Ақыл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 323
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 196
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 258
Баталар: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

Кейбір ғалымдардың бастары толы ми, ми толы ақыл. Әттең, со ақылды айта алар тіл жоқ. 
©  Ғабит Мүсірепов
Кейде ақынның балалығына таңғаларсың, кейде ақынның даналығына таңғаларсың. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ақша қажет болса бөтен адамдардан сұра, ақыл керек болса досыңмен сырлас, ал саған ештеңе қажет болмаса туыстарыңа бар. 
©  Марк Твен
Батылдық - қорқыныштың жоқтығы емес, ол өз бойыңыздаңы қорқынышты өзіңіз басқару, соны ақылмен шешу. 
©  Марк Твен
Адамның ақылы – ең ғажайып зат. Ол бірдің емес, бүкіл елдің сөзін сөйлесе де, ең соңғы минутқа дейін жұмыс жасайды. 
©  Марк Твен
Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. 
©  Әлішер Науаи
Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай алмайсың. 
©  Махмұд Қашқари
Адамнан үш қасиетті іздеңіз: ақыл, қуат және адалдық. Егер оның соңғы ерекшелігі болмаса, қалған екеуі туралы да алаңдамаңыз.
©  Уоррен Баффет
Ақыл - білімге бастар жол. 
©  Құтып
Асығыстық - ақылдының ісі емес. 
©  Құтып
Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге..
©  Дейл Карнеги
Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді. 
©  Майқы би
Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең. 
©  Майқы би
Қошамет ақымақтардың сусыны дейдi. Дегенмен қаншама ақылды адамдар ауық-ауық онымен сусындаудан қашпас едi.
 
©  Джонатан Свифт
Ақыл — ерден жеңiл аударып тастауға болатын аттылы адам сияқты. 
©  Джонатан Свифт
Кеше мен əлемді өзгертуге тырысатын "өте ақылды" адам едім. Ал бүгін өзімді өзгертуге жұмыс жасайтын қарапайым адамға айналдым. 
©  Жалаладдин Руми
Ақылды болғың келсе, парасатты сұрақ қоюды, мұқият тыңдауды, сабырмен жауап беруді және айтар ештеңең болмағанда сөйлеуді доғаруды үйрен. 
©  Иоганн Лафатер
Ақылдың аз бөлiгi ғана қажығандықтан алжиды, олардың көпшiлiгi қолданылмағандықтан тозады. 
©  Кристиан Боуви
Ақылмен ұштасқан ерлік ерліксіз жеке ақылдан гөрі көбірек көмектеседі.
©  Люк де Копье Вовенарг
Махаббат деген – ақылыңыз бен ойыңыздың, жаныңыз бен қызығушылығыңыздың бір арнада тоғысуы. Сондықтан ол ең әйгілі сезім. 
©  Александр Куприн
Үнсіздік-ақылдың Елесі.
©  Леонид Сухоруков
Неге поэзия – тек сезімнің, ал ғылым – тек зерделіліктің көрінісі болуға тиіс? Ақылсыз адам шығарған өлең жолдары нақылға айналмайтыны хақ. 
©  Олжас Сүлейменов
Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық. 
©  Михаил Литвак
Сұлу қызға - той керек, асылдарға - ой керек. 
©  Шернияз Жарылғасұлы
Ақылың астам болғанмен, ойласпай етпе ісіңді.Пішкен тоның кеңеспен, көрінер көзге пішіңді. 
©  Тұрмағамбет Ізтілеуұлы