Түс жору
Оттаған хайуаннан...
Оттаған хайуаннан,Аң-құстан қозғалған,Күн кешкен адамнан,Ішіп-жеп мәз болған,Әр жерді үй қылған,Жәндіктен жиналған,Бәрінің артындаБайқасаң, қи..
©  Ақылбек Шаяхмет
Керемет бір хайуан керек
Бұрын «Ара» ара болатын,Шаққан жері жара болатын.«Арада» сыналған жанныңАуызы қан, дала болатын.Өйткені, сыналған «дөкей»,Біреулерге болғанымен..
©  Абдрахман Асылбек
Адам мен хайуан
Бұл адам өмірге не үшін келеді?Өмірдің өрісін, кеңісін көреді.Тамаша табиғат тынысын аялап,Тәңірдің бұйырған жемісін тереді.Алдынан ашылып арайлы нұр..
©  Абдрахман Асылбек
Жыл басына таласқан хайуанаттар
(Ертегі)Қыс ақ тонын тастады,Табиғат та түледі.Қайта соға бастады,Жер-Ананың жүрегі.Жарды міне, бүр шыбық,Көк те қаулап бой алды.Қалғып кеткен..
©  Қуат Адис
Арсыздан хайуан артық.
©  Естеу ЖҮНІС
Намазы жоқ адам хайуан қай жері кем, онда тамақ жеп ұйықтайды анау да...
©  Нұрхалық Абдырақын
Егерде ана дүниеге сенбесек, хайуан сияқты өмір сүрер едік.
©  Омар Жәлел
Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.
©  Әлихан Бөкейханов
Хайуанды қамшымен ғана өріске апарасың! 
©  Гераклит
Хайуан мен ақымақтар
Бір Құдай неше түрлі жан жаратты,Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.
Бұл сөзге..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Піл мен қанден
(И. А. Крыловтан)
Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.Көрсеткелі ап жүрген жануардыТамашалап, артынан жұрт боп..
©  Абай Құнанбаев
Ала қойлар
(И. А. Крыловтан)
Бір таудағы хайуанды бір арыстанБилеген патшасы екен әуел бастан.Әділ атақ алмақшы ниеті бар,Ешкімді ауыртпастан..
©  Абай Құнанбаев
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.
©  Абай Құнанбаев