Ақыл туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 323
Тақпақтар: 18
Өлеңдер: 196
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 258
Баталар: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 18
Ертегілер: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 4
Эсселер: 1

Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.
 
©  Саиф Сараи
Ақылды - көптің көңілін аулар, күншіл - жоқты даулар.
 
©  Саиф Сараи
Ақылды орнымен сөйлер де жауабын күтер.
 
©  Саиф Сараи
Таза ақыл мен жаңа идеялар – бұл табыстың өсуі үшін ең құнарлы негіз, ал Шабыт-табысты бизнес үшін ең жақсы мотивация.
©  Дэвид Рокфеллер
Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі - өткен істі қумаса. 
©  Асан қайғы
Адамның кешеден гөрі ертең ақылды болуына ештеңе кедергі болмайды.
©  Петр Капица
Білім— ақылдың ажар-көркі деп босқа айтылмаған. 
©  Қабуснама
Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адамды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл-ойдың бір нәрсеге талпынуы өмірбақи тұрмысты нығайтуға..
©  Гиппократ
Аз да болса өз ақылың болсын
 
©  Максим Горький
Еңбек – ақыл мен мәдениеттің бүкіл адам баласына ортақ мерекесіне апаратын тура жол.
 
©  Максим Горький
Сөйлеуді үйренгенің - өскенің. Үндемеуді үйренгенің - ақылыңның кіргені.
 
©  Бернард Шоу
Ақылды адам өмірге бейімделуге тырысады, ал ақылсыз өмірді өзіне бейімдегісі келеді.
 
©  Бернард Шоу
Керенау ақылда әзілге орын жоқ. 
©  Уильям Шекспир
Достың ақыл-кеңесі — жауларға қарсы ең жақсы сүйеніш. 
©  Уильям Шекспир
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау..
©  Төле би
Бай болғаннан гөрі, ақылды болыңдар. Байлықтан айрылсаң да, ақыл өзіңде қалады. 
©  Эзоп
Ақыл үйрету мен ақылды болу — мүлде бөлек нәрселер. 
©  Георг Лихтенберг
Көптеген адамдар жақсы сөздер айта алады, бірақ өте аз адамдар тыңдай алады, өйткені бұл ақыл-ойдың күшін қажет етеді.
©  Рабиндранат Тагор
Жігіттер күн болды ойланарлық...Асыл сол ақыл, білім бойда барлық. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Арлы, ақылды адам қиянат, зорлық жасамайды, өзімшілдік пен мақтанды сүймейді. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек,Нәпсі ұнаса болғаны - бәрі бітпек.Тәуекел деп ат қойып ықтималға,Байлауы жоқ нәрседен пайда күткен. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Кім өзін құрметтесе, сол – бақытсыз, бірақ оның есесіне өзіне әбден көңілі тоқ адам – ақылсыз. 
©  Ги де Мопассан
Ақылды адамға ең ауыр жаза - мақтай беру, мақтай беру 
©  Ғабит Мүсірепов