Дастарханға туралы Баталар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Баталар: 11

Қысқа ас батасын беру
Құдай жарылқасын,
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын!
Айдан аман,
Жылдан есен қылып,
Үйдегі, түздегі,
Мал басты,
Аман қылсын!
Аллаһу ақбар!
Дастарханға әдемі бата
Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Жорытқанның жолын бер.
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың..
Дастархан батасы
Бір құдайым оңдасын,
Оң жолыңа бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын!
Үміт артқан ұл қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Аумин!
Дастарқан батасы
Жарылқа, құдай, қабыл ет!
Жарылқаудың қамын ет!
Бай ет, мамыр ет,
Батамды мұстажап ет!
Құдайдан не тілесе,
Соны әзір ет!
Құдай тағала, мұның..
Дастархан батасы
Үйге қонақ келсе қуанып, өте қадірлі қонақтарға тай сойып, қонақасы беріліп, аттандыру дәстүрге айналған. Ал қой, тоқты сою бұрыннан қалыптасқан..
Соқыр Абыздың батасы
Бай бол, барша мұратыңа жет,
Үбірлі-шүбірлі бол.
Қобыландыдай немере ұлың болсын,
Құртқадай ақылды қызың болсын.
«Қырықтың бірі – Қыдыр»..
Ахмет Байтұрсыновтың асқа берген батасы
Құдайым жарылқасын, бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет!
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын!
Тілеген тілегіңді..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Асқа бата беру
Құдай жарылқасын,
Бай қылсын.
Бақ қарасын,
Қыдыр дарысын.
Әулие дарысын,
Әруақ жебесін!

Дастарханға береке берсін,
Ерге дәулет..
Райымбек батырдың төртінші ұрпағы Ақбиев Досжан ақсақалдың батасы
Халқымды даласымен сақтасын,
Жігітті панасымен сақтасын.
Жаманды анасымен сақтасын,
Адамды өз бағасымен сақтасын.
Елдігіміз нығайып..
Төле би бабамыздың Қойгелді батырға берген батасы
Жүрген жерің жаз болсын,
Айдыныңа қаз қонсын.
Ұйқың-күлкің аз болсын,
Мерейің мақтанып,
Елің-жұртың мәз болсын.
Жая берген жапырақ,
Атсын таңың..
Дастарханға берілетін бата
Дастарханға берілетін бата:
Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш..