Бөлім: «Баталар»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Сәбиге арналған бата
Көтерейік білекті,
Нұрға бөлеп жүректі.Бөбекке бата берейік,Ағынан айтып тілекті:Сәбиіміз сүйкімді болсын,Өнер-білімге икемді болсын,Бәйтеректей..
Мұсылманша бата беру
Әумин десең маған,Құдай берсін саған!Оң жағыңа қарасаң,Алтыннан қақпа орнасын!Сол жағыңа қарасаң,Күмістен кақпа орнасын!Еш жамандық болмасын,Аман..
Бата дастарханға
Бата десең берейін:Үстем болсын мерейің!Ықыласпен қол жайсаң,Ақ тілекті төгейін.Дастарқаның мол болсын,Абыройың зор болсын!Көк жайлауды жайласаң,Тай..
Дастарқанға арналған бата
Соғым шүйгін болсын,Қазаның тоқ болсын.Уайымың жоқ болсын.Дастарқандарың кең болсын!Бала-шағаң ер болсын!Бізге бергеннің есесінАлла қосып, тең..
Асқа бата
Я, Тәңірі — құдірет,Мал-бастарын аман ет.Басына бер мол бақыт,Асына бер берекет,Өмір-жасын ұзақ ет.Ауру-дерттен аман ет.Ұрпақтарын асыл..
Қысқа бата жаттау
Уа, Құдайым қолдасын,Алдың береке,Артың мереке болсын!Бақ дәулетің шашылып жатсын,Қазаның асылып жатсын.Үйің қонақтан арылмасын,Құдайым..
Қысқаша бата
Дастарқаның тоқ болсын,Уайым-қайғың жоқ болсын!Бақ-дәулет берсін бастарыңа,Ғұмыр берсін жастарыңа!Пәле-жала, жын-шайтанЖоламасын қастарыңа!Аллаһу..
Дастарқанға бата
Асың, асың, асыңа,Береке берсін басыңа.Қырғауылдай жорғалап,Қыдыр деген жарықтықӨзі келсін қасыңа.Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,Бозторғайдай төлшіл..
Жеңіл бата
Дастарқандарыңа береке берсін,Бастарыңа мереке берсін.Астарыңа адалдық берсін.Бастарыңа амандық берсін.
Ағайынға бата
Ханның тақытын берсін,Игі жақсының бақытын берсін,Батырдың жүрегін берсін,Балуанның білегін берсін,Бидің әділ төресін берсін,Кәрінің ақыл-кеңесін..
Ағайын
Құдай пейіл тарылтпасын,Қуаныштан арылтпасын.Халқым ешбір қамықпасын,Қасиеті шарықтасын.Әумин
Ағайынға арналған бата
Ағайының ала болмасын,Ақыл-ойы шала болмасын,Татулығы шырақ болсын,Табыстары бұлақ болсын.Бірлігіне біте түспесін,Тірлігіне түте..
Ораза батасы
Оразан қабыл болсын мұсылмандар.Ниетін Жаратқанға ұсынғандар.Алладан тілектерің қабыл болып,Ойдағы орындалсын бар армандар.Оразан қабыл болсын..
Жарапазан батасы
Балалардың мінгені,Жорға-жорға тай болсын.Жорғалатып келгенде,Байдың көңілі жай болсын.
Ай жағыңа қарасаң,Алтыннан терек орнасын.Күн жағыңа..
Жарамазан батасы
Үйіңіздің артында шатыр болсын,Балаңыздың үлкені батыр болсын.Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,Балаңның батырлығы татыр болсын!
Айтайын жарапазан..
Халыққа
Сұрақ: Сіз қазақ елінің белгілі тұлғасы ретінде болашаққа аманаттап қандай хат қалдырар едіңіз?
– Менің ең басты арманым – елімнің..
©  Асылы Осман
Құрбан айт мерекелері құтты болсын
А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ-береке орнасын. Дұшпаның үстем болмасын, Маңың үбірлі-шүбірлі болсын. Келген ырыс..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Дастархан батасы
А,құдайым оңдасын!Оңдағанның белгісі:Мың саулығың қоздасын!Сексен інген боталап,Сегіз келін қомдасын!Тіленшінің биесін берсін!Үйсін, Қоңырат түйесін..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Келінге әдемі бата
Отша лаула, сөнбегін,Еш жамандық көрмегін.Қосағыңмен қоса ағар,Құтты болсын қадамың,Келін болдың, қарағым.Салтын ұста, ардақта,Үлкен..
Қыз ұзату тойына ерекше бата
Айжанымыз ақ босағасынан ұзатылып, Мағжан есімді өзінің өмірлік серігін тапты. Жас жұбайларға қашанда жандарыңа жақсылық серік болсын, өмір өткелінен..
Қыз ұзату тойға әдемі бата
Адамның бір қызығы бала деген,
Баласыз көңіл шіркін толар ма екен.
Дүбірлі той жасамай баласына,
Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен.

Құтты..
Қыз ұзату тойға бата тілек
Өмірдің өрлеп шықсын белесіне,
Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де,
Бір үйдің әлпештеген еркесі екен,
Ата менен сыйлы болсын енесіне.

Үлкенді..
Қыз ұзату тойы
Алтынымыз мақтанар,
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен..
Қыз ұзату тойына бата
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Сәбиге ақ бата
Қуаныш қайырлы болсын,
Жастар абыройлы болсын.
Уайымдары жоқ болсын,
Көңілдері тоқ болсын,
Адал еңбек арқасында
Табыстары мол..