Еңбек туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 295
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 46
Өлеңдер: 131
Жаңылтпаштар: 8
Нақыл сөздер: 148
Құттықтау, тілектер: 33
Туындылар: 3
Әңгімелер: 19
Ертегілер: 2
Поэмалар: 1
Шығармалар: 6
Эсселер: 5

Адам баласы еңбексіз өлікке айналады
 
©  Бернард Шоу
Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз.
 
©  Бернард Шоу
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету. 
©  Уильям Шекспир
Икеміңе қарай еңбек ет. 
©  Уильям Шекспир
Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық. 
©  Эзоп
Адам үшін ең алтын қазына — еңбек ете білу. 
©  Эзоп
Адам естіп-білгені арқылы ғана жетілмейді, еңбек пен іс-әрекет үстінде қалыптасады. 
©  Альберт Эйнштейн
Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Құмарың - бір, ісің - көп болсын. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қиянат қылма адамға - таза еңбек істе заманға. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адал еңбек еткен ел-жұрттың - көңілі шат. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Әркім өзінің еккенін орады. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Соғыстың қажеті жоқ, қажеті жоқ... Оның орнына жұмыс істеп, ойланып, ізденейік. Ең үлкен жеңіс – бұл еңбектің жемісін көру. Ал соғыс ..
©  Ги де Мопассан
Асылы, адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді. 
©  Ғабит Мүсірепов
Еңбек бізге атақ, даңқ әперетін ерлік мағынасын тапты. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ескірген еңбекті жұрттан бұрын жазушының өзі сезуге тиіс. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ауыр еңбек – сіз жасау керек болған, сіз жасамаған жеңіл жұмыстарды жинап алу. 
©  Джон Максвелл
Мен 26 жыл бойы лотерея билетін сатып алып келемін, әлі бір де бір рет ұтқан жоқпын, тіпті 3 дәрежелі ұтысқа да жеткем жоқ. Бұл дегеніміз адам..
©  Джек Ма
Дем алу үшін - алдымен еңбек ету керек. 
©  Құтып
Кемеңгерлік-1 пайыз шабыт және 99 пайыз еңбектен тұрады. 
©  Томас Эдисон
Данышпандықтың құпиясы қарапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық. 
©  Томас Эдисон
Өмірде еш нәрседен жүрексінбей сүңгіңіз. Ол сізді алдамайды. Өмір керемет картиналары, мыңдаған бөлмесі, жарқырағын жарығы, ақылды, әсем, биязы..
©  Александр Куприн