Тіл туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 6
Мақал-мәтелдер: 363
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 26
Өлеңдер: 251
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 209
Құттықтау, тілектер: 5
Туындылар: 5
Әңгімелер: 30
Ертегілер: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар: 15
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 12

Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.
Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.
Тілге шешен,
Іске мешел.
Тілменен тікен алып болмас.
Ақындар қайда сөз сонда,
Сұлулар қайда наз сонда.
Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.
Ақ сөз ащы болады,
Ғайбат сөз тәтті болады.
Күнде бір сөз есітпесең
Құлағың қалқандай болады.
Айтар нақылы жоқтың,
Табар ақылы жоқ.
Су сағасы — бұлақ,
Сөз сағасы — құлақ.
Татуға — тіл,
Сұлуға — сүт.
Ашынған тілді болады.
Ішімдегінің бәрі — тілімде,
Тілімдегінің бәрі — түрімде.
Жылы киім — тәнді жылытар,
Жылы сөз — жанды жылытар.
Шайқап сөйлесе,
Алды-артыңды байқап сөйле.
Сөз шындықты табар.
Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.
Жақсы сөз — жарым ырыс.
Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!
Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.
Сөз жүйесін тапса —
Мал иесін табар.
Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.
Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.
Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.
Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.